Сыныптан тыс шара «Жыр алабы -жамбыл»



бет3/4
Дата28.04.2022
өлшемі22,13 Kb.
#141224
1   2   3   4
Байланысты:
Жамбыл сыныптан тыс шара

«Шағым» орындайтын Алтынбекұлы Р, «Әкеме» орындайтын Ердавлетов Д


Бейнекөрсетілім «Менің пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай»

Бірақ Жамбыл тағдыры басқаша шешілді.


Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай,
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай, - деп жырлаған ақын заманында “айтыс өнерінің алтын діңгегі” саналған ақиық ақын Сүйінбайдан “Адал бол, шындықты жырла, халқыңа жақын бол!” деген бата алады.


2-жүргізуші: Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы»,«Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл жүз жасаған ақын.


1-жүргізуші: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.
Мұхтар Әуезов Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесі аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де, ақыны деген.


2-жүргізуші: Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, деген екен С. Сейфуллин.


1-жүргізуші: Ал Ілияс Жансүгіров өз кезегінде Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың деген.


2-жүргізуші: Сәбит Мұқанов Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі деген. Жамбыл ардақты ұлы Алғадайға өлең жолдарын арнайды.

Жамбыл Жабаев өлеңдерінен үзінді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет