Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын



бет17/20
Дата06.06.2023
өлшемі20,02 Mb.
#178351
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА
Силлабус 2017, Кәсіпкерлік силлабус каз осы дурыс, Динара Психология хронологиялық кесте
Дамытушы оқу технологиясы мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.). Әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Маңыздылығы: жеке тұлғаның шығармашылықпен еркін айналысуына, ізденуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны жəне оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі- іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді (Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық əрекет-қимылдар əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мəн беріледі.

69-билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет