Желтоқсан айында 5-8 сынып оқушыларынан «Ата-ананың балаға деген көзқарасы» сауалнамасы алынды. Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көзқарасын анықтау. Нәтижесі: Қорытындысы бойынша 5-8 сынып ата-аналарынан сауалнама алынды. Барлық ата-налардың балаларына деген көзқарастыры жақсы деңгейде. Баласына деген көзқарасы төмен ата-ана анықталған жоқ.
Педагогикалық ұжыммен жұмыс Қыркүйек айында «Мұғалім әдебі» тақырыбында мұғалімдерге кеңес берілді. Кеңес. Мақсаты: Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім –мектептің жүрегі. Нәтижесі: Педагогикалық әдеп және оқытушының аса бағалы педагогтық қасиетіне, өз эмоцияларын білдіру шамасын көрсетеуіне байланысты жас мамандарға психологиялық кеңес берілді. Жас мамандардың сандықшасына тағыда жадынамалар берілді. Жас мамандардың адамдармен қарым қатынастағы қаншалықты кек сақтауының деңгейін анықтау мақсатында «Кекшілсің бе?» деген сауалнама алынды.
Қыркүйекайында «Мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық әдеп» тақырыбында тренинг-жаттығулар өтілді. Мақсаты: Педагогтық әдеп туралы түсінік беру, мұғалім мен оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал жасау. Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру. Нәтижесі: Жас мамандарымыздың жанын рухани байыту мақсатында, мұғалімдермен тренинг-жаттығулар өтілді. Тренинг барысында жас мамандарға мұғалім әдебі мен мәдениеті жайлы мәлімет, кеңестер берілді. Сонымен қатар жас мамандар мектеп өмірі мен оқушыларға қатысты әр түрлі жағдаяттарды шешті. Бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту мақсатынды ойыдар өтілді.
Қыркүйек айында «Жас мамандарға жадынама» кеңес берілді. Мақсаты: Жас мамандардға кеңес беру. Нәтижесі: Жас мамандарға жадынама берілді және жадынама бойынша таныстыру жүргізілді.
Қазан айында «Тұлғаның педагогикалық қызметке дайындығы мен бейімділігін анықтау» сауалнамасы алынды. Мақсаты: Тұлғаның педагогикалық қызметке дайындығы мен бейімділігін анықтау. Нәтижесі: Әр жас маманның сауалнаманың қорытындысы бойынша қабілеттері әр түрлі болып анықталды.