I Бөлім:топтың аты: «Самға». Топ ұраны: «Самға алға,
Қанатың талма!»
Барысы: Тренинг: Атом молекула.
Данияр Маратұлы Елеусінов (1991 жылы 13 наурызда туған, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы[1], Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы
2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы
2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті
2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы.
2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы
ҚР Кубогы-2012 чемпионы.
2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Отбасы
Атасы – жас кезінде күресші болған, 43 жыл ұстаздық қызмет атқарған.
Әкесі - Елеусінов Марат Тәліпұлы (14.01.1961), ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокс жаттықтырушысы-оқытушысы біліктілігі жоғары.
Анасы - Ғалия Нұрмұханова (1961 ж.т.) дене шынықтыру мұғалімі, 1984 жылы үйленген, Қазіргі уақытта үй шаруасындағы әйел.
Әпкесі - Динара (1984 ж.т.), кәсіби хореограф, сержант, аға нұсқаушы - Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының би ансамблі.
Ағасы - Дәурен (25.05.1986), бокстан тәжірибесі 12 жыл, 2006 жылы студенттер арасында бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, бокстан ҚР спорт шебері. Қазіргі таңда кәсіби боксшы, 2014 жылдан бастап АҚШ, Бруклинде жаттығады, 2010 жылы Балнұр есімді қызға үйленді.
2014 жылы Алина есімді қызға үйленді, ерлі-зайыптылардың 2015 жылдың 27 тамызында Даниэль есімді ұлдары дүние есігін ашты.