Сынып: 8 Сынып жетекші: Қабланова Э



бет9/9
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#130976
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тәрбие сағаты

Тоқым – аттың арқасына, ер батпас үшін салынатын нәрсе. Киізден сырылып, айнала жиегін шұға, барқыт сияқты маталармен көмкеріп жасайды.

  • Құйысқан– өмілдірік сияқты ер-тұрманның көне замандардан келе жатқан жабдығы. Салт атты адам еңіске жүргенде, таудан түскенде ер аттың мойнына кетпес үшін тағылатын тұрман.

  • Үзеңгі – атқа міну үшін қолданылатын және аяқтың талмауы үшін жасалған жабдық.

  • Үзеңгілік– үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік. Үзеңгілік екі қапталдың астыңғы шетін ала тесіледі.

  • Тебінгі – атқа үзеңгі тимес үшін және киім ат терімен бүлінбес үшін тоқымға жалғасатын әбзел.

  • Шылбыр – жылқы ноқтасына тағылатын берік еспе бау.

  • Ат-әбзелдері – атқа міну және жегу үшін пайдаланатын ер-тұрмандары мен жабдықтары.

  • Ер-тұрман – салт мінетін ат тұрманының жалпы атауы

    6 оқушы:
    Жылқының бір жылдық ауа – райын болжайтын қасиеті де бар. Сәуір айында жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады. Жылқы басын көп шұғыса, келер қыс жайсыз болады. Ата — бабамыз қымызы бал, еті дертке дауа, мінсе ер қанаты болған Қамбар ата тұқымын осындай көреген жаратылысы, сезімталдығы үшін де ерекше пір тұтқан.
    Жүргізуші: Сарапшыларға сөз кезегі беріледі, Мадақтау, марапаттау.
    Мұғалім:
    Бәйгенің бірден – бір шарты атты баптап қосу. Атты атабегілер баптайды. Қазақта «ат шаппайды, бап шабады» деген сөз бар. Бәйгенің негізгі түрлері: тай, құнан, дөнен, жорға жарыс. Атқұмар бапкерлер шаңтимес жүйріктерін адамша қастерлейді, кірлі қолмен ұстамайды. Атты баптау ұқыптылықты талап етеді. дегендей бүгін оза шауып келген топты құттықтап, осындай елімізді, жерімізді қорғайтын батыр ұлдарымыз өсіп келе жатқандығын көру қандай тамаша. Бүгінгі сабақтан көп ой түйіп, білгендерің көп болды деп ойлаймын. Қош сау болыңыздар!

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет