Сыныптан тыс жұмыстар Кіріспе



бет1/8
Дата04.11.2016
өлшемі2,14 Mb.
#349
  1   2   3   4   5   6   7   8




Сыныптан тыс жұмыстар

Кіріспе


Мектепте химия пәні оқытудағы мақсат – күнделікті тұрмысымызда, өндіріс пен өнеркәсібімізде, ауыл шаруашылығында және ғылым салаларында кездесетін химия ғылымына қатысы бар білім, біліктіліктерді оқушыларға меңгерту.

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – мектептегі басқа да оқу, тәрбие жұмыстары тәрізді еңбек, адамгершілік, экономикалық, эстетикалық, экологиялық т.б тәрбиелерді кешенді түрде жүргізумен бірге химия пәні бойынша терең білім беріп, оқушының жалпы білімін дамыту болып табылады.

Химиялық білім жас жеткіншектер санасын қоршаған орта туралы, ондағы заттар мен олардың өзгерісі жайлы және оларды өмірде, өндірісте, ғылымда пайдалану жолдары туралы түсінікпен толықтырады.

Химиялық білім мектеп оқушыларын келешекте қандай да бір мамандық алуға икемдеп, өмірден өз орнын табуға бейімдейді.

Осыған орай әрбәр оқушының мектеп қабырғасында жүріп – ақ қоғамымыздың экономикалық күш – қуатын арттыратын бірден - бір сала – химия ғылымы бойынша тиянақты білім алуын көздеу қажет.

Химиядан қазіргі заман талабына сай терең әрі тиянақты білім алғысы келетін жас ұрпақты оқыту үшін қалыпты жағдайдағы химия сабағы мен оқулықтағы материалдық аздық етеді. Осыған сай химияны оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды.

Химия пәнін оқытудың әдістемесін, химия сабағында жаңа технологияларды пайдалану жолдарын жетілдірумен бірге, химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды өткізу іс-шараларының да оқушыларға берер пайдасы мол.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білім негіздерін терең игеруіне, пәнге деген қызығушылығын арттыруға және болашақта қандай да бір мамандықты таңдауына игі әсерін тигізеді.

Мектепте сыныптан тыс жұмыс жүргізудің өзіндік ерекшелігі – оқушы сабақтан тыс жұмыста алған теориялық білімін толықтырады және оны іс жүзінде сынақтан өткізе алады. Сондықтан да оқушылар сыныптан тыс уақытта білімдерін өз бетінше толықтыруға мүмкіндік алады.

Сыныптан тыс жұмыстар белгілі бір мақсатқа бағытталып, арнайы бағдарламамен жүргізіледі. Ұстаз оқу-тәрбие жұмысы барысында сабақ пен сыныптан тыс жұмысты өзара тығыз байланыстыруы тиіс. Алынған теориялық білімді пысықтау үшін қоғамдық пайдалы еңбек пен, бұқаралық, қоғамдық, көпішілік іс – шаралармен айналасуы, танымдық ойын үлгілерін өткізу арқылы оқушылардың қиялына қозғау салуы әрі пәнге қызықтыруы қажет.

Сонымен химия сбағындағы сыныптан тыс жұмыстың мақсаты – оқушыларды қызығушылығына , бейімділігіне қарай түрлі химиялық үйірмелерге қатыстырып, қоғамдық жұмыстарға (кеш, ғылыми – практикалық конференция, онкүндік, викторина, КТК, экскурсия т.б) белсене қатысуға тәрбиелей отырып, шығармашылық ізденістерге (олимпиада, ғылыми жоба қорғау, мақала жазу т.б) үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет