Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сынып сағаты
Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік белгісі
Сынып: 5 «Ә»
Сынып жетекшісі: Ф.Тасмагамбетова
2022 – 2023 оқу жылы
Тақырыбы:
|
Әдептілік – әдемілік белгісі
|
Сабақтың мақсаты:
|
Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі:
|
дәстүрлі
|
Әдісі:
|
Әңгімелесу, пікір алмасу, сұрақ-жауап
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңдері
|
Іс-әрекеттер
|
Сабақтың басы
|
Оқушылармен амандасу
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік – әдемілік белгісі».
Ой қозғау:
Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Әдепті бала қандай болады?
Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Сәлем беру-имандылық, мәдениеттілік, көргенділік белгісі.
|
Сабақтың ортасы
|
Мұғалім сөзі:
Әдептілік – әдемілік. Әдепті адам – әдемі. Әдептілік дегеніміз – өзін-өзі кез келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдепті.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
Оқушылар ережесі.
Үйде:
Ата - анамен, іні – қарындаспен, аға – апамен қалай сыйласу қажеттігі туралы, қонақ келгенде сәлемдесу, қонақ қабылдау, т. б.
Көшеде:
Дұрыс, сымбатты жүру, кезкелген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, төбелеске жол бермеу, т.б.;
Мектепте:
Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу, кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау, сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын сыйлау;
Қонақта:
Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн – түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің пікірлерімен санасу, т. б.
Дастарханда:
Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау, басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
Қалада:
Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.
Рольдік ойын:
Оқушылар берілген мәтін бойынша автор, қарт адам, қыз бала мен ер баланың рөлін сомдайды.
Дүкенге бір қарт адам келе жатты. Жер тайғақ еді, ол кісі тайып жығылып қалды. Бір қыз бала бір ер бала мектептен келе жатқан. Ер бала қыз балаға сумқасын бере салып, қарт кісінің орнынан көтеріп тұрғызып жіберді. Ер баланың қасына келген соң қыз:
Ана кісі әжең бе? – дейді
Жоқ, әжем емес.
Жеңгең бе?
Жоқ, жеңгем де емес.
Әлде мамаң ба, не танисың ба?
Жоқ, жәй бір адам.
Оқушылар пікірі:
Әдептілік туралы ұлы АБАЙ сөзінің мәнін ұғыну, талдау
ӘДЕПТІЛІК - ар – ұят
АДАМДЫҚТЫҢ белгісі,
ТҰРПАЙЫ мінез, тағы жат
НАДАНДЫҚТЫҢ белгісі.
|
Сабақтың соңы
|
Қорытынды
Әдептілік туралы мақал – мәтелдер айту
Рефлексия
Сабақ соныңда оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойларын айтады.
Мұғалім сөзі:
|
Достарыңызбен бөлісу: |