Сынып сағаты Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин –балалар әдебиетінің атасы.»



Дата14.02.2022
өлшемі163,03 Kb.
#131665
Байланысты:
5 Ә сынып сағаты Ыбырай А.




"Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі" КММ





Сынып сағаты


Тақырыбы: « Ыбырай Алтынсарин –балалар әдебиетінің атасы.»
5 "Ә" сынып
Сынып жетекшісі: Султангазина Ж.Ж.
2021-2022жж
Cынып_____5“Ә”______
Оқушылap caны__24___


Сынып сағатының тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин –балалар әдебиетінің атасы»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Слайдпен жұмыс
І. Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу
ІІ. Әңгімелерінен көрініс.
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт — бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин — алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш
рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы. Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс — қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл — кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш — қуат, ынта — жігер беріп отырады.
1-оқушы: Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым — профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.
3 -оқушы: 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
4 -оқушы: Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.
Өнер — білім бар, жұрттар (өлеңін оқу)
1 -жүргізуші: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
«Ананың сүюі» (өлеңін оқу)
2 -жүргізуші: Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің бірнеше әңгімелеріне дайындалған көріністерін ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада
түсінуге шақырамыз.
1 әңгіме: «Атымтай Жомарт»
2 әңгіме: «Мейірімді бала»
Бұл әңгіме оқушыларды еңбекқорлыққа, айналасындағы адамдарға қайырымды болуға, көмектесуге үйретеді.
Атымтай Жомарт
(Жомарт жұмыс жасап жүреді, үстінде жаман киім)
1 кісі: — Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа — тамақ, жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не?
2 кісі: — Бір мезгіл таза киім киіп, дәулетті адамша жүресіз. Бір мезгіл ескі — құсқы киім киіп жүресіз. Бұны қалай түсінеміз?
Жомарт:- Төрт түрлі себеп бар. Әуелгі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем – кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.
Екінші: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер үлгі алсын деймін. Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір — екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртінші: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп — жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын.
1-кісі: — Ия, Атымтай Жомарт, енді бәрі де түсінікті. Еңбекпен келген ас тәтті.
2 -кісі: — Бейнетсіз рахат жоқ.
Ал еңбектің түбі рахат.
2- әңгімеден көрініс.
2 -жүргізуші: «А құдайым бала бер, бала берсең сана бер, санасыз бала бергенше, артынан бәрін — бәрін ала бер»- деп Ыбырай Алтынсарин өзінің мақал — мәтелдер жинағында келтіргендей, кішкентай қыз ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында әкесін жазадан аман алып қалды. Бұл әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин балаларды ата — анасын сыйлауға, қадірлеуге, батылдыққа, ақылдылыққа үйретеді.
Мейірімді бала.
Патша: — Біздің Қытай халқында мынадай заң бар. Егер кімде — кім біреуді алдаса қолы кесіледі. Осы заңды білесің бе?
Төре: — Білем.
Патша: — Білсең, өзің істеген күнәңді мойныңмен көтересің. Сондықтан сен өз еліңдегі адамды алдағаның үшін қолың кесіледі. Уәзірлер дайынсыңдар ма?
Уәзір: — Дайынбыз.
Патша: — Жазаны бастауға рұқсат.
Қыз бала: — Тоқтатыңыздаршы, құдай үшін тоқтай тұрыңыздаршы.
Патша: -(тоқтат деген ишара беріп) Бұл кімнің қызы?
Төре: — Менің қызым.
Қыз бала: — Тақсыр патша, менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айырылуы керек болады. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы.
Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы.
Патша: — Қызым сенің қолыңды кескеннен не пайда? Кінәлі сен емес қой.
Қыз бала: — Уа, әміршім! Мен осы төренің қызымын. Мына қолды осы төренікі деп есептеңіз. Өйткені, мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз тақсыр! Осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша: -(Төреге) Мына қызыңның ақылдылығы мен мейірімділігінің арқасында сенің қолыңды кеспеуге бұйырамын.
Төре: Басын иіп, рахмет айтады.
Патша: — Ата көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Төре: — Жақсы бала әкесінің есіктегі басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
1 — жүргізуші: Осы әңгімеде Лұқпан хакім тіршілік үшін, денсаулық үшін күреседі. Әр түрлі шөпті емге пайдалана отырып, халықты бейімділікке, өз бетімен оқып үйренуге, басқаға жақсылық жасауға, қайырымдылыққа үйретеҚорытынды:
Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік.
Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата — анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.

«Ыбырай Алтынсарин –балалар әдебиетінің атасы» сынып сағатының
сараптамасы
Сынып: 5 "Ә"
Күні:09.02.22
Қатысқан оқушылар саны: 24

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар ағартушынң өмірі және шығармашылығымен танысты. Өлеңдері оқылып , әңгімелерінен үзінді ,көрініс көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет