Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын



бет19/20
Дата06.06.2023
өлшемі20,02 Mb.
#178351
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА
Силлабус 2017, Кәсіпкерлік силлабус каз осы дурыс, Динара Психология хронологиялық кесте
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Технологияның кезеңдері:
1.Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
2.Жана мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
3.Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою.
Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Зан- ков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
71. Топтық оқыту, топтардағы жұмыс істеу технологиясы
Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.
Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: Шамалы қарым – қатынас.
Дұрыс тыңдап білмеу .
Шамалы жетекшілік. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты дұрыс түсінбеу.
Міндеттерді тең бөліспеу.
Сәтті. Сәтсіз.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.
72. Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс
Эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау т.с.с.) жетілдіріп тереңдетумен қатар ол тағыда жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар үшін жаңа проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы өзі жаңа
әдістер іздеуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет