Сынып тәрбие сағаттарына жазылған


Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі3,56 Mb.
#117876
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
портфолио сынып жет

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.


    • Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
      Әні: Шәмші Қалдаяқов



    • Алтын күн аспаны,
      Алтын дән даласы,
      Ерліктің дастаны,
      Еліме қарашы!
      Ежелден ер деген,
      Даңқымыз шықты ғой.
      Намысын бермеген,
      Қазағым мықты ғой!


    • Қайырмасы:

    • Менің елім, менің елім,
      Гүлің болып егілемін,
      Жырың болып төгілемін, елім!
      Туған жерім менің - Қазақстаным!


    • Ұрпаққа жол ашқан,
      Кең байтақ жерім бар.
      Бірлігі жарасқан,
      Тәуелсіз елім бар.
      Қарсы алған уақытты,
      Мәңгілік досындай.
      Біздің ел бақытты,
      Біздің ел осындай!


    • Қайырмасы:
      Менің елім, менің елім,
      Гүлің болып егілемін,
      Жырың болып төгілемін, елім!
      Туған жерім менің - Қазақстаным!


    Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

    Flag of KazakhstanNameҚазақстан Республикасының Мемлекеттiк ТуыUseNational flag and civil ensign Proportion1:2Adopted4 June 1992Designed byShakenNiyazbekovҚазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркiхалықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет