Сыныпқа мінездеме



Дата31.12.2021
өлшемі17,01 Kb.
#107100
түріҚұрамы
Байланысты:
Сыныпқа мінездеме АЙбек


Сыныпқа мінездеме

Мен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің студенті Сербай Айбек Шымкент қаласы №38 мектеп-лицейінде практикалық тәжірибеден өтудемін және маған берілген 5 "А" сыныбына тоқталып мінездеме бере кетпекпін. Сыныпта 33 оқушы бар. Оның ішінде 16 ұл бала, 17 қыз бала. Сынып жетекшісі ұстаз Корпешова Салтанат. Сыныпта басқа мектептен, басқа сыныптан ауысып келген, келгеніне үш ай да болмаған оқушылар бар. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.


Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл балалар мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы.Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындықпен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды. Қосымша сабақтардың өздерінде қалдырмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Түсінбеген сұрақтарын біліп алуға тырысады. Бірінің білмегенін бірі айтып үнемі көмектеседі. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға,сабақтарға белсене қатысады. Сынып белсенділері – оқу секторы, мәдениет, тазалық, шаруашылық секторы және редколегия мүшелері де өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Жақсы оқитын балалар саны – 3, орташа оқитын балалар саны –8, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып математика жағынан орташа, ал ауызша сабақтарға келгенде (биология, география, тарих, әдебиет) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады.
Үйірмелерге қатысу жағынан қыздар осал. Тек екі қыз ғана ән мен биге қатысады. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады., Баскетболға 6 ұл, дзюдоға 3 ұл, футболға 7 ұл қатысады. Оның ішінде мектептік, қалалық олимпиадаларға қатысып орын алып жүрген ұлдар да бар.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Ұлдардан: Қуанышпен Тұран. Қыздардағы айырылмас жұп: Гүлім мен Нұрай. Сыныпта мазасыз оқушыда бар: Бағдат. Олар үнемі бірге отырады, бірге жүреді, бір-бірін қатты сыйлайды. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.
Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.
Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.

Мектеп-лицей директоры _____________ Жусупова.А

Педагог-психолог_____________ Мәмбетова.П

Сынып жетекшісі ______________ Корпешова.С



Тәжірибе алушы_______________ Сербай .А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет