Сынып жетекшінің аты-жөні



бет2/2
Дата17.10.2023
өлшемі20,97 Kb.
#185970
1   2
Байланысты:
Ұлы дала перзентімін тәрб қмж

Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? – (30 тамыз)

  11. Облысымыздан шығатын газет? –

  12. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

  1. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.



“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны
– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы қандай ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар? Оқушылардың жауабы
Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.
– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.
– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары
– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз. Мысалы: әдемі үй салу…).
( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)






презентация
Интербелсенді тақта/ компьютер
презентация


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет