Жүргізуші: 5 кезең -Ұлттық ойындарды көрсету Теңге ілу. Теңге ілу — ержігіт сайысына ұқсас қазақтың ұлттық ат спортына жататын ертеден келе жатқан ойындарының бірі. Теңге ілу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Желіп келе жатқан аттың үстіне отырып желісін баяулатпастан төменге тез иіліп сол және оң жағынан орамалмен оралған теңгені көтеріп, артына тастап отыруы керек.
. Ноқта – атты бұлтарыссыз, тырп еткізбей, толық және түпкілікті бағындыратын жүгенге қарағанда құрылысы қарапайым жабдық түрі.
Жүген – ауыздық, екі сулық, екі шаужай, тізгін, шылбыр, екі жақтау, кеңсірік, екі сағалдырық, желкелік, милық деп аталатын жабдықтардан тұрады. Жүген– атты басқаруға, асауды үйретуге, адамның ырқына көндіріуге арналған әбзел. Адамзат жылқыны алғаш қолға үйрету кезеңінде шыққан ер-тұрман жабдықтарының ең алғашқысы деп айтуға болады.
Терлік – тоқымның астына салу үшін қойдың жабағы жүнінен жасалады. Шеттерін былғары болмаса матамен көмкереді. Терлік өз атына сай тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.
Өмілдірік – ер-тұрманның ең бір күрделі және маңызды жабдығы.Тауға шыққанда тоқым ат арқасынан кейін сырғымау, ерттеген жерінен қозғалмау үшін істелген жабдық-құрал.