Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері: Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын


Түсіндірмелі – иллюстративтік әдістің ерекшеліктері



бет15/20
Дата06.06.2023
өлшемі20,02 Mb.
#178351
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ПЕДАГОГИКА
Силлабус 2017, Кәсіпкерлік силлабус каз осы дурыс, Динара Психология хронологиялық кесте
65. Түсіндірмелі – иллюстративтік әдістің ерекшеліктері.


66-билет


Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.
Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.
Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс.
Мадақтауға қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
• жаза қолдануда педагогтік әдепті сақтау.
Тәжірибелі педагогтар оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.
Жазаның түрлері оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай болып, тәрбиенің басқа тәсілдерімен байланысты болуы шарт. Жазалаудың түрлері: ескерту, сөгіс, т.б.
67-билет
Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет