Сыныптан тыс шара «Жыр алабы -жамбыл»



бет2/4
Дата28.04.2022
өлшемі22,13 Kb.
#141224
1   2   3   4
Байланысты:
Жамбыл сыныптан тыс шара

1-жүргізуші: Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.


2-жүргізуші: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.


1-жүргізуші: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.


Бейнекөрсетілім «Ғасыр - ғұмыр», «Өмір жолы»
Жамбыл Жабаев өлеңдерінен үзінді
«Менің өмірім» орындайтын Ибраев Аянбек


1-жүргізуші: Жамбылдың әкесі Жапа қарапайым шаруа адамы болған.
Шешесі Ұлдан Жалайыр елінің қызы. Ұлданның туған бауыры Қанадан қобызшы болған екен. Жамбыл бала кезінде қой бағып жүріп ұйықтап кетіпті. Содан түс көреді. Түсінде аппақ сақалды қария келіп: балам домбыра аласың ба, көген аласың ба дейді. Сонда ұйқысынан атып тұрған Жамбыл: “Домбыра алам!” деп айғай салған көрінеді. Алайда әкесі Жапа баласына:
Екейде елу бақсы, сексен ақын,
Жаратып мінеді екен ерттеп атын.
Қобызы, домбырасы үнін қосып,
Гулейді жын қаққандай кешке жақын, - деген сөз бар, сен сексен бірінші ақын болмай-ақ қой деп ақындық өнерге қарсы болады.

Жамбыл Жабаев өлеңдерінен үзінді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет