Сынып: 5 «Е», 5 «Ж»
Куратор: Г.Р.Хабиева
Тақырыбы: «Отанға тарту» (патриоттық әндер орындау)
Өтетін уақыты: 15 минуттық үзіліс кезінде.
Сәрсенбі әндер орындау.
Нәтиже:Әнді айту арқылы мәдениеттілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
I Бөлім: топтың аты: «Самға». Топ ұраны: «Самға алға ,
Қанатың талма!»
Барысы:
Балалар біздер бүгін «Елім менің» әнің жаттап айтатың боламыз. Алдымен осы әннің тарихын айтып берейін. Өлеңі: Н.Ә. Назарбаевтікі, әні: Б. Тлеухановтікі.
Интерактивті тақтаға өленің мәтіні көрсетіледі.
"Сонау 91-жылдары "Мен өз халқыма алтын тауларды уәде бере алмаймын, бір-екі айдың ішінде өміріміз жақсарып қалады деп уәде бере алмаймын, бірақ өз халқым үшін басымды тігуге дайынмын" деп уәде еткен. Бұл өзінің еңбегін толығымен өзінің өмірін Қазақстанның болашағы үшін төккен адамның сондай бір көңілінің белгісі. Бұл әр адамның қолынан келе бермейді", - дейді тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова.
90-шы жылдардың басы еді. Телеарналардан Нұрсұлтан Назарбаев сөзін, Бекболат Тілеухан әнін жазған туынды көрсетіле бастайды. Дәл осы ән шырқалғанда елбасы көзіне жас алады екен. Мұны әннің авторы айтып отыр.
"Бұл бірінші рет емес, ең бірінші осы әнді 1996 жылдың 8 майында Алатаудың бауырында бір шатқалда тұрып естігені бар-тұғын. Сонда бірінші естігенде, осы өлеңді әнімен естігенде көзіне жас келген елбасымыздың. Одан кейін бірнеше жиналыстарда, концерттерде болған кезде елге қарап отырған жоқ, сахнаға қарап отырған кезде де толқыған, мен куә болдым", - деді Бекболат Тілеухан.
Бекболат Тілеухан "Өзім бір дәуреннің өткенін сезініп жыладым" десе, елбасы бір жағы саясаткер, бір жағы шығармашыл адам болған соң көзіне жас алды деп отыр.
"Лауазымын босатып берген кезде де айтты "Қазақстан сендерге аманат", "сендерге тапсырдым" деп. Сонда тәуелсіздіктің қадірін біреу білсе, Назарбаев біледі. Ол толқудың себебін ел-жұрт түсінуге тиісті. Бұл бір жағынан шығармашылыққа жақын адам болғаннан кейін, оның жүрегінің жұмсақтығының өзінде де қазақтың сипаты жатыр", - дейді Бекболат Тілеухан.
Қалай дегенімен, 23 сәуірде болған жиын көптің есінде әлі ұзаққа сақталатын тәрізді. Көбіне оны дәл осы, эмоцияға толы кадрмен байланыстыратына күмән жоқ.