Сыныптан тыс жұмыстар Кіріспе



бет8/8
Дата04.11.2016
өлшемі2,14 Mb.
#349
1   2   3   4   5   6   7   8

Протон тобы: Алюминий.

«Химик»:

Элемент алюминий ІІІ период ІІІтоптың негізгі топшасында орналасқан.

Атом құрылысы: +13 2е---

1s2 2s2 2p6 3s2 3p1

Алюминий белсенді металл. Екідайлы қасиет көрсетеді. Ол қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттесуге қабілетті. Al2O3 – екідайлы оксид, Al(OH)3 – екідайлы гидроксид.

Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O

Al(OH)3 + NaOH = Na[Al(OH)4]

Алюминий тұздарын сілтілермен сапалық реакция бойынша анықтауға болады. Бұл кезде алюминий гидроксидінің қоймалжың тұнбасы түзіледі. Тұнба сілтінің артық мөлшерінде ериді. (интерактивті тақтада виртуалды зертхана арқылы көрсетеді)



«Биолог»:

Адам ағзасында алюминий - 0,001 гр. Ол бауырда, сүйекте кездеседі. Судан адам ағзасына 5-8%, ал шай жапырақтарынан 100-200есе артық алюминий беріледі. Алюминиден жасалған ыдыстарды жиі пайдалануға болмайды, себебі ол тамақтың құрамына өтіп адам ағзасына артық мөлшерде енеді. Алюминий мөлшері ағзада артып кетсе адамның жүйке жүйесін зақымдайды.



«Географ»:

Белсенді болғандықтан алюминий табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамындағы алюминий – табиғатта ең көп таралған металл. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері шамамен 9%. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты – боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік шығысында, Ақмола облысымен Торғай үстіртінде. Қазақстан алюминий өндіруден ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.



Топ жетекшісі:

Алюминий техникада және тұрмыста кеңінен қолданылады. Жеңіл және бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан, оның авиациялық өнеркәсіпте, автокөлікте, электротехникада электр сымдарын жасау үшін, сонымен қатар жарылғыш заттарды алуда, химиялық аппаратураларды дайындауда, ғимараттарды салуда, жиһаздарды, ыдыстарды және т.б. жасауда маңызы өте зор. Алюминийлі жұқа фольга конденсаторлар жасау үшін қолданылады. Алюминийді кабель, қаңылтыр жіне айна өндірісінде пайдаланады. Алюминий тозаңын «күміс сияқты» түс беру үшін бояу ретінде қолданады. Алюминиймен темір бұйымдардың бетін қаптайды, бұл оларды жемірілуден қорғайды.



Нейтрон тобы: магний.

«Химик»:

Магний ІІІ период ІІтоптың негізгі топшасында орналасқан.

Атом құрылысы: +12 2е---

1s2 2s2 2p6 3s2

Магний белсенді металл. Егер ауада магний ұнтағын немесе жұқа магний лентасын жақса, көз қаратпайтын ұшқынмен жанады.

2Mg + O2 = 2MgO

Бұрын магнийдің бұл қасиетін фотографияда қолданған, қазір жарық шығаратын зымырандарда, әскери техникада қолданады. (интерактивті тақтада бейне фрагмент көрсетіледі).

«Биолог»:

Магний біздің организмде ең көп таралған элементтің төртіншісі және ол ағзамызда жүретін 300-ден астам үрдістерді жүзеге асырады. Магний атомы жасыл өсімдіктердің хлорофилінің құрамды бөлігі. Магнийдің қатысуынсыз фотосинтез процесі жүрмейді. Бұл ғаламшарда тіршілік болмайды деген мағынамен тең. Адам организміне магний өте қажет. Ол жеткіліксіз болғанда жүрек бұлшық етінің жұмысы бұзылады.



«Географ»:

Магний табиғатта таралуы бойынша сегізінші орында, оның жер қыртысындағы массалық үлесі 1,9%. Ол 200-ге жуық минералдың құрамына кіреді.

Ақ мәрмәр – Алматы облысында, Екпінді кен орнында өндіріледі.ТМД бойынша ең ірі асбест кен орны – Жітіқара біздің республикамызда орналасқан. Магнийдің көп мөлшері – мұхит, теңіз және тұзды көлдердің суларында бар. Магний шикізаты жоқ кейбір елдерде теңіз суынан магний өндіру жолға қойылған.

Топ жетекшісі:

Біз нейтрон тобы магний элементіне толық сипаттама бердік. Грекияның Магнезиум деген жерінен табылғандықтан сол жердің құрметіне магний деп аталған. Магний заводы 1965жылы Шығыс Қазақстан облысының Согра деген жерде Үлбінің жоғарғы жағында ашылған. Жоғарғы технологиялы жарыс велосипедтерін ешқандай бұрандамарларсыз және тегірлерсіз магнийдің тұтас кесегінен жасалған корпуспен шығарады. Осындай велосипедтер жеңіл, мықты және ең бастысы өте жүрдек. Жеңіл және аса төзімді металл болғандықтан магнийді күнделікті пайдаланатын заттарды қаптау өндірісі үшін пайдаланады.



Ядро тобы: темір.

«Химик»:

Элемент темір ІҮ период ҮІІІ топтың қосымша топшада орналасқан.

+26 2е-- 14е-- 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Темір ауыспалы валентілік көрсетеді – 2 және 3. FeO – қара түсті ұнтақ, суда ерімейді. Негіздік қасиеттер көрсетеді. Fe2O3 – күрең, қоңыр түсті ұнтақ, суда ерімейді. Бұл оксидке екідайлы қасиет тән. Fe(OH)2 - темір ІІ гидроксиді, Fe(OH)3 – темір ІІІ гидроксиді.



«Биолог»:

Темір тірі организмдерде болады. Үлкен адамның денесінде 4-5г темір болады, оның 65%-і қанның гемоглабинінде. Гемоглабин қанға қызыл түс береді және химиялық элементтер қызметіндегі кіп-кішкентай пошташылар сияқты, қан құрамындағы темір атомдары біздің өкпеміздегі оттекті жүрегімізге және миымызға жеткізеді де, содан кейін көмір қышқыл газын өкпемізге әкеледі. Темір иондары көптеген ферменттердің қалыпты қызметіне, қан түзілу процесіне және организмде зат алмасу процесі жүру үшін қажет. Қанда темірдің жетіспеуі адамның денсаулығына әсер етеді, қаназдық ауруы пайда болады.



«Географ»:

Темір – табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде «аспан» немесе «жұлдыз» тасы деп атаған. Елімізде темір кендерінің үлкен қоры – Торғай темір кені бассейнінде және Орталық Қазақстанда бар. Темір минералды сулардың құрамында сульфат және гидрокарбонат түрінде кездеседі. Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.



Топ жетекшісі:

Темір қазіргі техниканың маңызды металы. Бұл орташа белсенді металл. Темір табиғатта үлкен роль атқарады. Таза темірді шеге, тез магниттелу және магнитсізделу қасиетіне байланысты электромагниттік құралдардың бөлшектерін және т.б. жасау үшін қолданады. Көбінесе, темірдің құймалары шойын және болат көп қолданылады. Бұлар қазіргі техниканың басты конструкциялық материалдары. Дүниежүзінде темір мен оның құймаларын қалған барлық металдарға қарағанда 20 есе артық өндіреді. Марстағы топырақ соның салдарынан қызыл түсті болған темірдің қосылысы да Жердегі тот басқан велосипедтер мен машиналардың құбылысымен бірдей.

Енді сөз кезегін басқа саяхатшыларымызға берейік.

Саяхатшы географ:

Бүгінгі саяхат-сабақтарыңызға қатыса отырып, мен географ ретінде біраз ойымды қосайын. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтерінің

90 %-ы біздің Қазақстанымыздың жер қойнауында кездеседі.

Мыстың аса бай кен орындары - Жезқазғанда. Қазақстан дүние жүзінде мыс өндіруден алдыңғы қатардағы орындардың бірінде. Полиметалл Шығыс Қазақстанда Кенді Алтайдағы, Зырян мен Риддерде көп кездеседі. Полиметалға алтын, күміс, мыс және тағы басқа полиметалдар жатады. Қорғасын Жоңғар Алатауындағы Текеліде және Мырғалысайда кездеседі. Қазақстан жерінде фтордың 90% -ы Мұғалжар жерінде кездеседі. Оның 40% пайызы басқа елге шығарылады.

Қазіргі уақытта минералды шикізаттың көп түрлерін өндіріп, өндейтін ірі кәсіпорындар бар, оларға: Соколов-Сарыбай темір кені өнеркәсібі, Лисаковск кен байыту комбинаты, Теміртаудағы металлургия зауыты жатады. Қазақстанның қара металлургия өнеркәсіптері ТМД-да алдыңғы қатарда және осы саланың дүниежүзілік даму деңгейіне сәйкес келеді. Көмір өндірісінің ең ірі кен орындары Жезқазған мен Екібастұзда орналасқан. Жезқазғанда шахталық жолмен, ал Екібастұзда ашық жолмен алынады. Алтын Шығыс Қазақстанда Кенді Алтай және Жоңғар Алатауында кездеседі.

І саяхатшы биолог:

Бүгінгі Менделеевтің периодтық жүйесіне саяхат жасап жатқандарыңызды көріп, өзіміз де осы саяхатқа дайындалып келген едік. Жаңа өздеріңіз атап өткен кейбір элементтердің биологиялық маңызы жайындағы мағлұматтарыңызға қоса, кейбір айтпаған элементтердің сырын ашайық. Мына суретке назар аударсаңыздар, жер қыртысында кездесетін көптеген элементтер адам ағзасында да кездеседі. Әрине, химиялық элементтердің жер қойнауындағы мөлшері адам ағзасына қарағанда көп. Себебі, жер қыртысы сол элементтердің отаны. Мысалы, кальций – жер қыртысында 3,25% болса, ал адам ағзасында 2%, натрий 2,4% болса, ағзада 0,09 % бар, тағы сол сияқты элементтердің жер қыртысы мен адам ағзасындағы мөлшерін мына суреттен көре аласыздар.



ІІ саяхатшы биолог:

Әріптесім жаңа айтып кеткендей, адам ағзасындағы химиялық элементтер 3 топқа бөлінеді – микро-, макро-, және ультрамикроэлементтер. Олар ферменттер, гормондар және дәрумендер құрамында кездеседі. (кесте)

Химияның ғажайып сырларын ақындарымыз жырлайды.


  • Ғажайып нәрсе химия

Тұңғиық сыры әр алуан

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңалап бірі жаралған.


  • Қызық думан - өміріміз ғаламат

Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ

Қыруар істің қайсысында болса да

Құдыретті химия жүр аралап.


  • Химия – ырыс бұлағы

Шалқыған байлық, мол дәулет

Аялап күтіп тұр алда

Болашағымыз - нұр дәулет.

Сабақты қорытындылау:

Химия – ел ырысы, ғасыр үні

Ғылымға қазіргі зор басын иді

Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған

Ашылған табиғаттың жасырыны – дегендей біздің периодтық жүйеміздегі элементтерге тіл біткендей, олармен сырластық.

«Химиктер қатарына қабылдау»

(8 сынып оқушыларына арналған үш көріністі іс – шара)


Мақсаты : Оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, санасында химияның басқа да салалармен байланыстылығы туралы білімін қалыптастыру

Бірінші көрініс

1-оқушы (ұл).Бүгін сіздерді химия әлеміне қызықты саяхат күтіп тұр.

2-оқушы (қыз). Біз саяхатымызды химия кабинетінен бастаймыз.

1-оқушы. Сенде айтады екенсің.

2-оқушы. Иә, сен қарашы дұрыстап, мынау Менделеевтің периодтық кестесі, ал мынау ерігіштік кестесі. Бақылау жұмысындағы тапсырмаларды осыларға қарап орындауға болады.

1-оқушы. Ол, үшін бұл кестелерді оқып үйренуіміз керек. Элементтердің латын тіліндегі мағынасын білуіміз керек.

2-оқушы. Қорықпа бірдеңе етіп жолын табамыз. Таба алмасақ басқа оқушылар көмектеседі.

1-оқушы. Ал мынау қандай кітап (оқиды); «Ұлым менің философиялық сыныпты ал». Сандырақ. (қолын сілтейді).

2-оқушы. Бұл сен ойлағандай сандырақ емес. XIV ғасырдағы Джордж Риплидің «философиялық тас» пен «көмір эликсерін» алудың әдісі.

1-оқушы. Егер уақыт машинасына отырып, 5-6ғ.кейін шегініп, ертеде оқушылардың формулалар мен теңдеулерді оңай есептеу үшін қандай әдістер қолданғанын қарасақ қайтеді.

2-оқушы. Тек екеуміз саяхатқа шыға алмаймыз. Оқушылардың бізбен баруын өтінеиік.

1-оқушы. Бізбен бірге саяхатқа барамын деушілер бірге жүрсін.

2-оқушы. Енді танысып қоялық (өздерін таныстырады)



1-оқушы.Әзір болсаңдар, кеттік!.

Екінші көрініс.

Екі оқушы , қолдарында кітап бар. Бұлар оқымысты достар.



2-оқушы (қыз). Қызық,біз қайда келдік! Мүмкін білім қоймасы болар.

1-оқушы. Сендер кімсіңдер?

1-оқымысты. Біз оқымысты достармыз. Түрлі кітаптарды оқығанды жақсы көреміз, сізге көптеген қызық оқиғаларды айтып бере аламыз. Бәріненде сұрақ қойғанды жақсы көреміз.

2-оқымысты. Мен қонақтарға алдымен «химия» сөзінің пайда болу тарихын айтып берейін. Бұл туралы бірнеше болжамдар айтылады.Алғаш химия ғылымы Мысыр елінде дамығандықтан, «химия» сөзі «кеме»,яғни қара жер деген сөзден шығуы мүмкін. Немесе «хюма» - металдар құймасы деген , сондай-ақ «ким» -алтын сөзінен де шығуы мүмкін.

1-оқушы.Алтынның қатысы қандай?

2-оқымысты. Ертеде қару-жарақтың барлығы алтыннан жасалған. Алтын-адамдар өңдеген алғашқы металл. Бұдан кейін күмісті өңдеген,сосын темірді өңдеген.

1-оқымысты.Мен сіздерге бір мета туралы айтайын. Ертеде бұл металды «аспан тасы» деп атаған. Бұдан жасалған өнімдер алтыннан да қымбат саналады. Мысыр пирамидаларында бұл жұмсақ металдан жасалған әсемдік бұйымдар табылған. Мен қандай метал түрінде айтып тұрмын? (жауабы темір)

2-оқымысты. Ал мен бір күрделі зат туралы айтқым келеді. Бұл затты ертеде өмір мен өлім туғызушы зат деп есептеген . Мұның алдында адамдар басын иіп құлшылық еткен. Құдіреттің, Байлықтың және биліктің мөлшері болып есептелген. Суда пайда болады да , суда өледі. Бұл қандай зат? (жауабы ас тұзы)

1-оқымысты. Біз қызықты кітаптарды әр түрлі тілдерде оқимыз. Сіздерге химия тілінде қызықты сұрақтар қояйық, ал сіздер өз тілдеріңізбен жауап беріңіздер.

Оқымысты-Жылтырдың бәрі (Аu) емес.

Оқушы-(Жылтырдың бәрі алтын емес)

Оқымысты-кальций карбонатындай езіліп жылады.

Оқушы-(Бор сияқты езіліп жылады)

Оқымысты-Феррум мінезді.

Оқушы – (мінезі темірдей)

Оқымысты-Аз сөз –аурум, көп сөз –аргентум.

Оқушы-(Аз сөз алтын,көп сөз күміс)

Оқымысты –Көп H2O ағып кетті.

Оқушы-(көп су ағып кетті).

Сахнаға иығында қабы бар саяхатшы шығады.



Саяхатшы.Сәлеметсіздерме балалар! Жол болсын!

2-оқушы. Біз химия әлеміне саяхат жасап жүрміз

Саяхатшы. Иә мен білемін, бұл өте ғажайып ел, бірақ адасып кетпеу үшін бұл елде географиялық атауларды білу керек.Қане сұрап көрейін.

  • Қандай элементтер елдің атымен аталады? Жауабы: германий,франций,полоний, рутений,геллий.

  • Қандай элементтердің буындарынан өзендердң аттарын оқуға болады? Жауабы:радон-Дон,нилсьборий-Нил,индий-Инд,полони-По.

  • Қай элементтер еуропадағы қалаларының атымен аталады? Жауабы:гафний-Копенгаген, гольми-Стокгольм,лютенцы-Париж.

  • Қай элементтің аты аралдың атымен байланысты? Жауабы:мыс,купрум-Кипр.

Саяхатшы. Менің барлық сұрақтарыма мідірмей жауап бергендеріңіз үшін сіздерге химиялық элементтер кестесін беремін.Жолдарыңыз болсын!

Үшінші көрініс

Үстінде ақ халаты бар, алхимик жұмыс істеп жатыр.



1-оқушы. Міне,қызық! тағы бір жерге тап болдық!

2-оқушы. Кешіріңіз сіз не істеп жатырсыз?

Алхимик. Жанбайтын орамалмен от жағып жатырмын. Ал сіздер бұл жерде не істеп жүрсіздер?

1-оқушы. Біз саяхатта жүрміз. Химия әлеміментанысқымыз келеді.

Менделеев. Сіздер дәл келдіңіздер. Мұнда түрлі қызықтарды көріп өз біліміңізді де көрсете аласыз.

  • Ал оқушылар, маған мына құрал-жабдықтардың не үшін керек екендігін атыңыздаршы.

Оқушылар үстелдегі құралдардың аттарын атап, қайда және не үшін қолданылатынын айтады.

Біліміңізді көрсету үшін сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Физикалық дене неден тұрады? (Заттан)

2. Физикалық қасиеті тұрақты заттар? (Таза заттар)

3. Химиялық құбылыс (Реакция)

4. Құрамы мен қасиеті заттың өзімен бірдей болып келетін заттың ең ұсақ бөлшегі? (Молекула)

5.Атомдардың белгілі бір түрі? (Химиялық элемент)

6. Заттар және олардың бір заттан басқа жаңа затқа айналу қасиеті туралы ғылым? (Химия)

7.Өте ұсақ бөлінбейтін бөлшек? (Атом)

8.Атомдардың белгілі бір түрінен тұратын заттар? (Жай заттар)

9.Жаңа зат пайда болмайтын , тек заттың агрегаттық күйі өзгеретін құбылыс? (Физикалық)

10.Заттың құрамын,химиялық таңбалардың және шартты бегілердің көмегімен жазу? (Химиялық формула)



Менделеев. Өте жақсы! Сіздердің химия еліне бірнеше жыл саяхат жасауға мүмкіндіктеріңіз бар.Болашақта көптеген жаңа және қызықты нәрселермен танысасыздар.

Химиктер қатарына қабылдау үшін сідер ант берулеріңіз керек.



«Біз, 8-сынып оқушылары, химия сабағында тәртіпті болуға ,қауіпсіздік ережесін бұзбауға , үнемі үй тапсырмасын орындап жүруге , барлық сұрақтарға жауап беруге ант етеміз!»

Құпия агентінің шытырмандары

Сабақтың типі: 8-сыныптың химия курсы бойынша білімді жалпылау және жүйелеу

Мақсаты: 8-сыныптың химия курсы бойынша жалпылау

Міндеті:

  1. Білімділік: курстың негізгі тақырыптары бойынша қайталау және бекіту, алған білім дәрежесін тексеру

  2. Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын дамыту, эрудициясын, ойлау қабілетін, анализ жасауға, қорытынды жасап анық жеткізе білуге үйрету

  3. Тәрбиелілік: жеке тұлға ретінде қалыптастыру, топпен бірге жұмыс жасауға үйрету. Байқағыштыққа, топ арасында жұмыс істеген кезде сыпайылылыққа және өзгенің жауабын тыңдауға үйрету.

Көрнекі құралдар мен материалдар: Ұран жазылған сөз, үлестірмелер, номірленген алфавит, тапсырмалар, жауап парағы, телеграмма, құпия агенттері үшін код номері мен аттары бар куәлік.

Ұран: “Жеңу үшін- білім керек, істей білу керек, ойлай білу керек.”

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастырушылық бөлім

  2. Топты таныстыру

  3. Дайындық бөлімі

  4. Тапқырлыққа тапсырма

  5. Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма

  6. Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау

  7. Телефон номерін анықтау

  8. Парольді анықтау

  9. Шифрды шешіп көр

  10. Қорытындылау

Сабақ барысы

Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, оларға реттік санмен нөмір тағайындалады. 001,002,003 және т.б. (топтың бөліну санына қарай.) Әр топ өзінің жетекшісін таңдайды. Сабақты бағалап қорыту үшін сарапшы таңдалып, бағалау парағы беріледі. Бағалауға жоғары сынып оқушысын немесе ата-анадан шақыртып қоюға болады.



Мұғалім: Балалар, сіз бәріңізде теледидардан детективті фильм көруді ұнатасыңдар. Сіздерге жақсы таныс тыңшы батырларды атаңдаршы ? / Джеймс Бонд, Шерлок Холмс, Ниро Вульд, Эркюль Пуаро және т.б / Ал сіздер өздерің тыңшы болғыларын келе ме, олай болса бір сабаққа тыңшы болып көрейікші ? Менің ойымша болады. Бүгін біздер құпия агенті боламыз, яғни құпия ұйымның қиын да шырмалаң тізбектің аралық звеносы болып, құнды ақпаратты алып, және оны жіберуіміз керек. Алдымен сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық. Мына карточкада бір жазу бар. Осыған мұқият қарап, үш сөзден тұратын тақырыбын тауап оқыңыздар.

Карточка: ҚҰШЫАПИЯ ГЕНТЫРТІМАНДАНІҢ РЫ

Өте дұрыс, бұл сабағымыздың тақырыбы: Құпия агентінің шытырмандары.

Олай болса шытырман басталады. Құпия агенті болу үшін сіздер оқыту курсынан өтіп, түрлі сәйкес сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Сіздер құпия агенті бола аласыздар ма екен, қазір тексереміз.

Кез келген құпия агенті болу үшін, сіздер өз жұмыстарыңызды жақсы орындауда қандай қасиет керек деп ойлайсыңыздар? (Оқушы жауаптары батырлық, ептілік, ақылдылық тапқырлық, шыдамдылық, шапшаңдық және т.б.) Әрине өте дұрыс, енді мен сіздердің тапқырлықтарыңызды тексергім келеді. Бірінші байқауды бастаймыз.



1-тур: Тапқырлыққа тапсырма.

2 топ химиялық сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай алады. Егер де топ дұрыс жауап бере алмаса, онда қарсы топ жауап беріп, 1 ұпай табуына болады.



  1. Шынының балқуы қандай құбылысқа жатады ?

  2. Атом молекулалық ілімді жасаған ғалым ?

  3. Атом құрамындағы бейтарап бөлшек ?

  4. Скандинавия аралының құрметіне аталған элемент ?

  5. Сүттің ашуы қандай құбылыс ?

  6. Қандай су дем шығарудан лайланады ?

  7. Қай элемент жетіспеуінен тіс ауруына ұшыратады ?

  8. Құрамында кіретін заттың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспа қандай қоспа деп аталады ?

  9. Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құбылыс ?

  10. Қышқылдар мен сілтілерде өзінің түсін өзгертетін заттар ?

Балалар, сіздер бірінші байқаудан жақсы өттіңдер. Менің ойымша құпия агенті тапқыр болып қана қоймай, тез және епті болу керек. Олай болса, екінші байқауды бастайық

2-тур: Шапшаңдық пен ептілікке тапсырма.


НNO3

NaCІ

MgO

KOH

CO2

H2S

Li3PO4

Fe

CuOH
2 - топқа үлестірме карточка беріледі. Карточкада тордың ішінде заттар формуласы жазылған, екінші бөлігінде заттар атауы берілген. Заттарды аталуымен дұрыс қойған топқа 2 ұпай (әр карточкаға бір-бірден) тез жауапқа 1 ұпай қосылады.

1-алаң

№ 1 алаңдағы карточкалар: қышқыл, тұз, негіздік оксид, сілті, қышқылдық оксид, қышқыл, тұз, металл, негіз.



2-алаң


Күкіртті қышқыл

Мыс (ІІ) оксиді

Темір (ІІ) хлориді

Натрий гидроскиді

сутек

Күкірт (VІ) оксиді

Кальций нитраты

Тұз қышқылы

Мырыш гидроксиді

№ 2 алаңдағы карточкалар: H2SO4, CuO, FeCІ2, NaOH, H2, SO3, Ca(NO3)2, HCІ, Zn(OH)2

Балалар, сіздер тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңыздар. Құпия агентінің деңгейіне жеттіңіздер, құттықтап сіздерге өте жақсы деген белгісін табыстаймын. Ішінен өздеріңіздің жеке код пен жасырын аттарыңыз берілген. Құпия құжаттардың тізімінде осымен өтесіңдер. Енді бұл сіздердің аттарыңыз, оқып естеріңізге сақтап алыңыздар.

Енді ісімізге кірісейік. Мен айтқандай сіздер құпия агентсіздер, яғни құпия жазудың кілтін (шифр) алып, оны әрі қарай жеткізулеріңіз қажет. Егер де сіздер жолдағы кедергілерден өте алмасаңыздар, онда құнды құпия ақпаратты жоғалтып аласыздар. Ол үшін бәрін істей білу керек. Құпия кілтін керек уақыты мен керек жеріне жеткізулеріңіз керек. Сіздер әзірсіздер ме? Сәттілік тілеймін. Онда кеттік.

Алдымен міндетті түрде шифрдың жеткізілу уақытын анықтап алуымыз қажет. Сіздерге мынадай интернет арқылы хабар түсті. Тапсырманы шешу арқылы уақытын табуымыз керек. Олай болса, 3-тур шифрдың жеткізілу уақытын анықтау.

3 тур: Шифрдың жеткізілу уақытын анықтау.

2 топқа карточка беріледі. Сол жағында теңдеу берілген. Оқушылар теңдеуді анықтап, коэффициенттерін қойып, теңестіру керек. Алынған суммасы шифрдың жеткізу уақытын көрсетеді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай және бірінші тапқан топқа 1 ұпай қосылады. (3-5 тур үшін)

CaCO3 =

Ba(OH)2 + H2SO4 =

Li + O2 =

Zn + HCI=

Дұрыс жауабы: 20 сағат.

Өте жақсы. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын білеміз, енді оны қайда және қалай жеткіземіз. Кәне, енді қарайықшы сыбыр сөз қандай жерге жасырылған. Мұқият айналамызға қараңдаршы. Сіздер нағыз тыңшыны таптыңыздар. Бұл хат. Бұл хатты тезірек ашып жолдауды оқиық, мүмкін бұл жолдауда әрі қарайғы әрекетіміз жазылған болар.



«Құрметті агент ! Шифрды әрі қарай жеткізу сіздерге міндетті түрде телефон номерін анықтау қажет. Өте мұқият болыңыздар, әйтпесе байланыс үзіліп, құнды ақпарат жоғалуы мүмкін. Сәттілік тілеймін!»

Кәне балалар, тырысып көрейік ? Олай болса 4-турды бастаймыз.



4- тур: Шифрды жеткізу үшін телефон номерін анықтау.

2 топқа химиялық формула жазылған карточка беріледі. Оқушылар заттардағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, асты сызылған элементтердің тотығу дәрежесін жазып алу.

(Na, H2SO4,AL2O3) KMnO4, CuO, LiNO3, Zn, MnCL2, CO2, H2Cr2O7

Дұрыс жауабы: (063) 7250246

Балалар, сіздер қателеспепсіздер. Сіздер жақсы агент екенсіңдер. Қиын тапсырманы оңай шештіңіздер. Енді біздер шифрдың жеткізілу уақытын, телефон номерін білдік. Бірақ қоңырау соққан кезде парольсіз сізбен ешкім сөйлеспейді. Енді келесі қадам-парольді табу. Сіздер телефон номерін анықтап жатқан кезде маған тағы мынадай тапсырма келді. Тапсырманы орындасақ парольді білуге болады екен. Олай болса 5-турды бастайық.

5- тур: Парольді анықтау

2 топқа химиялық элементтер жазылған карточка беріледі. Оқушылар протон санын анықтап, санды номерленген алфавитке ауыстыру қажет.

N, Ne, O, Al, Cl, Cr Li,Ca, Ar, N.

Дұрыс жауабы мен паролі: Джеймс Бонд

Өте жақсы, бұл тапсырманы да орындап шықтыңыздар. Енді біздер құпия тапсырманы орындау үшін не керегін бәрін білеміз. Кез келген құпия агенті шифрды беріп және алып қана қоймайды, ол оны оқи да білу керек. Ол үшін қазір біз сіздермен әзірлік жүргіземіз. Менің бір таныс құпия агентімнен (атын айтпай-ақ қояйын) бірнеше шифрларды алдырдым. Яғни сіздер шешуге тырысып көріңдер. Дайынсыңдар ма ? 6-турды бастаймыз.

6- тур Құпия кілтін шешіп көр.

Дұрыс жауапқа 1ұпай.



  1. Иісі күшті, сары түсті

Активтігі керемет

Ондай ылаң қылған

Болмаған еш элемент. (Фтор)


  1. Күміс түсті металл өзі

Ақ бор, әктас, мәрмәр еді

Жер металы десек те

Сан құрылыстың өзегі. (Кальций)


  1. Жануарда да адамда да болатын

Талай снаряд, бомбаларды жаратын.

Полиграфияда да сенім артып,

Жапырақта хлорофилді түзетін. (Магний)


  1. Тағады оны төсіне

Алтыннан басқа алдына

Салмақты та сабырлы

Теңеу айтып оған да. (Күміс)


  1. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ. (Оттегі)


  1. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып (Сынап)


  1. Өзі сұйық, иісі де жағымсыз,

Ғалымдар да сондықтан

Сасық деген ат беріп,

Қолданады дәріге. (Бром)

Ал, балалар, бұл тапсырманы да орындап шықтыңыздар. Мен сіздерді құттықтаймын. Мен әзірлеген қиын шырмалаң жолдардан өтіп шығуларыңызбен! Құпия агенті болу үшін сіздер зор құрметпен сыннан өттіңіздер. Мүмкін өмірлеріңізге қажетке жарап қалар. Ал, бүгін сабақта жақсы белсенділікпен қатысқан оқушыларға рахмет айтамын. Біздің қызықты шытырман қорытындылау үшін енді сарапшыларға сөз берейік.



Сабақты қорытындылау. Топты марапаттау. 1-орын алған топқа «өте жақсы» деген, қалғаны «жақсы» деген баға алады. Сонымен қатар топтарға мақтау қағазы мен сыйлықтар беріледі.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты 10- сыныптар арасында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім –кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, -

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:

10 а сыныбы – «Протон» тобы

10 ә сыныбы – «Нейтрон» тобы

10 б сыныбы - «Электрон» тобы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

1.______________________________________________

2.______________________________________________

3.______________________________________________

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Жүргізуші:

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:



1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр»

2 кезең «Мықты болсаң,тауып көр»

3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»

4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр»

5 кезең «Химик -сараман»

Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.



1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа 5 мәтін оқылады. Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.

«Протон» тобы

1.Бейорганикалық қосылыстар 4 кластан тұрады. (Иә)

2.Органикалық заттар көміртек элементінің туындыларынан тұрады. (Иә)

3. Периодтық кестеде 8 перид бар (Жоқ)

4. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципіне сүйенеді. (Иә)

5. Ортақэлектрон жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады. (Жоқ)



«Нейтрон» тобы

1.Элементтің реттік нөмірі оның нейтрон санына тең (Жоқ)

2.Металдар мен құймаларда иондық байланыс болады. (Жоқ)

3. Реакцияның жылдамдығына температураның әсерін Вант –Гофф ережесімен анықтауға болады. (Иә)

4.Периодтық кестеде 10 қатар бар. (Иә)

«Электрон» тобы

1.Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады. (Жоқ)

2. Натрий және калий гидроксидтері суда еритін негіз (Иә)

3. Элементтер сыртқы белгілеріне қасиеттеріне қарап металдар мен бейметалдар болып бөлінеді. (Иә)

4. Реакция жылдамдығын тездететін заттарды ингибиторлар деп атайды. (Жоқ)

5. Электртерістігінде үлкен айырмашылық бар элементтердің атомдары арасында түзілетін байланыс ковалентті байланыс деп аталады. (Жоқ)



Жүргізуші:

1-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.



Жүргізуші:

«Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде 3 тақырып және ұпай сандары беріледі. Әрбір топ тақырып таңдап, өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе сол ұпай жинаған ұпайынан шегеріледі. Сонымен қатар топтар жауап бермесе де болады, онда толығымен сақталады. Алғашқы болып ____________________ топ таңдайды.

1 тапсырма



Элемент Теңдеу Заңдар

10 20 30


Жүргізуші:

Химиялық элемент –атомдарының белгілі бір түрі. Оның негізгі сипаттамалары –ядро заряды. Ядро заряды реттік нөміріне тең.

Сұрақ: Периодтық жүйеде қанша металл,қанша бейметалл бар?

(22бей металл,87 металл)

Жүргізуші: Химиялық теңдеу –химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. Жүргізілген химиялық тәжірибені химиялық теңдеу арқылы көрсетуге болады.

Сұрақ : Алмасу және орынбасу раекциясына анықтама бер. (2 күрделі зат әрекеттесіп, жаңа 2 күрделі зат түзілсе алмасу, 1 күрделі зат 1 жай зат әрекеттесіп,жаңа жай, жаңа күрделі зат түзілсе орынбасу деп аталады)



Жүргізуші: Стехеометрия өлшеймін деген мағына береді. Стехеометриялық заңдарға зат массасының сақталу заңы, құрамында тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, Авогадро заңы,эквиваленттер,көлемдік қатынас заңы жатады.

Сұрақ: Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай?

Жауабы: (М.В.Ломоносов,химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады)

2 тапсырма



Атом Байланыс Жылдамдық

20 10 40


Жүргізуші: Атом –заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.Атомдар біріге келе молекуланы түзеді. Атомдар мен молекуланы зерттеген М.В.Ломоносов.

Сұрақ: Атом қандай бөлшектерден тұрады және қайсысы зарядсыз?

(атом ядро мен электроннан тұрады. Ядро протон мен нейтроннан тұрады. Нейтрон зарядсыз)

Жүргізуші: Заттар белгілі бір байланыс түзеді. Химияда байланыстың 4 түрі бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сұрақ: Донорлы –акцепторлы механизм қай байланысқа жатады және мәні қандай? (ковалентті байланыс, дайын жұп электрон бергені –донор, бос ұяшық бергені –акцептор)



Жүргізуші: Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрациясының өзгеруі. Химиялық реакция жылдамдығын көрсететін химияның бөлімін кинетика деп атайды.

Сұрақ: Лимиттеуші саты дегеніміз не? Және химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды атайды? (реакцияның жүру жылдамдығын анықтайтын саты лимилеттеуші саты деп аталады. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар әрекеттесуші заттардың табиғаты,концентрация,температура)

3 тапсырма

Химия Периодтық жүйе Химиялық формула

20 10 30


Жүргізуші:

Химия –заттарды олардың қасиеттерін,соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді. Ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты.

Сұрақ: Химия ғалымдарының докторы,профессор,КазКСРҒА-ның академигі Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері М.Ч.Усанович қандай теорияны ұсынды?

Жауабы: Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы.

Жүргізуші: Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев табиғи жіктеу арқылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін 1869 жылы жасады.

Сұрақ: Негізгі топша элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде орналасқан электрон санын териодтық кестеде не көрсетеді? Энергетикалық деңгейдің санын қалай табамыз.

Жауабы: (топ нөмірі,энергетикалық деңгей период нөміріне тең)

Жүргізуші: Химиялық формулалар –заттың құрамын,химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Сұрақ: Зат мөлшерінің қандай формулалары бар және өлшем бірлігін ата.



Жүргізуші: 2-ші кезеңнің қорытындысын шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегін сіздерде.

Жүргізуші: 1-ші,2-ші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз топ ойыннан шығып,көрермен ортасынан орын алады.

Жүргізуші: «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Алғашқы болып ұпайы аз топ таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Ендеше ұпай аз топ әріпті таңдай қойыңыздар.

«С» әрпі

1.Химиялық эелемент(сутегі,скандий)

2.Күрделі зат (су,сіркеқышқылы)

3.Металл (сынап)

4.Қышқыл (сірке қышқылы)

5.Әмбебап еріткіш( су)

6.Сілті (суда еритін негіз)

7.І валентті элемент (сутек)

8.Физикалық құбылыс (судың қатуы)

9.Натрий гидроксиді (сілті)

10.Судың агрегаттық күйі (сұйық)

«К» әрпі

1.Жай зат (күкірт)

2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.

3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді)

4.Бейметалл (көміртек,күкірт)

5.Сілтілік металл (калий)

6.Екі валентті элемент (кальций)

7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)

8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

9.Лакмус сілтіде (көгереді)

10.Химиялық байланыс (ковалентті)

«М» әрпі

1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев)

2. ІІ валентті элемент (магний)

3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі)

4.Атомдар нені құрайды (молекула)

5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке)

6.Шалшық газы(метан)

7. Калий перманганаты (марганцовка)

8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль)

9.Индикатор (метилоранж)

10.Темір (металл)

Жүргізуші: 3-ші кезеңнің қорытындысын анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: Есепте бар массада,

Шығады ол сасса да

Жауабын сен табасың,

Қарамайсың басқаға.

Формуланы табуға,

Үлесші дұрыс тануға.

Талабыңды көрсетші

Ойың бар ма тануға деп сайысымыздың «Зерек болсаң, шешіп көр» кезеңін бастаймыз. Мұнда 9 ұяшық беріледі. Әрбір ұяшықта есептер жасырылған. Ұпайы көп топ ұяшықты таңдайды. Егер топ есептің жауабын дұрыс таппаса, келесі топтың есептің жауабын айтуға мүмкіндігі бар. Дұрыс жауап үшін 20 ұпай беріледі. Есепті шығаруға 1 минут уақыт беріледі.


1

4

3

2

9

8

7

6

5


1 ұяшық: массасы 8 г газ (қ.ж.) 5,6 л көлем алады. Газдың молярлық массасын тап (Ж.32)

2 ұяшық: 3,5 моль көміртегі (ІҮ) оксидінің массасын тап (Ж:154 г)

3 ұяшық: 75 г азот (ІІ) оксидінің алатын көлемін есепте (Ж.56 л)

4 ұяшық: 1,5 л (қ.ж.) көмірқышқыл газында болатын молекула санын тап (Ж. 9,03 ∙10 23)

5 ұяшық: Масссасы 128 г күкірттің зат мөлшерін тап (Ж: 4 моль)

6 ұяшық: С+О2 + СО2 + 402 кДж теңдеуі еріткенде түзілген ерітіндідегі еріген заттың үлесін тап. (Ж.20%)

8 ұяшық: 6,2 кг фосфор жанғанда неше грамм фосфор (Ү) оксиді түзіледі?(14,2 г)

9 ұяшық: Құрамында 15 % қосапыс бар 2 г әктасты азот қышқылымен әрекеттестіргенде қанша көлем (қ.ж.) газ бөлінеді? (Ж.0,0672л)

Жүргізуші: Сонымен сөз кезегі әділ-қазы алқалары сіздерде.

Жүргізуші: Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз,

Ол болмаса келіспейді, жетіспейді күйіміз.

Ішсек дәрі,тірі ағзада құбылыс

Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға деп сайысымыздың соңғы кезеңі «Химик -сараманға» кезек береміз. Мұнда әрбір топқа химиялық реактивтер беріледі. Осы реактивтерді пайдаланып, тиісті реакцияларды жасап, теңдеулерін жазу керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.



І топқа: Натрий гидроксиді, мыс (ІІ) хлориді, күкірт қышқылы

ІІ топқа: Калий карбонаты, тұз қышқылы, барий хлориді

І топ: 2NaOH+CuCІ2→ Cu (OH)2↓+2NaCІ

2NaOH+H2SO4→Na2SO4+2H2O



ІІ топ:K2CO3+2HCІ→2RCІ+H2O+CO2

BaCІ2+K2CO3→2KCІ+BaCO3



Жүргізуші: Сонымен осы кезеңнің қорытындысына тоқталып, әділ-қазыларға сөз кезегін берсек.

Жүргізуші: Заман қанша қиын –қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?



Жүргізуші: Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» сайысы өз мәресіне жетті. Сайыскер топ 10-сыныптар арасында өткізілетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысына жолдама алды.

Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Қош сау болыңыздар!
«Интелллектуалды олимпиада » білім сайысы
1 жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2 жүргізуші: 9 және 10 сынып аралығындағы «Интелллектуалды олимпиада» білім сайысына қош келдіңіздер!

1 жүргізуші: Ойын шаттарымен таныс болыңыздар

1- тур: 2 топ өздерін таныстыру әр топқа 20 ұпайдан беріледі

2- тур: берілген 10 сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.

3- тур: 6 ұяшықтың біреуін таңдап берілген сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 30 ұпай беріледі.

4- тур: Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.

2 жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

1 жүргізуші: Бірінші турға кезек берсек, екі топ өздерін таныстырып өтсе.

2 жүргізуші: 2 тур. «иә» және «жоқ»

1 жүргізуші: 1-ші топқа.


  1. Мүсәтір спирті аммиактың судағы ерітіндісі ма? «Иә»

  2. Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма? «Жоқ»

  3. Судан екі есе жеңіл металл Калий ма? «Жоқ»

  4. Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма? «Иа»

  5. Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па? «Жоқ»

  6. Топ бойынша жоғардан төмен қарай бейметалдық қасиет арта ма? «Жоқ»

  7. Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қасиетті аллотропия деп атала ма? «Иа»

  8. Электр шамдарының жіңішке сымдарын вольфрамнан жасай ма? «Иа»

  9. Натрий тұздары жалынды сары түске бояй алама? «Иа»

  10. Сілтілік металдарға темір жата ма? «Жоқ»

2 жүргізуші:

  1. Электролиттік диссоциация терориясын ашқан ғалым Аррениус па? «Иә»

  2. Кремний қышқылдарының тұздары карбонаттар деп аталама? «Жоқ»

  3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл иод па? «Иә»

  4. Азот молекуласы полюссіз коваленті байланыс түзе ма? «Иә»

  5. Заттар және олардың бір-біріне айналуы туралы ғылым Физика ғылымы ма? «Жоқ»

  6. Химия ғылымың тарихында ұлы алтын заң ашқан Менделеев па? «Иә»

  7. Зат массасының сақталу заңын ашқан ірі орыс ғалымы Ломоносов па? «Иә»

  8. Ең қиын балқитын металл алтын ба? «Жоқ»

  9. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш па? «Иә»

  10. Темекі құрамына кіретін улы зат никотин ба? «Иә»

1 жүргізуші: Ойын ойнату.

2 жүргізуші: Ойлай болса ІІІ турымызға кезек берсек. Әр бір дұрыс жауапқа 30 ұпайдан берілетінін естеріңізге сала кетейін. 9 сынып оқушылары алдарыңызда алты ұяшық тур соның ішінен біреуін таңдаңыздар:

1-ші ұяшық:

Дәрігерлер беретін анттың авторы?

(Гиппократ)

2-ші ұяшық:

Қан қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент?

(Калий)

3-ші ұяшық:

Жүйкені жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына кіретін элемент?

(Бром)

4-ші ұяшық:

«Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик – ғалымы.

(Д.И. Менделеев)

5-ші ұяшық:

Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент

(Йод)

6-ші ұяшық:

Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі?

(Активтелген көмір)

1 жүргізуші: Әнге кезек берейік.

2 жүргізуші: Мынадай тамаша әннен кейін, ойынымызды жалғастырайық.

4- тур: Осы турдың шартын естеріңізге сала кетейін. Әр топ өздері ставка қойып жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай қосылады, егер қате болса шегеріледі.

IV-тур. Ставка қою.

1 жүргізуші: Бұл заттың 0,9% - дың ертіндісі физиологиялық ерітіндісі деп аталады да, адам ағзасы көп қан жоғалтқан жағдайда қан тамырына құйылады. Ол затты адамдар тұрмыста тағам дайындауға қолданады. Бұл затты химиялық атауы қандай?

(Натрий хлориді)



2 жүргізуші: Сүйекті қаптайтын элемент

(Кальций)



1 жүргізуші: Натрий гидро карбонатының тұрмыстық атауы?

(Ас содасы)



2 жүргізуші: Қан қысымын өлшейтін аспап.

(Тонометр)



1 жүргізуші: Элементтің атын тауып қазақша, орысша, латынша аттарын атаңыз.

Өзі ауыр металға жатады. Балалар осы металл құйған сақамен атады.

(қорғасын-свинец - плюмбум)

2 жүргізуші: Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл.

(Тұз қышқылы)



1 жүргізуші: Жер бетінде химиялық таза темір барма, бар болса ол қайдан шыққан?

(метеорит темірі)



2 жүргізуші: Әр заттың жылы, салқын, ыстық қалпын не дейді?

(Температура)



1 жүргізуші: Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым?

(Экология)

Интеллектуалдық олимпиаданы әділқазы мүшелері қорытындылап, жеңімпаздар марапатталады.

Периодтық жүйе элементтерімен танысу

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта Д.И.Менделеетің химиялық элементтерінің периодтық жүйесіндегі элементтерімен танысамыз. Сабақта белсенділік көрсетіңдер, сәттілік тілеймін.

«Периодтық жүйеге арнау» өлеңі оқылады:

Элементтерді жүйелекге әркімдер – ақ еңбек еткен,

Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.

Заманында бар элементті топқа бөліп,

Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен

Ол заңмен жеті период орналасқан

Тігінен сегіз топқа арна ашқан

Толтырып сол арнаның бос орынын

Бұл күнде бар элемент 100-ден асқан

Жүрмейсің мұны біліп қате басып

Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып

Бар элемент таңбасы осында тұр

Сап құрап массаға сай қатарласып

Әрбір топ өз алдында бір – бір дастан

Ғылымның дамуына үлес қосқан

Алпыс үш элементтің сырын біліп

Кейбірін Менделеев болжап ашқан

Период басталады металдардан

Инертті 6 газбен аяқталған

Жетінші период та бітпец келген

Бұл күнде аяқтауға таяп қалған

Период заңыменен құрған қатар

Біріншіден бейметалдық топқа жатар

Кішіге, үлкенге де, бітпегенге

Период осы заңын қайталатар

Әрбір топ басы жеңіл элементтен

Массасы артқан сайын төмен кеткен

Төмендеп тұрғандары жоғарыдан

Металдық қасиетін басып өткен

Кестеден түрлі түстер көрінеді

Бәрі де деңгейге сай өріледі

Заң ортақ, период ортақ, топ та ұқсас

Заңдылық зарядтармен бөлінеді

Данышпан жолмен жүріп алдындағы

Белгілі сан ғылымның ашылғаны

Ілімнің білу үшін сырын жетік

Үйрен сен валенттілік формуланы

І. Химиялық элементтер айтысы:

Жүргізуші:

Химиктердің ауылында

Арнаулы бір кеште

Химияның тойы болды

Алтын ойын басқарыпты

Элементтер қауымында

Менделеев кестесінде

Ән, күй, айтыс, ойын болды

Қызық айтыс басталыпты.

Платина:

Өзгелердің бәрінен

Айтысқа шық, қорғасын - ау

Нағыыз жылтыр қатты затпын

Артық сөзбен қызба бірақ

Орным бірақ кеш қойылып

Алдыма сен орнапсың – ау

Сол көңілімен қатты батты

Шаршап біттім қызғанып – ақ

Қорғасын:

Қорғасынға тіл тигізген

Жауына да бас игізген

Іші тарлар қайдан шықты?

Бола қоймас мендей мықты

Өжеттенген қахарманмын

Айтысуға құқылымын

Тоғызыншы қатарданмын

Абырой жоқ егесуден

Алға қой деп қасармаймын

Жөні емес бұл құтылудың

Платина, мұның болмас

Артық атақ сұрағаның

Платина:

Сүйрік тілді элемент көп

Сүйінетін кіл отына

Жеңіл ойлық мен емес, тек

Жеңілмейді платина

Темір:

Әй, платина, қорғасындар

Босқа айтысып әуреленбе

Орнықтыңдар, нық

Өкініш бар, бірақ менде

Титан қалай бұрын шықты?

Сырыңды айт, енді сен де

Айтысайық болсаң мықты



Титан:

Темір неге жарқылдадың

Титтей артық жерің бар ма?

Кешірмейді парқым әлі

Кем болмаймын елім барда

Күміс:

Қайда күміс сыңғырларым

Қалай мұнша артта тұрмын

Орным неге құлдырады

Тек жетінші «сортта» тұрмын

Еркіндетіп сутекті әбден

Ең алдыға қойыпты ғой

Қоспаймыз оны содан

Сірә ғалым айыпты ғой

Сутегі:

Сутегімін, судың арғы тегімін

Суда нашар металда жақсы еримін

Түссіз, иіссіз, дәмсіз газбен ежелден

Серігімін оттегі атты серінің

Жалыныммен металдарды кеседі

Кавендиштің көргенімен ашылдым

Адам суды өмір нәрі деседі

Жүйеде де бірінші мен тұрамын

Сыңарыммен бірге әр кез тұрағым

Массам да бір, тек бірінші келемін

Мен боламын сылдыраған бұлағың

Он төрт есе жеңілмін мен ауадан

Он алты пайыз жер бетіне парағым

Тіршіліктің тынысы суда боламын

Ішіп жүрген уақытында қалаған.



Магний:

Мен магний – күміс түсті металмын

Көп жағдайда магнезия аталдым

Жапырақта хлорофилді түзішу

Тіршіліктің көзі болып кете алдым

Жануарда, адамда да бармын мен

Талай снаряд, бомбаларды жардым мен

Қайткенде де болашағым зор менің

Полиграфияда да артты маған зор сенім

Тіршіліктің тірегімін көзімін

Дұрыс болар есте сақтап сенгенің

Күміс:

Мақтанасың сен ғана жер бетінде

Ғажайып бор металдай келбетінде

Түсің, түрің, қадірің, қасиетің

Келер ме екен менімен теңдесуге?!

Сабырлысың күмістей

Салмақты деп мақтайды

Мен тұрғанда аппақ боп

Қарап саған жатпайды

Жарыста, топта озғанда

Тағады мені төсіне

Алтыннан басқа алдыма

Түсетінің жоқ шығар

Мақтанбайын несіне



Алтын:

Мақтана бер, мақтана бер, күмісім

Алтын ағаң қоштағанда інісін

Кетпе бірақ ұмытып сен жарқыным

Ардақтымын жасыңа да, кәріңе

Дүниенің менмін көркі әрі де

Толықсыған толған айдай жарықпын

Өлшемімін барлық баға нарықтың

Бар базардың әлемге ортақ тілі – мен

Даңқ болып омырауға да ілінем



Алюминий:

Болмаса да айтарлықтай салмағым

Мен көбіңнен ардақтымын, алдамын

Ұшақ болып аспанға ұшып, қалықтап

Жердің жүзін, көк аспанды шарладым

Дюралюминий дейтін менің қоспамды

Әспеттейді химияның достары

Осыларға төсек, үстел, ыдыспен

Бағандардың бұйдаларын қос тағы

Қағазда мен қант – шайды сәндеген

Тоққа балқып келіп тұрған ән де мен

Кальций:

Кальций деген күміс түсті металмын

Өмір бойы кереңіне жете алдым

Менмін – ақ бор, әктас, мәрмәр ғанамын

Тіршілікке қажет металл аталдым

Қыртысында жердің мен де кездесем

Артық болмас «жер металы мен десем»

Ғарыштағы ракетада ұшақтан

Қолтаңбамды табасың сен іздесең

Жануардың бақалшағы, қаңқасы

Жер бетінің минералды әр тасы

Сан құрылыстың сәулеті, негізі

Қаланады менен ғана ойланшы

Темір:

Мақтанбаймын, қараңдаршы, халайық

Айналаға көз жүгіртіп қарайық

Болат жолды бөгей алмас еш бір күш

Кәне, менің қасиетімді санайық

Жаратсам тыңнан топырақ көтеріп

Тырмалаймын, тұқым шашып неше пұт

Ғарышқа да алып ұшып адамды

Жерді айналдым артыма от із қалдырып

ІІ. Білімді мыңды жығады. Викториналық сұрақтар:

1.Д.И.Менделеев неше жасында оқуға барды? (5 жасынан гимназияға оқуға түскен)

2.Д.И.Менделеевті алғаш ғылымға қызықтырған ұстазы кім? (орыс химиясының атасы А.А.Вознесенский)

3.Д.И.Менделеев өзінің магистрлік десертациясын қашан және қанша жасында қорғады? (1856 жылы 22 жас)

4.Д.И.Менделеев өзінің докторлық дисертациясын қашан және қанша жаста, қандай тақырыпта қорғады? (32 жасында 1865 жылы спирттің сумен қосылысы)

5.Нешінші элемент Д.И.Менделеев атымен аталады, кім ашты? (№101 Менделеевий, 1956 жылы Американ ғалымдары)

6.Д.И.Менделеев атымен аталатын қандай жер, су, мекемелерді білесіздер? (химиялық элемент, Курил аралында жанартау, Солтүстік Мұзды мұхитта Менделеев жоталары, метеорологиялық ғылыми зерттеу институты және бүкіл әлем оқушылары оқып жатқан периодтық заң)

ІІІ. Бой жазу

Екі оқушы шығып әр қадам аттаған сайын металл мен бейметалл элементтерінің аттарын атау керек.



IV. Ойлан тап ойыны.

Саған ғасыр жете алмаған байтақ арман

Інжуі ғылымның шайқап алған

Шертеді элементтер қасиетін

Период заңы болып қайталанған.

Вордингвордстарды шешу

1.Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыны сан есім, өзі химиялық элемент, ойланыңызшы сонша бұл қай элемент? (неон)

2.Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі немесе кездеменің өлшемі, ал - өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы, бұл қай элемент? (селен)

3.Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент? (азот)

4.Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді. «А» деген элемент, бірақ ол біреудің отын үрлемесе, өзі еш уақытта жанып көрген емес. Бұл қай элемент? (оттек)

V. Сықақ өлең

Алтындай менің ардақтым

Қорғасындай салмақтым

Көптен көрмей өзіңді

Электрондай зар қақтым

Өзің менің оттегім

Өмірім сенсіз жоқ менің

Мінезің мыстай майысып

Сынаптай сырғып кетпегін

Шаштарың қара көмірдей

Мүсінің құйған темірдей

Күмістей менің аппағым

Өзіңнен асыл таппадым

VI. Химиялық жұмбақтар.

Жүрмейсің мұңы құсап қате басып

Атомдар жұмбақтарын жатыр ашып

Таңбасы бар элемент осында тұр

Сап тұрып салмағымен қатарласып

1.Салмағың бар өлшесем

Көрінбейсің көзге сен (ауа)

2.Ауаны шарлап кезеді

Таза күйде пайдасыз

Білгіш болсаң айта ғой

Қосылысы - өмір өзегі (азот)

3.Табылса бұрын там-тұмнан

Қазір көп әрбәр өлкеде

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде (алюминий)

4.Алтын менен күмісті кім білейді

Қолда барда қуанып кім күлмейді

Химиктерге жақпайтын не сыры бар

Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді (активсіз металл)

5.Қымбат деп айтатындай емес алтын

Сонда да тапты игілік одан халқым

Апарып Айға елімнің туын тікті

Жемісін ақыл-ойдың елдің салтын (темір)

6.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (сынап)

«Периодтық заңдылықтың болаашағы бұзылуды емес, тотығып, дами түсуді, күтеді» - дейді Д.И.Менделеев. «Периодтық заң болашақта күйремейді, тек үстемеленіп дами түседі» деген Д.И.Менделеевтің данышпандық сөзі расқа айналды.



Оқушыларға терең білім парасат тәрбие беру бүгінгі күннің талабы. Осы мақсатта оқушылардың пәнге ынтасы мен қызығуына және белсенділігін арттыру үшін оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолданып отырудың маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет