Оқытудық маңызды міндеттері: • Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пкір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар дм туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
№ 31- сұрақ
№ 32- сұрақ
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына
және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.