«Балама хат» орындайтын Арапша Ш, «Балаларға» орындайтын Орақбай Ә, «Шәкірт балаларға» орындайтын Турабаев Е, «Сталин» орындайтын Қаблашев М, «Халық қазынасы» орындайтын Смағұл М. 1-жүргізуші: Жамбыл-айтыстың асқан шебері. Ақын айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Айкүміспен, Шашубаймен айтысы көпке жақсы мәлім.
2-жүргізуші: Ал ендеше сол айтыстан үзінді тамашалайық.
Бейнекөрсетілім «Жамбыл мен Айкүмістің айтысы»
1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады.
"Ленинградтық өренім” Зарлық Ә
2-жүргізуші: Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: « Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді.
1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.
«Жеңіс жыры» Өтеміс Б
Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.
2-жүргізуші: Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады.
1-жүргізуші: Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, Жамбыл рухына бас иді.
Бейнекөрсетілімдер «Бала Жамбыл» Жамбыл Дүйсен, «Жамбылға арнау» Аяз Бетбаев
2-жүргізуші: Ақынның құрметіне Қазақстанның көптеген қалаларында ТМД елдеріне де ақынның құрметіне көшелерге, мектептерге оның есімі беріліп. Мүсіндері мен ескерткіштері орнатылды.
Атамыздың есімі мәңгі жүрегімізде сақталады.
Сөндің бе жарқыраған шам-шырағым, Қалдың ба тас бітеліп қос құлағым? Жатсам да төсек тартып дәрменім жоқ, Сеп болып сөйлетесің жалғыз жағым. Қалыппын ие болмай өзіме-өзім, Әлім жоқ, күш, қайратты өтті кезім, Балалар өлгенімше болысыңдар, Сендерге сол-ақ айтар соңғы сөзім Осымен қадірменді қонақтар «Жыр алыбы - Жамбыл» атты әдеби кешіміз аяқталды.
Назар салып тамашалағандарыңыз үшін рақмет!!!