Жай бөлшекті немесе ондық бөлшекті процентпен жазу үшін, оны 100-ге көбейтіп, % белгісін тіркеп жазу керек. Мысалы: 7/20=0,35=35%
Берілген санның процентін табу үшін процентті бөлшекпен өрнектеп, берілген санға көбейту керек. Мысалы: 75 санының 20%-ін табу 75*20%=75*20/100=75*0,2=15
Проценті бойынша санды табу үшін: процентті жай немесе ондық бөлшек түрінде өрнектеп, берілген санды осы бөлшекке бөлу керек. Мысалы: 18% -і 162 ге тең санды табу: 162:18%=162:18/100=162*100/18=9*100=900
БҰРЫШТАР. КӨПБҰРЫШТАР
Бұрыш деп, О нүктесінен басталатын, ОА және ОВ сәулелерінен құралған фигураға айтамыз. Бұрыш АОВ немесе О бұрышы деп айтылады.
Сүйір бұрыш- 0-ден көп, 90-нан кіші бұрышты айтамыз. Мыс:
Тік бұрыш -
Доғал бұрыш деп -90-нан көп, 180-нен кіші бұрышты айтамыз: Мыс:
Жазыңқы бұрыш деп - 180 -қа тең бұрышты айтамыз.
Толық бұрыш деп - 360 -қа бұрышты айтамыз
Дөңес бұрыш деп- 180 -нен көп 360-тан кіші бұрышты айтамыз. Мыс: 181
Егер екі бұрыш бір-бірімен беттесетін болса, оларды тең бұрыштар деп атаймыз.
Көпбұрыш-жазықтықтағы кез келген тұйық сынық сызық. Олардың неше төбесі болса, сонша қабырғасы бар болады. Ең кіші көпбұрыш үшбұрыштан басталады.
Дөңес көпбұрыш деп- қабырғалары тек бір (оң немесе сол) бағытта сынған тұйық сынық сызыққа айтамыз
Дұрыс көпбұрыш деп- оның барлық қабырғалары ұзындықтары тең болса айтылады.
Көпбұрыштың периметрі деп, оның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысына айтамыз.
Диагональ деп – көпбұрыштың көршілес емес екі бұрышын қосатын кесіндіге айтамыз.
ДИАГРАММА. ШЕҢБЕР
Радиус деп – шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесіндіге айтамыз. Ол R әрпімен белгіленеді.
Диаметр деп- шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның бойындағы екі нүктені қосатын кесіндіге айтамыз. Оны D әрпімен белгілейміз. Сонда D=2R, R=D/2
Достарыңызбен бөлісу: |