ЖАЙ БӨЛШЕКТЕР Берілген шаманы өзара тең бөліктерге бөліп, оның бір немесе бірнеше бөлігін кескіндейтін сан жай бөлшек түрінде жазуға болады. Мысалы: , ,
Бөлшектің алымы – бөлшек сызығының төбесіндегі сан.
Бөлшектің бөлімі – бөлшек сызығының астындағы сан.
Егер бөлшектің алымын да, бөлімінде бірдей натурал санға көбейтсек немесе бөлсек, онда оған тең бөлшекалынады. Мысалы:
Бөлшектің алымын да, бөлімін де 1-ден өзге ортақ бөлгішке бөлуді бөлшекті қысқарту деп атайды. Мысалы:
Бұрыс бөлшек – алымы бөлімінен үлкен немесе тең бөлшек. Кез келген бұрыс бөлшек 1-ден үлкен немесе тең. Мысалы:
Дұрыс бөлшек – алымы бөлімінен кіші бөлшек. Кез келген дұрыс бөлшек 1-ден кіші. Мысалы:
Аралас сан – бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас сан деп аталады. Мысалы:
Кез келген натурал санды аралас сан түрінде жазуға болады. Мысалы:
Кез келген бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады. Мысалы: (13:3=4 (1қалдық))
Кез келген аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруға болады. Мысалы:
Координаталық сәуледе дұрыс бөлшегін кескіндеу үшін, бірлік кесіндіні өзара тең a бөлікке бөліп, санақ басынан бастап b бөлігін алу керек. Мысалы:
ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ Берілген бөлшектердің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі сол бөлшектердің ең кіші ортақ бөлімі болады. Мысалы: бөлшектерінің бөлімдерінің ең кіші ортақ еселігі 24 болады, себебі ЕКОЕ(8,6)=24. Содан
Жай бөлшектерді салыстыру:
-бөлімдері бірдей бөлшектердің алымдары қайсысы үлкен сол бөлшек үлкен болады. Мысалы: ,
-алымдары бірдей бөлшектердің бөлімі қайсысы үлкен сол бөлшек кіші болады. Мысалы: ,
-алымы да, бөліміде әр түрлі бөлшектерді салыстыру үшін, оларды көбелек тәсілімен тексеріп көреміз. Мысалы:
-аралас cандарды салыстырғанда, алдымен бүтін бөліктерін салыстырамыз. Егер бүтін бөліктері бірдей боглса, онда бөлшек бөліктерін салыстырамыз. Мысалы: ,