Сынып: 9 «Ә» Сынып жетекшісі: Махсұтқызы Н. Ақтөбе 2022ж Күні



бет2/2
Дата21.05.2022
өлшемі21,55 Kb.
#144330
1   2
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты

«Өз ойыңды білдір»
Тақырыптың мақсатын түсіндіру.
Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
– Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
– Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
«Жаныңда жүр жақсы адам.......»
Сонымен, рақметке лайықты кімдер?
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген,толғатқан.(Радмила)

Әкеге айтам мың алғыс!


Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген,жұбатқан.(Адильбек)

Ұстазға ұлы рахмет!


Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұндасқан.(Анелья)

Сол жанға айтам мың алғыс!


Сезімі үшін жылытқан.
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.(Даниал)

Қазаққа дархан рахмет!


Салт-санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.(Сабина)

«Мағынасын аш »
1.Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.
2. Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.
3.Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.
4.Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.
5.Ел алғысын алсаң,
Елеулісі боларсың.

Қарақат Әбілдина «Алғыс» әні.
Әуелі өлшем-Тәңіріме алғысым,
Мәуе берсем-Тамырыма алғысым.
Күнге алғысым-шапағына баяндым,
Гүлге алғысым-жұпарынан ояндым!(Дильназ)
Анаға алғыс-ақ сүтінен күш алдым,
Атаға алғыс-қабағында сұсы Ардың!
Жеріме алғыс-Алтай,Арқа,байтағым,
Еліме алғыс-Елтаңба,Ұран,Байрағым!(Жантуар)
Досқа да алғыс-жау ішінде қалмадым,
Қасқа да алғыс-шайналса да бармағым.
Құранға алғыс-имани шарт -қорғаным,
Тұранға алғыс-жалғасы-Алтын Орданың!(Малика)
Алғыс айтсын бауырымдағы бар ұлыс,
Алғыс алмай еткен ісім-жарым іс.
Алғыс деген-Абыл деген сөз-ау бір,
Қарғыс деген-Қабыл деген сөз-ау кір.(Алишер)

Алғыс айтам кіріп тұрып әр үйге,


Алғыс,алғыс-қарияға,сәбиге.
Қазақты Алла алқап тұр ғой,сонан соң
Елден алған алғыс шығар,әрине…(Назым)

Алғыс деген,алғыс деген сөз ұлы ә?


Махаббатқа алғыс-Баян-Қозыға.
Болашаққа Алтын тастап кете алман,
Елден алған Алғыс-солар қазына.(Арсен)

Жаңбырменен Жер көгерді,енді,өлмен,


Батаменен Ер көгерді,дем берген.
Бір сөмке алтын керек емес, адамдар,
Бір сәтке алғыс естиінші,сендерден(Ақниет)

«Жұмбақтарды шеш»


1. Шаңырақ – күн,
Уықтары – нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас – деп, Қазақстан! (Елтаңба)
2. Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
3. Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке – шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
4. Егіз қайың,
Бой – бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес – бестен. (Қол)
5. Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты…,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)

Қорытынды


«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.
– Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет