Ақпараттық технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам, тіпті кез - келген жаңа нәрсе мен жаңалық пайда болып үлгермей, әрбір үйге жетіп жатады.
ХХІ - компьютер техника ғасыры» - сондықтан қазіргі заман қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақты жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз негізгі тұжырымдамасы өркениет дамуының жаңа тарихи фазасынан құрылған негізгі тұжырымдамасы ақпараттық қоғам құру курсын қолға алды. Оның негізі – ақпарат және білім. Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез – келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.
Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады.
Біріншіден - ғаламторда көптеген материалдарды іздеуге қалыптасқан, онда түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден – компьютерлер уақытты үнемдеуге, көрнекілік материалдарды тиімді пайдалануға болады. Соның ішінде бейнефильмдер студенттердің көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері студент әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу. Ал, ақпараттық технологияны қолдану студентке береді?
Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады.
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы» - деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқан екен. Шынымен де бүгінгі мұғалім өз ісінің шебері танылуы үшін жан - жақты ізденуі жаңалыққа ұмтылуы қажет.
Мен де өз сабағымда үздіксіз ізденіс нәтижесінде Ақпараттық технологияны қолдануда тиімділігін көре білдім. Колледждегі «Электронды есептеу машинасының операторы» біліктілігінің арнайы пәндер сабақтарында ақпараттық технологиялардың пайдаланудың тиімділігі: студент өз бетімен жұмыс жасайды, аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдейді, студенттердың теориялық - практикалық сауаттылығы артады және қажетті ақпаратты жылдам жедел түрде алу мүмкіндігі болады.
ХХІ ғасырда студенттердің жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға студенттерді бейімдеп тәрбиелеу педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Студент ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай тұлға ретінде қалыптасуы заман талабы.
“Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағын басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, студент үшін сабақты қызықты ете алады.
Қорыта айтқанда, барлық пәндерде электрондық ресурстар студенттердің сабаққа деген ынталарын, назарларын, қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылатады. Ал бүгінгі күні жаңа ғасырдың жастарына жан - жақты білім беру, тәрбиелеу - әрбір ұстаздың басты борышы деп ойлаймын. Ендеше жаңа ғасырымыз бізге ақпараттық технологияларды меңгерудегі ІТ - технологияның алтын ғасырына айналуы керек деп ойлаймын.