Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
Сыныптағы білім сапасын арттыру, сабақты жақсартуда Lesson Study зерттеуін жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным
(Г.Т.Алипова Б.Ж.Жангированың іс-тәжірибесінен)
№ жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдері
Орал қаласы 2015 жыл
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің эксперттік кеңесі. Хаттама №4, 07.12.2015ж.
Құрастырғандар:
Алипова Гүлназ Тұрақбайқызы – Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жангирова Бибинур Жумановна - Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Пікір жазғандар:
Абакиева Лилия Елемесовна – Орал қалалық Педагогикалық шеберлік орталығы директорының міндетін атқарушы, тренер, педагогика ғылымдарының магистрі
Ешимова Анар Балмухановна - №1 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары санатты, бірінші деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
«Сыныптағы білім сапасын арттыру, сабақтың сапасын жақсарту мақсатында Lesson Study зерттеуін жүргізу» әдістемелік ұсынымында зерттеу жұмысын жүргізу қадамдары, теориялық түсініктеме, үлгілер мен жеке іс-тәжірибе қорытындылары берілген.
Әдістемелік ұсыным жалпы орта білім беретін мектепте жұмыс жасайтын барлық мұғалімдерге зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуде көмекші құрал есебінде қолдануға арналған.
Мазмұны
Кіріспе
«Lesson Study» туралы түсінік
«Lesson Study» зерттеуінің өткізілу мақсаты
«Lesson Study» зерттеуінің өткізілу кезеңдері
«Lesson Study» зерттеуін өткізу тәжірибесінен
Ұйымдастыру, жоспарлау кезеңі
Зерттеу сабақтарын өткізу, бақылау кезеңі
Рефлексия жазу, қорытындылау және іс-тәжірибе бөлісу кезеңі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Егеменді еліміздің алғышартары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Сол білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді өз тәжірибесіне енгізіп отырады. Осы тұста оқушыға сапалы білім беруді мақсат тұтқан мұғалімің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіби құзыреттілігімен тікелей байланысты . Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім өз кәсіби құзіреттілігін дамыту үшін үнемі ізденіп, сынып деңгейіне, оқушылардың жетістік деңгейіне, қолданатын әдіс-тәсілдеріне тұрақты зерттеу жүргізіп отыру керек.
Сыныптағы және ұжымдық іс-әрекеттегі зерттеулер – сыныпты және мұғалімнің өзін және шәкірттерін жете тануына, мақсат қоя жұмыстану арқылы кәсіби жетілуіне бағыт сілтейтін құралдар десек болады. Білім сапасы – басты көрсеткіш десек, сол білім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдерді атап көрсетуге болады. Сондай тәсілдердің бірі - білім кеңістігінде кеңінен танымал жапондық Lesson Study тәсілі. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson Study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Біздің бұл ұсынғалы отырған әдістемелік ұсынымның мақсаты –мектептегі, сыныптағы білім сапасын арттыру, сабақ процесін жақсартуға бағытталған әдіс-тәсілдердің тиімдісін анықтауға бағытталған Lesson Study зерттеуін жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну. Әдістемелік ұсынымда Lesson Study зерттеуі , оның жүргізілу барысы мен мақсаты туралы теориялық түсінік беріледі. Практикалық бөлімде мектебімізде өткізілген Lesson Study зерттеуі бойынша өз іс-тәжірибемізбен бөлістік. Жоспарлау, сауалнама жүргізу үлгілерімен, сондай-ақ сыныптағы түрлі деңгейлі оқушыларды таңдап алу, бақылау картасын толтыру, сабақтарды талдау мен оқушылармен сұхбат жүргізу бойынша ұсынбалар берілді. Бұл ұсыным мектеп мұғалімдеріне сыныптағы Lesson Study зерттеуін жүргізуге бағыт-бағдар береді деген ойдамыз.
Lesson Study туралы түсінік
Бірге жиналу –бұл бастама,
Бірге қалу –бұл алға жылжу,
Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік.
Генри Форд
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Соңында бұл үдерістерді Lesson Study деп атады.
1999 жылға дейін Жапондықтардан басқа Lesson Study-ды аздаған адамдар ғана білетін. Тек Жапониядағы мұғалімдер ұзақ уақыт бойы Lesson Study-ды тәжірибеде қолданған. Жапониядағы Lesson Study-дың маңызы бүкіл әлемге танымал болды. Оның қуатты импульсын 1999 жылы жарыққа шығарылған «Оқытудағы олқылықтар кітабынан» (Teaching gap) байқауға болады. «Teaching gap» - Lesson Study -ды бүкіл әлемге танымал еткен алғашқы кітап. Teaching gap 1995 жылы Жапонияда, Германияда және АҚШ-та тоғызыншы сыныпта математика сабағының бейнежазбасына негізделген зерттеулер талдамасының есебі болып табылады. Талдау көрсеткендей, Жапониядағы сабақтар оқушыларға және олардың ойлауға уақыт беруіне көзделген. Жапониядағы сабақтардың аса жоғарғы деңгейіне Lesson Study -ды ендіру көмегімен қол жеткізген.
Бүгінгі мектеп партасындағы әрбір бала – ертеңгі болашақтың қоғам иесі. Сондықтан болашақтың иесі – алдымызда отырған оқушыларға алғашқы күннен бастап-ақ сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімнің нәрлі қайнарымен сусындату үшін ұстаздар қауымы педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Сондықтан оқушыларды шығармашылық бағытт, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Lesson Study орта мектептерде негізгі пәндер бойынша келесі мақсаттарды қамтиды:
- оқушылардың білім деңгейін көтеру.
- оқыту әдістемесін жетілдіру.
- оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу
Уақыт өте келе Lesson Study үдерісінде бірқатар қадамдар
қалыптасты:
Lesson Study тобы оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер
жүйесін өзара келіседі, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады
Топ зерттеудің сұрақ түрінде рәсімделген түйінді идеяларын келіседі және
нені, кімді оқытуды анықтайды
Топ мүшелері зерттеудің түйінді идеяларына қатысты жауап табу үшін әдебиеттерді
зерделейді және жоспарлау кезінде оларды пайдалану үшін нәтижелерін қорытады.
Топ зерттеу сабағының ортасында қандай сыныптың және қандай үш «зерттелетін
оқушының» болатынын шешеді және оқу үлгерімі жоғары, орта және төменгі деңгейдегі сынып топтарын ұсынады.
Топ зерттеу сабағын «зерттелетін оқушылардың» меңгеруіне ерекше назар аудара
отырып, оны жоспарлайды.
Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш
оқушыға» ерекше көңіл бөлу арқылы қадағалайды және ескертпелерді жазып отырады.
Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше
оқушылармен сұхбат жүргізеді.
Топ зерттеу сабағы аяқталсымен бірден талқылау жүргізеді.
Талқылау белгіленген құрылым бойынша жүреді:
Жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдармен салыстыра отырып,
«зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін анықтау
Тұтас сыныпты оқыту
Зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі
Белгіленген және зерделенгендердің негізінде және соларға сәйкес келесі зерттеу
сабағының мақсатын қою.
Келесі Lesson Study-ді топпен бірлесе жоспарлау.
Жалпы зерттеуді жүргізу барысын келесі кезеңдерде қарастыруға болады.
Ұйымдастырушылық
Жоспарлау
Сабақты зерттеу
Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу
Ұйымдастырушылық кезең. Ұйымдастырушылық кезеңде алдымен зерттеу өткізілетін сынып таңдалып алынады. Зерттелетін сыныпты таңдауда белгілі бір мақсат көзделеді. Мысалы, сыныптың білім сапасын көтеру, сыныптың сабаққа қызығушылығын арттыру немесе сабақтың тиімділігін арттыру, оқытуды жақсартуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу. Сыныпты таңдау ұжыммен немесе фокус топ мүшелерімен кеңесу, талқылау барысында шешіледі. Білім сапасын көтеруді қажет ететін немесе қандай да бір проблеманы бірігіп шешуді қажет ететін сынып таңдалады. Одан соң сол сыныпқа мектеп психологының көмегімен оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін сауалнама өткізіледі. Lesson Study -ды жүргізу үшін кем дегенде 3 пән мұғалімінен, ұйымдастырушы модератордан, мектеп психологы, сынып жетекшісінен тұратын Lesson Study тобын құралады. Зерттеуді жүргізу үшін бір бағыттағы (гуманитарлық немесе жаратылыстану) пән иелері, сондай-ақ бір сыныпта сабақ беретін әр түрлі бағыттағы негізгі пән иелері бірлесіп жұмыстана алады. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер өзара пікірлесіп, сауалнама қорытындыларын талдай келіп, Lesson Study тақырыбын анықтайды.
Жоспарлау кезеңі. Тақырып анықталған соң, жоспарлау кезеңі басталады. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер тобы бірлесе отырып зерттеуді жүргізу жоспарын құрады. Жоспар үш кезеңді қамтиды: ұйымдастыру, зерттеу сабақтарын өткізу, қорытындылау. Ұйымдастыру кезеңі бойынша сауалнаманы өткізу, қорытындылау, тақырыпты анықтау, жоспар құру, оқу үлгерімі әр түрлі деңгейдегі (А,В,С) оқушыларды белгілеу (№1 қосымша) , күтілетін нәтижелерді анықтау, бірлесе отырып сабақты жоспарлау, арнайы бақылау кестесін жасау, талдау, талап критерийлерін белгілеу, жұмыс картасын жасақтау сияқты жұмыстар белгіленіп, өткізілетін уақыты, жауапты адамдар белгіленеді.
Екінші зерттеуді өткізу үшін пән мұғалімі мен бақылаушы мұғалімдердің іс-әрекеттері жоспарланады, сабақты өткізу мерзімі мен жауапты тұлғалар белгіленеді.
Соңғы бөлімінде зерттеуді қорытындылау мен тарату, бөлісу шаралары, жауаптылар мен өткізу мерзімі белгіленеді.
Осылайша зерттеуді жүргізу жоспары құрылыпы, мектеп басшысымен бекітуге ұсынылады.
Сабақты зерттеу кезеңі. Зерттеу кезеңі Lesson Study –ға қатысушы мұғалімдердің санына қарай үш немесе одан да көп циклдан тұрады. (төмендегі 1-суреттен қараңыз)
1-сурет
Алғашқы сабақтың жоспарын бірінші циклды өткізуші мұғалім жоспарлайды, өткізеді. (№2 қосымшаны қараңыз) Өзге қатысушы мұғалімдер, яғни топ мүшелері сабақты бақылайды, үш деңгейдегі оқушыларды, олардың сабақтағы жетістік деңгейлерін бақылап, жазып алып отырады. Арнайы бақылау парағы жасақталады (№3 қосымшаны қараңыз). Әрбір цикл аяқталған соң, түрлі деңгейдегі оқушылардан сабақ бойынша сұхбат алынады (№4 қосымшаны қараңыз). Сабақты бірлесе талқылап, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап, келесі сабақты жоспарлауға қажетті ұсыныстар береді, келесі сабақты бірлесе жоспарлайды. (№5 қосымшаны қараңыз) . Осылайша бірнеше цикл қайталанып отырады.
Қорытындылау, тәжірибемен бөлісу кезеңі. Бұл кезеңде Lesson Study зерттеуіне қатысушы мұғалімдер тобы қорытынды отырысын өткізеді. Сабақ өткізген мұғалімдер өздерінің сабақтары , ондағы қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, А,В,С деңгейлі оқушылардың жетістік деңгейі туралы рефлексивтік есеп дайындап, оқуды жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын жеткізеді. Модератор пән иелерінің рефлексивтік есептері негізінде қорытынды есеп дайындайды, күтілетін нәтижелерге қаншалықты қол жеткізуге болатынын саралап, нақты ұсыныстар белгілейді. Зерттеу кезеңдері толық аяқталып, қорытындыланған соң зерттеу нәтижелері мектептегі әдістемелік кеңес , әдістемелік бірлестік немесе педагогикалық кеңес отырыстарында қаралады, сабақты жақсарту бағытындағы ұсыныстар жалпы ұжым мүшелерінің назарына ұсынылады.
Lesson Study өткізу тәжірибесінен
Ұйымдастыру , жоспарлау кезеңі
Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.
Оқу сауаттылығы:
Ақпаратты табу;
Мәтінді интерпретациялау;
Рефлексия және бағалаудан тұрады.
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі .
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал –түрлі жаңа технологиялар, әдістер мен тәсілдер.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау бағытында 8 «б» сыныбында қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бірлескен түрде Lesson Study зерттеуін жүргіздік.
Бұл зерттеуді өткізудегі басты мақсат - оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерінің тиімділігін анықтау, өзге әріптестерге ұсыныстар беру болатын. Интербелсенді әдістеме – өзара әрекеттесу мен әрекет арқылы үйрету, яғни:
ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;
проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру. Оларды дәлелдей және қорғай білу;
әлеуметтік ортада ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;
өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;
өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.
8-сыныптар арасында қазақ әдебиеті, орыс тілі мен ағылшын тілінен 48% білім сапасын көрсетіп отырған 8 «б» сыныбындағы оқушылардың оқу сауаттылығын бақылау, жетілдіру, білім сапасын арттыру мақсатында Lesson Study өткізу жоспарланды. Осы мақсатта алдымен зерттеу тобы құрылды:
Кусанова Ж.А –модератор
Жангирова Б.Ж. –ағылшын тілі пәні мұғалімі, сынып жетекшісі
Алипова Г.Т. –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нургалиева Н.А - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тлеушов Т.Х -психолог
Зерттеу тобының алғашқы отырысы оздырылып, Lesson Study өткізу жоспары құрылып, бекітуге ұсынылды. (жоспар үлгісі берілді)
«Бекітілді»
№1 ЖОББМ директоры:
_______
8 «б» сыныбында жүргізілетін Lesson Studyдің жоспары
Уақыты: желтоқсан 2014 ж.
Тақырыбы:
« Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру »
Жауапты ұстаздар: Жангирова Б.Ж. –ағылшын тілі пәні мұғалімі, сынып жетекшісі
Алипова Г.Т. –қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нургалиева Н.А - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кусанова Ж.А –модератор
Тлеушов Т.Х -психолог
|
Мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
І Ұйымдастыру кезеңі
|
1
|
8 «б» сыныбындағы оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін сауалнама өткізу
|
02.12
|
Психолог
Жауапты мұғалімдер
|
2
|
Сауалнаманы қорытындылау;
Тақырыпты анықтау, жоспар құру;
Оқу үлгерім деңгейі әр түрлі (А,В,С) үш оқушыны белгілеу;
Күтілетін нәтижені айқындау
|
03.12
|
Психолог
Жауапты мұғалімдер
Модератор
|
3
|
Интербелсенді оқыту әдістерін қолданып, зерттеу сабақтарын жоспарлау
Арнайы бақылау кестесін жасау, талдау,талап критерийлерін белгілеу, жұмыс картасын жасау
|
04.12
|
Жангирова Б.Ж.
Алипова Г.Т. Нургалиева Н.А
|
|
ІІ Зерттеу сабақтарын өткізу кезеңі
|
4
|
Бірінші зерттеу сабағы. Ағылшын тілі. Education
Топ мүшелері сабақты, үш оқушыны бақылап, жазбалар жасау.
Сабақ өткен сынып оқушыларымен сұхбат жүргізу.
Топ мүшелері: зерттеу сабағын талдау, келесі зерттеу сабағының мақсатын айқындау, жоспарын құру
|
08.12
|
Жангирова Б.Ж.
Барлық қатысушы
ұстаздар
|
|
5
|
Екінші зерттеу сабағы. Қазақ әдебиеті . Абай. Он жетінші қара сөзі
Топ мүшелері бірлесіп сабақ жоспарын құру;
Сабақ барысын, үш оқушыны бақылау, жазбалар жасау.
Сабақ өткен сынып оқушыларымен сұхбат жүргізу.
Топ мүшелері: зерттеу сабағын талдау, келесі зерттеу сабағының мақсатын айқындау, жоспарын құру
|
09.12
|
Алипова Г.Т.
Барлық қатысушы
ұстаздар
|
|
6
|
Үшінші зерттеу сабағы. Орыс тілі. Определенно-личное предложение.
Топ мүшелері сабақты, үш оқушыны бақылап, жазбалар жасау.
Сабақ өткен сынып оқушыларымен сұхбат жүргізу.
Топ мүшелері: зерттеу сабағын талдау.
|
11.12
|
Нургалиева Н.А Барлық қатысушы
ұстаздар
|
ІІІ Қорытындылау кезеңі
|
7
|
LS қорытындылау, ұсыныстарды анықтау
|
|
Қатысушы ұстаздар
|
8
|
Өткізілген LS-дің қорытындысы бойынша іс-тәжірибе бөлісу
|
қаңтар
|
Қатысушы ұстаздар
|
Модератор: ____________ Кусанова Ж.А.
Зерттеу тобы мүшелерімен кеңесе отырып, психолог көмегімен 8 «б» сыныбында сауалнама өткізілді.
№
|
Сұрақтар
|
Жауап
|
Ия
|
Жоқ
|
Кейде
|
1
|
Мәтінмен жұмыс жасау қиындық тудыра ма?
|
|
|
|
2
|
Мәтіндегі негізгі ойды анықтай аласың ба?
|
|
|
|
3
|
Мәтін бойынша жеңіл сұрақтарға жауап беру қиындық тудыра ма?
|
|
|
|
4
|
Мәтін бойынша күрделі сұрақтар құрастырып, жауап беру қиындық тудыра ма?
|
|
|
|
5
|
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра аласың ба?
|
|
|
|
6
|
Мәтіннен алған ақпаратты тапсырмалар орындауда қолдана аласың ба?
|
|
|
|
7
|
Мәтінге қатысты өз ойыңды (тұжырымыңды) білдіре аласың ба?
|
|
|
|
Сауалнама нәтижесінде қатысқан 24 оқушының 15-і (62,5%) мәтін бойынша күрделі сұрақтар құрастыруда, 12-і (50%) мәтінге қатысты өз ойын (тұжырымын) білдіруде қиналатынын айтқан. Сауалнама қорытындысы бойынша «Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» зерттеу тақырыбы анықталды. А,В,С деңгейлі оқушылар анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді.
С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.
В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.
А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.
Зерттеу жұмысын жүргізу үшін сыныптың ерекшелігін ескердік. Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері мұғалімнің бақылауымен және бағыттауымен, ұйымдастыруымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз белгілі бір уақыт ішінде оқушылардың ынтымақтастықта тапсырманы орындауы. PISA зерттеуiнде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия,олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамытуы деп көрсетілген.Оқушылардың оқу сауаттылықтарын арттыру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағыттадық.Рефлексияны бағалау үшін мәтіннің мазмұны немесе формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті басқа жерден алған білімдерімен байланыстыра білуіне, мәтінде берілген бекітулерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді.Сонымен зерттеу сабақтарына кірістік.
2- зерттеу сабақтарын өткізу кезеңі
Желтоқсан айында жоспар бойынша үш циклдан тұратын зерттеу сабақтары өткізілді. Әр сабаққа зерттеуге қатысушы және өзге де сол сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер қатысып, бақылау картасын толтырып отырды. Әр сабақтан кейін оқушылардан сұхбат алынды. сабақ біткен соң топ мүшелері жиналып, сабақты талқылады, оң нәтижелерді анықтап, ұсыныстар беріп, келесі сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижелерін белгілеп отырды. Алдағы сабақтың жоспарларын бірлесе жоспарлап, әдіс-тәсілдерді тиімді таңдау жолдарын ұсынды. Әр сабақтан кейін пән мұғалімдері рефлексиялық есеп жазды.
Сабақты бақылау парағының үлгісі
Сабақ барысында қол жеткізген табысы мен жетістігі
|
А-деңгейлі оқушы
Фокус тобының табыс критерийлері
|
В-деңгейлі оқушы
Фокус тобының табыс критерийлері
|
С-деңгейлі оқушы
Фокус тобының табыс критерийлері
|
Деңгейі
|
Оқушыларға берілген тапсырмалар
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушы жауабы
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушы жауабы
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушы жауабы
|
А,В,С
|
Тест тапсырмасы
|
|
|
|
|
|
|
А,В,С
|
Кластер құру
|
|
|
|
|
|
|
С
|
«Қар үйіндісі»
|
|
|
|
|
|
|
В
|
«Егер, онда, өйткені...»
|
|
|
|
|
|
|
А
|
«Фишбоун»
|
|
|
|
|
|
|
С
|
«Жуан-жіңішке сұрақтар»
|
|
|
|
|
|
|
В,А
|
«Жуан-жіңішке сұрақтар»
|
|
|
|
|
|
|
С
|
Синквейн
|
|
|
|
|
|
|
В,А
|
Эссе
|
|
|
|
|
|
|
Кері байланыс
/сұхбат/
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |