Сынып: «Е», «Ж» Куратор: Г. Р. Хабиева Тақырыбы



бет3/8
Дата22.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#192863
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Отанға тарту

Жанұясы


  • Әкесі - Артаев Ғарифолла Бекбасарұлы (1956 - 20.08.2012)

  • Анасы - Жексембиева Тұмарткүл Өміртайқызы (1960 - 20.08.2012)

  • Ағасы - Бақыт (1979 ж.т.)

  • Інісі - Артаев Наурыз (1989 ж.т.)

  • Жолдасы - Тұнғатова Салтанат Тоғайқызы (1986 ж.т.)

  • Ұлы - Артаев Әлинұр Бақтиярұлы (2009 ж.т.)

2012 жылдың 20 тамыз күні Бақтияр Артаевтың әкесі Ғарифолла Бекбасарұлы мен анасы Тұмарткүл Өміртайқызы "Алматы-Ташкент" тас жолының 544 шақырымында жол көлік апатынан қаза тапқан. Бақтиярдың әке-шешесінен бөлек көлікте Бақтиярдың туған ағасының екі қызы болған. Nissan X-Trail көлігінің тізгініне ие болмай қалған Ғарифолла Бекбасарұлы Шымент қаласынан Тараз қаласы бағытында келе жатқан. Қайғылы оқиға Күйік асуында орын алған.

Бақтияр Артаев құрметіне


2007 жылдың 21-наурыз күні Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы ашылды.

Сынып: 5 «Г», 5 «Ғ»
Куратор: Г.Ж.Мажитова
Тақырыбы: «Спорт және би, өмірді сүй» (би үйрету)
Мақсаты: 1) оқушыларды қара жорға биінің шығу тарихымен таныстыру, оны насихаттау
2) ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.
Өтетін уақыты: 15 минуттық үзіліс кезінде.
Нәтиже: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене қозғалысын шынықтыру, ұлттық билерді насихаттау.
I Бөлім: Ұйымдастыру бөлімі.
Топтың аты: «Атамекен».
Топ ұраны: «Бәіміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін!»
Барысы:
 "Қара жорға" биі көпшіліктің делебесін қоздырып, қызығушылығын арттырған әдемі бидің шығу тарихын балалар біле бермейді. Ерте заманда өмір сүрген бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Әлгі жорғасы бәйгеден бәйге, жүлдеден жүлде қоймайды екен. Бір күні байдың жалғыз қызы ұзатылып, әкесінен қалың малының өтеуiне қара жорғасын сұрайды. Бай жорғасын қимай, қиналады. Бірақ, жалғызының бетін қайтара алмай, ақыры береді. «Қызым, қаражорғаны бiр тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа әкетiп барасың ғой, бiр көрiп қалайын», - дейді бай қызын ұзатар алдында. Қара жорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi. Жануар үйреншікті жорғасына сала жөнеледi. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге жорғалап бара жатқандай болады. Осы әдемі көрініске қарап тұрған бiр күйшi «Қара жорға» деген күй шығарады. Бұл күйдің әсерлі болып шыққаны соншалықты, оны естіген қазақ қимылсыз қала алмаған. Бүгінде де солай. Буын-буының еріксіз босайды. Сол себепті де «Қара жорға» биі, кейіннен әні де пайда болады екен. Кәсіби бишілердің пікіріне қарағанда, «Қара жорға» биінің денсаулыққа тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы-дене шынықтыру жаттығуы іспетті. Оны билеген балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы да артады екен. Бір қызығы, бұл әуенге қытайлықтар қызығушылық танытып, зерттеп көріпті. Сөйтіп, бидің денсаулыққа пайдасы барын байқайды. Бұл биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Қазір Алтай мен Шыңжан мектептерінде сабақ осы «Қара жорғамен» басталатын болған. «Қара жорға»-би ғана емес, нағыз спорт түрі. Қазақтың биі иықпен, буынмен билейді деуші еді. Ұмыт болған биімізді шет елден (Қытай ХР, Монғолия) келген бауырларымыз әкелген екен. Десе де, ««Қара жорға» биі қайдан келді? Қарап отырсақ, бұл бидің тарихы тым әріден басталады екен. Кейбір зерттеушілер «Қара жорғаның» тарихы ХІІ ғасырдан ары асатынын айтады. Тіпті мұны Шыңжаңның Алтай аймағында қоныстанған Керей руының биі екенін айтушылар да бар. Бірақ биден бұрын «Қара жорға» күйінің шыққаны анық. Арыстан қажы Шәдетұлы бұл бидің халық арасында үш атауы барын, яғни «Қара жорға», «Бақсы биі» және «Буын биі» деп аталатынын айтады. Десек те, бұл биді көпке дейін моңғол биі деп шатастырып жүргендер де болыпты. – Бұл ежелден келе жатқан қазақ биі. Шекара сызығы тартылғаннан кейін бұл би негізінен шеттегі қазақтардың арқасында сақталып қалған, – дейді. Иә, «Қара жорға» ғажап би! Бұл биде біздің қатпарлы тарихымыз мен тағдырымызбар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет