Сыныптағы білім сапасын арттыру, сабақты жақсартуда Lesson Study


Ағылшын тілі пәні бойынша 1-зерттеу сабағының рефлексиялық жазбасы



бет2/2
Дата17.10.2019
өлшемі252,53 Kb.
#50179
1   2
Байланысты:
лессон стади әд нұсқау


Ағылшын тілі пәні бойынша 1-зерттеу сабағының рефлексиялық жазбасы

«Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру тақырыбындағы» Lesson Study зерттеу жұмысының 1-зерттеу сабағы ағылшын тілі пәні бойынша өткізілді.

Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі оқу сауаттылығы.

Оқу сауаттылығы:



  • Ақпаратты табу;

  • Мәтінді интерпретациялау;

  • Рефлексия және бағалаудан тұрады.

Оқу сауаттылығы дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі.

Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады. Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.

Осы мақсатты негізге ала отырып,Lesson Study жоспары бойынша фокус топ мүшелері алғашқы ағылшын тілі пәнінің сабағын жоспарлады.

Сабақтың тақырыбы: «Education: the purpose of school»

Мақсаты:


  • Мектептің оқыту мақсатына тоқтала отырып, ойларын айта білуге жетелеу.

Міндеттері:

  • Мәтінмен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

  • Мәтінге сұрақ қоя білуге үйрету.

  • Берілген жоғары-төмен дәрежелі сұрақтарға жауап беру.

  • Мәтіннен негізгі идеяны таба білу.

  • Мәтінге сүйеніп диалог құрастыра білуге дағдыландыру.

  • Мәтіннен түсінгеніне сүйеніп, ой қорыта білуге дағдыландыру.

Сабақтың пән бойынша мақсаты айқындалғаннан кейін, үш деңгейлі оқушыдан күтілетін нәтиже және оқушылар белгіленді.

С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.(Муратов Азамат)

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады(Амангелді Диас)

А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.(Байгиреева Балия)

Lesson Study жүргізудің негізгі мақсаты оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру болғандықтан сабақта мәтінмен жұмыс жүргізілді.Оқу сауаттылығын интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асыру жоспарланған болғандықтан, сабақтың жоспарына балалардың пән бойынша деңгейлері ескеріліп, тапсырмалар дайындалып, әдістері таңдап алынды.



ББЖӘТ: диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар, сәйкестендіру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тіл жаттықтыру мақсатында тақырыпқа сай ән айту.

СТОҮ: Кластер әдісі, Эссе, Жуан-жіңішке сұрақтар

ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар.

АКТ: аудиожазба.

ББК: топтағы оқушылар көшбасшылығы.

ОҮБ: критериалды өзін-өзі жиынтық бағалау.
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға бағалау парақтары таныстырылып, оқушылардың сабақ барысында қандай нәтиже күтілетіні, мақсаты таныстырылды. Тіл жатттықтыруда белгіленген үш оқушы да әнді жақсы көңіл –күймен орындады.

Ой қозғау мақсатында «Кластер» әдісі арқылы «мектеп сіз үшін не?» сұрағына ой топтастыру жасалды. Бұл тапсырманы орындауда С деңгейлі Азамат мүлдем қатысқан жоқ В деңгейлі Диас тек бірғана сөз айтты. А деңгейлі Балия ғана белсенді қатысты.

Жоспар бойынша мәтінмен жұмыста келесі тапсырма оқу болды. Шет тілі сабағы болғандықтан мұнда балалардың оқуына да аса көңіл бөлінді. А деңгейлі Балия ережеге сай жақсы оқыды, Азамат оқуында , сөздердің айтылуында қателіктер жіберіді. В деңгейлі Диас күтілген нәтижеден сәл төмен дәрежеде оқыды , қателіктер жіберді. Сөздікпен жұмыста Балия өзіне таныс емес сөдерді таба білді, мәтіннің мағынасына сай оқу барысында аудара білді. Диас осы тапсырмада да бір ғана сөз жазды, оны оқу барысында аудара алмады. Бүгінгі өткізілген сабақ барысында әдеттегіден белсенділігі төмен, өзіне сенімсіз болды.
Келесі тапсырма сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдісі жоғары –төмен дәрежелі немесе жуан-жіңішке сұрақтарға жауап беру. Бұл этапта С деңгейлі Азамат бір жеңіл сұраққпа жауавп беріді, бірақ оқымады.
В деңгейлі Диас бір күрделі «How do you think why they learn foreign languages?»

Сұрағына жауап бере алды. А деңгейлі Балия 2 күрделі сұраққа , 1 оңай сұраққа жауап бере алды.


Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс сәйкестендіру және негізгі идеясын табуға бағытталған тапсырма мәтіннің кілт сөзін тап және мәтін мағынасына сәйкес келетін мақалдарды таңда тапсырмасында Балия тапсырманы күтілгендей орындап шықты, кілт сөзін тапты, мақалды дәл таба білді. Диас кілт сөзін таба білді, бірақ мәтіннің І- бөліміне мақалды сәйкестендіре білді, 2- бөліміне таба алмады.Азамат мақалды сәйкестендіре білді, бірақ кілт сөзін таба алмады.
Қорытынды тапсырма деңгейлік тапсырмалар берілді. С, В деңгейге мәтін бойынша тест жазу және В, А деңгейіне эссе жазу. Азамат пен Диас тест жұмысын орындады, Балия эссе жазды. Эссе жазуда сөйлемдердің құрылымында қателіктер кездесті, дегенменде негізгі ойын жеткізе білді.
Жалпы сабақты қорытындылауға топтық жұмыс үйымдастырылды. Топтық жұмыста С деңгейлі Азамат өте жақсы қатысты, жеке жұмыста қиналғанымен, топпен жұмыста өзін сенімдірек сезінді.В деңгейлі Диас ойлағандай белсенді қатыспады.Сабақ үстінде өзін сенімсіз ұстады.А деңгейлі Балия күтілгендей белсенді қатысып, топтық жұмыста көшбасшы болып, жұмысты қорғауда Азаматқа көмектесті.
Жалпы сабақтың өту барысында тіл тосқауылы балалардың ойларын еркін айтуына кедергі келтірді, бірақ сөздікпен жұмыс жасау, мимика жест, тірек сөздерді пайдалану арқылы барынша жол тауып шығуға тырысты. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыруда, күтілген нәтиже бойынша А деңгейлі Балия ойдағыдай жұмыс жасады, яғни нәтижеге қол жеткізе білді. С деңгейлі Азамат та өз деңгейінде жақсы жұмыс жасауға тырысты, жеке жұмыста сенімсіздік танытқанымен, топтық жұмыста өзін көрсете білді. Олай деудің себебі топ болып жұмыс жасағанда постер қорғауға шықты. В деңгейлі Диас қана өз деңгейінде жқмыс жасай алмады. Сабақта сенімсіз болып, белсенділік таныта қоймады.
Сабақ аяқталған соң оқушылардан сұхбат алынды. Балия мен Азаматқа сабақ үстінде өздерінің қалай жұмыс жасағандары ұнаған. Ал Диасқа өзі-өзінің көңілінен шыға қоймапты, себебі ол өзінің сабаққа өзге адамдардың қатысқандығы оны қобалжытыпты. Осыдан шығатын қорытынды оқушының өз-өзіне деген сенімін арттыру бағытында жұмыс жасау қажет.

Ағылшын тілі сабақтарында мәтінмен жұмыста оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырумен қатар , оқу сауаттылығын қалыптастыруда тиімді пайдалануға болады деуге болады.


Қорытындылай келе келесі зерттеу сабағы қазақ әдебиетіне фокус топтың жасаған ұсынысы

-Мәтінмен жұмыс барысында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру;

-Бағалаудағы табыс өлшемдерінің дискрипторларын ашып көрсету.
2- зерттеу сабағы. Қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пәні

Қазақ әдебиеті

Сынып

8

Тақырыбы:

Абай «Он жетінші қара сөзі»




Мақсаты

Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзінің» мазмұнын меңгерту, идеясын ашу

Міндеттері

  • Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге бағыттау

  • Өзінің ішкі жан дүниесіне үңілту арқылы өмірмен байланыстыра талдату

  • Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу

  • Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;

  • Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже

С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.

А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.







Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

ОҮБ: табыс өлшемдерін таныстырады, бағалау парақтарын үлестіреді.







Бағалау парағы

Үй тапсыр масын сұрау

Тест тапсырмасы. 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындату арқылы үй тапсырмасын тексереді.

Оқушылар тест тапсырмаларына жауап береді. Жауаптарын тақтада көрсетілген жауаптармен тексереді.

Әр дұрыс жауап 1 балл

Тест (қосымша №1)

слайд №1


Ой қозғау

СТОҮ: Кластер әдісі

«Қара сөз деген не?» сұрағы аясында ой топтастыруын сұрайды.




Қара сөз



Оқушы ның бұрынғы білімін пайдалана алуы

Слайд №2

Мағына ны тану

1/ АКТ: 17 қара сөздің аудио нұсқасын тыңдатады
Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды таңдауға мүмкіндік береді. ББЖӘТ: топтық жұмыс Оқушылар таңдауы бойынша 5 топқа топтастырады

2/СТОҮ әдістері;



ДБЖ –деңгейлік тапсырма:

ББК: топтағы оқушы көшбасшылығы

С деңгейі – «Қар үйіндісі» әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушыларға қар кесектерін таратып, кезекпен жалғастыру арқылы қара сөздің мазмұнын айтуды тапсырады.


В деңгейі – «Егер, онда, өйткен» әдісі. Бұл әдіс арқылы кейіпкерлер Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылымның іс-әрекетін талдау арқылы олардың өмірде алатын орнын анықтауды тапсырады.

А деңгейі –«Фишбоун» әдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, қара сөзден проблеманы анықтау, себептерін табу, дәлелдеу, қорытынды жасауды тапсырады.

3/ ДБЖ: деңгейлік тапсырма

СТОҮ: «Жуан-жіңішке» сұрақтар


17 қара сөздің аудио нұсқасын тыңдайды.

С деңгейі – қар кесегі берілген оқушылар қара сөз мазмұнын айтуға дайындалады, алғашқы оқушы екінші оқушыға қар кесегін ұсына отырып қара сөз мазмұнын айтуды бастайды, екінші оқушы алғашқыны қайталап, өзі бір сөйлеммен жалғайды. Осылайша қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі арқылы құралады.

В деңгейі – Кейіпкерлер Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылымның іс-әрекетін талдау арқылы олардың өмірде алатын орнын анықтайды. Мысалы, Егер Қайрат билесе, онда әділдік болмайтын еді, өйткені, күш-қайратты адамдар әділетсіз, жаман әрекеттерді іске асыруға пайдалануы мүмкін еді.

А деңгейі- Оқушылар балық қаңқасына қара сөзден проблеманы , себептерін анықтап, дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды.



Себептері

Проблема

Қорытынды

Дәлелдер

Проблема: Басшылыққа таласу

Себептері: Қайрат басқарғысы келді

Дәлел: Ол өнер, мансап, мал табудағы қажырлы еңбек менің арқамда деп есептейді.

.........

Қорытынды: Ғылымның шешімі.

С – Қара сөз бойынша бір жіңішке сұрақ құрады

А,В деңгейі – Қара сөз бойынша бір жуан сұрақ құрады.


Мәтін мазмұнын түсінуі, жеткізе білуі, өзгені тыңдап, есте сақтай алуы


Өзіндік талдау жасай алуы


Проблема ны анықтау,

себептері мен дәлелдерін табуы

Деңгейлік сұрақтар қою, жауап бере алуы


Қар кесектері




Ой толғаныс

С деңгейі - «Синквейн» әдісі
В,А деңгейлері – 5 минуттық эссе

«Синквейн» - Қайрат, Ғылым, Ақыл, Жүрек біреуін таңдап жазады

Эссе – «Мен бүгінгі сабақта қайндай ой түйдім» (өмірмен байланыстыру)



Білімін пайдалануы

Ой қорытуы, өмірмен байланыстыруы






Бағалау

ОҮБ: критериалды өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

С деңгейі – 17 қара сөзді оқиды

В деңгейі – Венн диаграммасы . Қара сөз кейіпкерлерін салыстырады

А деңгейі – 17 қара сөзді жаттайды.









Қазақ әдебиеті пәні бойынша 2-зерттеу сабағының рефлексиялық жазбасы

Бірге жиналу –бұл бастама,

Бірге қалу –бұл алға жылжу,

Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік.

Генри Форд

Білім беру жүйесінде бастысы –бұл тұлғаның интеллектуалды және эмоционалды дамуы. Өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдықты қажет ететін жағдайда заман талабына сай өмір сүріп , қызмет етуі қажет. Осы орайда мұғалімдер алдында оқушыны тек университетке түсуге емес, өмірге дайындау міндеті де тұр. Ал оқушының оқу сауаттылығын қалыптастыруда тілдік пәндердің орны ерекше. Осы мақсатта 8 «б» сыныбында өткізілген сауалнама қорытындыларына сүйене отырып, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі мен орыс тілі пәні мұғалімдері білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл Lesson Study  өткізуді жоспарладық. Жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы құрылды.

  
Жүргізілген сауалнама негізінде «Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбы белгіленді.
Lesson Study зерттеу жұмысының 2-зерттеу сабағы қазақ әдебиеті пәнінен Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзі» бойынша өткізілді.

Алғашқы зерттеу сабағы ағылшын тілі пәні бойынша өткен сабақты талдау нәтижесінде келесідей ұсыныстар берілді:



  • Мәтінмен жұмыс барысында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру;

  • Бағалаудағы табыс өлшемдерінің дискрипторларын ашып көрсету.

Берілген ұсыныстар ескеріле отырып, зерттеуге қатысушы фокус топ мүшелерінің бірігуімен қазақ әдебиеті сабағының жоспары жасалды, мақсаты мен міндеттері белгіленіп, А (Байгиреева Балия), В (Амангелді Диас), С (Арыстанов Ертарғын) деңгейлі оқушылардан күтілетін нәтиже анықталды.

Сабақтың мақсаты:



  • Абай Құнанбайұлының «Он жетінші қара сөзінің» мазмұнын меңгерту, идеясын ашу

Міндеттері:

  • Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге бағыттау

  • Өзінің ішкі жан дүниесіне үңілту арқылы өмірмен байланыстыра талдату

  • Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу

  • Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;

  • Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:



С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.

А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, негізгі проблеманы шешуге бағытталған келесідей әдіс-тәсілдер жоспарланып, тапсырмалар дайындалды: тест тапсырмасы;

СТОҮ: Кластер әдісі, «Қар үйіндісі», «Егер, онда, өйткені...», «Фишбоун», Эссе, «Синквейн», «Жуан-жіңішке сұрақтар»;

ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар

АКТ: активстудио флипчарты, аудиожазба

ББК: топтағы оқушылар көшбасшылығы

ОҮБ: критериалдыөзін-өзі жиынтық бағалау

ББЖӘТ: диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға бағалаудың табыс өлшемдері таныстырылып, оқушылардың сабақ барысындағы мақсат-міндеттері айқындалды.
Үй тапсырмасы 10 сұрақтан құралған тест арқылы тексерілді. Оқушыларға белгілеген жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып , өздеріне тексеруге мүмкіндік берілді. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланды. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын уақытты үнемдей отырып, бір мезетте тексере алу мүмкіндігінде. Сыныптағы оқушылардың 80% жоғары нәтиже көрсете алған, бұдан шығатын қорытынды –оқушылар үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалған.

Ой қозғау, бұрынғы білімдерін пайдалана алу қабілеттерін бақылау мақсатында «Кластер» әдісі арқылы «Қара сөз деген не?» сұрағы аясында ой топтастыру тапсырылды. Бұл тапсырманы орындау барысында А деңгейлі оқушы (Байгиреева Б.) күтілетін нәтижеде белгілегендей, қара сөз туралы бұрынғы білімін қолданды, белсенділігі жоғары болды, «қара сөзді – дана сөз, насихат, жазбаша жазылады» деген сөздермен ассосация жасай алды. Ал В деңгейлі оқушы екі жауапқа қана қатысса, С деңгейлі оқушы тапсырманы дәптерінде орындады, бірақ белсенділік таныта қоймады.


Келесі мағынаны тану сатысында топтық жұмыс барысында оқушылардың оқу сауаттылығының даму деңгейін бақылау көзделді. Топқа бөлініп, А,В,С деңгейлі тапсырмаларды оқушылардың өздеріне таңдай отырып топтасуға мүмкіндік берілді. С деңгейі «Қар үйіндісі» әдісі бойынша жұмыстанды. Қар кесегі берілген оқушылар қолындағы қар кесегін келесі оқушыға ұсына отырып қара сөз мазмұнын айтуды бір сөйлеммен бастады, екінші оқушы алғашқыны қайталап, өзі бір сөйлеммен жалғады. Осылайша қайталанып, мазмұны қар кесектерінің үйіндісі арқылы құралды. Бұл тапсырманы орындауда С деңгейлі оқушылар бір-бірінің айтқандарын есте сақтауда, сабақтастықпен байланыстыруда қиналғаны байқалды, алдыңғы оқушының жауабын есте сақтай алмау немесе өз жауабымен жалғастырып кетуде белгіленген уақытта кідіріп отырды. Бұдан шығатын қорытынды бұл әдісті қолдану үшін әр түрлі деңгейдегі оқушыларды араластырып орындату арқылы жетістікке жетуге болады. В деңгейлі оқушылар «Егер, онда, өйткені» әдісі бойынша жұмыстанды. Мұндағы мақсат –оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды өз пікірімен сабақтастыра алуына, ой қорытуына жағдай жасау. Кейіпкерлер Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылымның іс-әрекетін талдау арқылы олардың өмірде алатын орнын анықтады. Мысалы, В деңгейлі оқушы Диас «Егер Қайрат билесе, онда әділдік болмайтын еді, өйткені, күш-қайратты адамдар әділетсіз, жаман әрекеттерді іске асыруға пайдалануы мүмкін еді» деп жауап берді. Демек , оқушы мәтінде берілген ойды сұрыптап, қорыта алды. Жалпы осы әдісті қолдану барысында оқушылардың белсенділігі жоғары екені байқалды. В деңгейінде балалардың қара сөз мазмұнын терең түсінгені, оны тапсырманы орындау барысында шебер қолдана алатыны көрінді. А деңгейі –«Фишбоун» әдісімен жұмыстанды. А деңгейін 4 оқушы ғана таңдап, топта бірге жұмыстанды. Оқушылар А 3 форматында берілген балық қаңқасына қара сөзден проблеманы , оның туындау себептерін анықтады, дәлелдерін келтірді, қорытынды жасады. Негізгі проблема мен қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады. Ал себептері мен дәлелдерін анықтауда А деңгейлі оқушы Балия «Ақыл басқарғысы келді, себебі ол өмірдегі барлық нәрсені білетін де, ойлап табатын да өзі, онсыз жақсы мен жаманды ажырата алмайтынын, ғылым мен білімді де үйрене алмайтынын алға тартты» деп сауатты, сыни ойланып жауап берді. Нәтижесінде , бұл әдісті оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда түрлі мәтіндерге талдау жасауда қолданудың тиімді екеніне көзім жетті.
Оқу сауаттылығын арттыру, ойларын жинақтау, мәтін бойынша сұрақтарды қаншалықты деңгейде құрастырып, жауап бере алатынын байқау мақсатында диалогтік әдіс , яғни «Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісін қолдандым. А,В деңгейлі оқушылар жуан сұрақтар құрып, жауап бере алды. В деңгейлі оқушы Диас жіңішке сұрақтар құрай алды. «Ғылымның жүректі таңдауымен келісер ме едің?» деп сұраққа А деңгейлі оқушы себебін мәтінмен және өмірмен байланыста «Ғылымның таңдауымен келісемін, себебі ақылды таңдаса , ақылды адамдар жақсы істермен қатар жасан істерге де жұмсауы мүмкін еді, мысалы атом бомбаларын, қару-жарақтарды да ойлап табатын адамдар....» жауап бере алды.
Сабақты қорытындылауда таңдалған әдіс тәсілдер оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, мәтіннен алған ақпаратты қорыту мақсатында С деңгейінде «Синквейн» , А,В деңгейлерінде «Эссе» әдісі арқылы қолданылды. С деңгейлі оқушы тапсырманы орындауда реттілікті шатастырған, бірақ зат есім ретінде «жүрек» сөзін таңдап, мәтіннен түсінген ойын түйіндей алды. Ал А деңгейіндегі оқушы эсседе сабақтан түйген ойын өмірмен байланыстырды, өзінің алдағы уақытта негізінен жүрегін тыңдау қажеттігін, адамды оның жүрегі алдамайтындығы туралы ой түйгенін айтты.
Сабақ соңында оқушылар сабақ басында берілген критерийлер мен дескрипторларға сүйене отырып өздерін бағалады.
Қорытындысында :

А деңгейлі оқушы:

Қара сөз туралы түсінігі бар, бұрынғы білімін топтастыруда қолданды, белсенділігі жоғары болды, мәтін мазмұны мен идеясын түсінген, проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, қорытынды жасай алды. Мәтін мазмұны бойынша жуан сұрақ құрай алады, жеңіл, жуан сұрақтарға тақырыппен, өмірмен байланысты жауап берді.

В деңгейлі оқушы:

Қара сөз туралы түсінігі бар, топтастыруда қолдана алады, белсенділік жетіспеді, мұғалімнің сұрақтарына ғана жауап берді. Мәтін мазмұнын, идеясын түсінген, кейіпкерлер іс-әрекетіне талдау жасады, мәтіннен алған білімін сұрыптай алды. Мәтін мазмұны бойынша тек жіңішке сұрақ құрай алды, бірақ сұрақтарға жауап беруге қатысты. Тақырыппен байланысты ой қорыта алды, бірақ өмірмен байланыстырмады.
Сабақты бірлесе талдай келе, келесі орыс тілі сабағына келесідей ұсыныс берілді:


  • Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған белсенді оқыту әдістерін көбірек топтық жұмысқа қарай бағыттау


Рефлексия по уроку Русского языка, проведенному в рамках Lesson Study 

Тема урока: «Типы односоставных предложений»

По результатам анализа второго урока исследования по казахской литературе было рекомендовано на уроке русского языка активные формы и методы, направленные на развитие функциональной грамотности чтения учащихся, применить в групповой работе.

Наблюдаемые ученики уровней: А – Ибрагимова Аида, В – Куанышев Эльдар, С – Избасар Адилет.

Цели урока: Закрепить знания, умения и навыки по теме «Односоставные предложения», вырабатывать умение понимать текст, определять тему и основную мысль текста, строить вопросы по тексту, прививать качества вежливого человека.

Для достижения поставленных целей урока были применены различные приемы и методы работы, внедрялись модули» Программы курсов повышения квалификации пед.работников РК»:



Новые подходы в преподавании и обучении: работа в парах, в группе.

Обучение критическому мышлению: классификация, составленеи вопросов низкого и высокого порядка.

Оценивание для обучения и оценивание обучения: комментарии учителя, взаимооценивание учениками.

Использование ИКТ в преподавании и обучении: выполнение задания на интерактивной доске, работа с интернетом.

Обучение талантливых и одаренных детей: уровненвые задания.

Преподавание и обучение в соответствии с возрастными особенностями учеников: задания подобраны с учетом возрастных особенностей учеников.

Управление и лидерство в обучении: учитель управляет процессом обучения, распределяет детей по группам, наблюдает за работой.

С самого начала урока ученики были активны. Для создания коллаборативной среды был проведен тренинг «Комплимент», в котором дети смогли сказать приятные слова друг другу. С целью актуализации знаний было проведено небольшое тестирование, в котором ученики показали, что они хорошо усвоили тему «Типы односоставных предложений». Допустили небольшую ошибу Избасар А. и Азаматов И. При работе в группе с заданием - классифицировать слова - были активны все ученики, дети уровня С также проявили интерес к выполнению задания, внося свой вклад. При совместной работе наблюдалось сотрудничество, взаимоуважение. От одной группы в качестве спикера выступил Азаматов Исатай. Также при работе с текстом ученики выполняли индивидуальные задания. Было предложено на выбор 3 задания: уровней А,В,С. Были ученики, которые выбрали задания не своего уровня и не смогли осилить их. Так, например, наблюдаемый ученик Избасар А., выбрал задания уровня В, соответственно не справился с заданиями: определить основную мысль текста, составить «толстый» вопрос. И наоборот ученик уровня В Куанышев Эльдар выбрал задания уровня С. Ибрагимова Аида (А) выбрала задания уровня А и неплохо справилась с их выполнением, были допущены речевые недочеты при построении предложений. В целом, можно сказать, что на данном уроке ученики поняли содержание текста, смогли определить основную мысль текста. Наблюдается проблема в формулировке идей текста и постановки вопросов. Так же с целью проверки насколько ученики поняли текст я предложила задание по нему. При выполнении задания по тексту вставить пропущенные слова Избасар А. также допустил ошибки как в постановке слов, так и в их правописании. Эльдар выполнял задание на интерактивной доске, слова вставил он правильно, допустил небольшую ошибку в правописании. С целью закрепления грамматической темы урока предложила задание: найти в тексте односоставные предложения и определить их тип. Данная работа выполнялась в группе, учащиеся хорошо справились с ней. Также была предложена работа в парах: составить диалог на данные темы (ученики уровня С) и найти в интернет-источниках материал о том, как здороваются люди разных стран мира и показать несколько из них (А,В). Дети неплохо справились с заданиями, но так как я не уложилась во времени, не все успели выступить.

На уроке ученики чувствовали себя свободно, открыто выражали свои мысли, ставили мне вопросы, не боялись ответить неправильно. Принимали активное участие во всех видах работ, царило взаимопонимание, наблюдался диалог между мной и учениками и между самими учениками. Наблюдаемые ученики оправдали результат на 50%.

Я не уложилась во времени. Считаю, что мне нужно правильно рассчитывать время при отборе заданий для урока. Также работать над формированием правильной речи учащихся, так как дети понимают текст, но допускают в формулировке ответов, построении вопросов.


Зерттеу сабақтары аяқталған соң, топ мүшелері отырыс жасап, зерттеу нәт ижелерін қорытындылады. Зерттеу сабақтарын өткізу барысында интербелсенді оқыту әдістерін сабақтарда пайдалану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға болады деген қорытындыға келдік және келесі ұсыныстарды анықтадық:
-Мәтінмен жұмыс барысында оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру;

- Оқушылардың зейінін шоғырландыратын тапсырмалар көбірек дайындау

- Мәтін бойынша жуан сұрақтар құрастыруға көбірек көңіл бөлу

- Мәтін бойынша оқушының өзіне тапсырмалар құрату.



Қорытынды
Қорыта келгенде, Lesson Study зерттеуі мектептегі әрбір мұғалім үшін оның кәсіби жетілуге көмектесетін тәсіл деуге болады. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:




    1. Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана 2013




    1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей, 2012.www.cpm.kz




    1. «Lesson study» как способ совершенствования практики обучения. Әдістемелік көмекші құрал. Астана, 2014.


Қосымшалар
№1 қосымша

Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау бойынша ұсынылатын іс-әрекеттер

Бірінші Lesson Study-ді қандай сыныпта өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз, содан кейін әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алыңыз. Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтап алыңыз. Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз. Өзіңіз жетілдіргіңіз келетін немесе пайдалануды жоспарлап отырған оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз. Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетіңізді жазып отырыңыз: өзінің тақырыпты игеру қарқынын көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді. Қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және тақтада не жазатыныңызды барынша дәл анықтап алыңыз, әрбір кезең үшін уақыт шеңберін белгілеңіз. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алыңыздар. Барлығы екі оқушы қадағалап, үшінші оқушы назардан тыс қалмайтынына сенімді болыңыз.

№2 қосымша

Lesson Study-ді өткізу Ұсынылатын іс-әрекеттер Lesson Study-ді жоспарлау үшін келесі бетте ұсынылған сызбаны қолданыңыз. Оны А3 форматына дейін үлкейткен абзал болады. Сызбаны, сонымен бірге, (көшірмесі жасалып, Lesson Study-дегі бақылаушыларға берілсе) бақылау картасы ретінде де қолдануға болады және Lesson Study-ден кейінгі талқылау барысында негізгі материал бола алады. Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді бірлесіп бағалауға ерекше назар аударыңыз. Сіз оқушылардың жетістіктерін бағалау материалдарын қолдана аласыз. Топ мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырғаны өте маңызды. Lesson Study бірлесіп жоспарланатындықтан, ол топтың бірлескен меншігі болып табылады. Бұл бақылаушылардың мұғалімге емес, бақылаудағы оқушыға (оқушыларға) көп көңіл бөлетіндігін білдіреді. Олар әрбір бақылауды бақылаудағы оқушыға ғана негіздей отырып бастауға тырысып, кейіннен бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың қамтылуына ұмтылуы керек. Бақылаушылар бақылаудағы оқушылардың сабақтың әр түрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп отырып, осы кезеңде жоспарланған нәтижеге сәйкестігін немесе одан алшақтығын ескеріп отырулары қажет. Екіталай жағдай туындаса, оларды да ескеру қажет. Егер барлығына бірдей жағдай орын алса (мысалы, барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе), оны оң жақ бағанға белгілеңіз. Мүмкін болса, әрбір түсініктеменің уақытын белгілеп отырыңыз. Қорытындылай келе, жоспарланған нәтижемен салыстыра отырып, әр оқушының ілгерілеуінің дәлелдемесін анықтап, олардың күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін белгілеңіз. Бақылаудағы оқушылар (топтар немесе сынып) үшін келесі сабақтың негізгі кезеңдері қандай болмақ? Оларға сабақтан кейін қандай сұрақ қоя алар едіңіз? Оларды парақтың соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қойыңыз.

№3 қосымша. Сабақты бақылау, талқылау картасы



№4 қосымша. Сабақтан кейін оқушылармен сұхбаттасу бойынша ұсыныстар

Ұлыбританияда Lesson Study топтары зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен жиі сұхбаттасып тұрады. Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір уақытта немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін. Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген дұрыс. Өзіңіздің жазбаларыңызда олардың кейбір жауаптарын түртіп алуға тырысыңыз. Кейде бақылаудағы оқушылармен бірге оқитын топтардағы басқа оқушылардан да жауап алынады. Бұл жауаптарды әр түрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік бергенімен, жиналған мәліметтерді жүйелеуді қиындатып жіберуі мүмкін.

Түсініктемелер 2-кесте. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар



Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар




Саған сабақта бәрінен де не ұнады?
Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б.
Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?






№5 қосымша

Lesson Study-ден кейінгі талқылау

Lesson Study тобына мүмкіндік болса сабақтан кейін бірден жиналу қажет (әрине, сабақ өткеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей). Сіз топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау критерийлерімен таныстыра аласыз:

1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;

2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;

3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау;

4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;

5. талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады;

6. Талқылау барысында Lesson Study тобының білім алғандығын жазып алып отыратын және соңында осы топ мүшелеріне немесе топқа кірмейтін адамдарға түсініктеме беретін «кеңесшіні» (соңғы түсініктеме беретін адам) тағайындау. Бұл адам мектеп қызметкері болмауы да мүмкін. (Takahashi, 2005). Ең бастысы, талдауды оқытудан емес, бақылаудағы оқушылар (мен басқа оқушылардың) оқуын, білім алғандығын қадағалаудан бастау керектігін ұмытпау керек (3-суретті қараңыз).

Бұл реттілік оқушылардың білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың соңғы түрі мұғалімдерге субъективті және кәсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып көрінуі мүмкін (3-суретті қараңыз). Қол қойып, күнін жазыңыз. Түсініктемелерді мұғалімдер бөлмесіндегі кәсіби даму журналында сақтаңыз.



Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдалануға болады Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте




Бақылаудағы А деңгейлі оқушы

Бақылаудағы В деңгейлі оқушы

Бақылаудағы С деңгейлі оқушы

Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді? Ол жеткілікті болды ма? Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?










Енгізіліп жатқан әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді (екеуі де болуы ықтимал)? Қандай тосын оқиғалар болды?










Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспекті(лері) түзетілуі керек?










Келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек?














Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет