Сынып сағаты. 3 «А» гимназия сынып Тақырыбы: «Тіл достық көпірі»



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі79,73 Kb.
#85365
Байланысты:
сынып сағаты



Сынып сағаты. 3 «А» гимназия сынып 
 
Тақырыбы: «Тіл – достық көпірі» 
 
Мақсаты: Білі алушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуі, тілімізді сүюге, мәртебесін 
биік ұстауға, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын ұғындыру.
 
Әдісі: cұрақ-жауап 
 
Көрнекілігі: Слайд, суреттер 
 
Барысы: 
1.Ұйымдастыру бөлімі. 
Кіріспе. 
Мұғалім сөзі: Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-
келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Ендеше ана тіліміз қазақ 
тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің қолдарыңызда.Сынып сағатымыз 
оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген 
патриоттық сезімін арттыру мақсатында өтеді. Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне 
қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан 
Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты 
қаруымыз – тіліміз. 
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн 
бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де 
сол елдің ана тілі болмақ. 
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан 
Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. 
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. 
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы, 
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, — демекші, «Тіл – достық көпірі, атты сынып 
сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер 
«Білгенге – маржан, білмеске - арзан»
 
 
Сұрақтарға жауап беру. Қазақтың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлері. 
 
 
1. Сүйінші дегеніміз не? 
 
Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді.
Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған
риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі.
Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі
жоқ. 
 
 
2. Байғазы деген не? 
 
Байғазы(дәстүр) балалардың ,жастардың жаңа киімі үшін берілетін
ақшалай, заттай сый. Тәбәрік (дәстүр,ғұрып) біреу ойын, тойда бәйге,
жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса,одан
жанындағыларға үлес беруі керек. 
 


 
3. Араша дегеніміз не? 
 
Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы
адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді
естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек.
Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар. 
 
 
4. Шашу дегеніміз не? 
 
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты
дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы
келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер
құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан
тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып
береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
 
 
Мақал-мәтелдер жалғастырып көшіріп жаз! 
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ). 
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең 
 
Қорытындылау. 
 
Ана тілімізбен бірге мемлекеттік тіл – қазақ тілін құрметтеп, сүйе білейік. Сонымен 
бүгінгі «Тіл – достық көпірі» атты сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. 
 
 
Қош, сау болыңыздар!
 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет