Желтоқсан айында сынып жетекшілермен «Өз-өзіне қол жұмсау қауіпті қадам» шағын дәріс өтілді. Мақсаты: Оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, педагогтарға кеңес. Нәтижесі: Сынып жетекшілерге келеңсіз жағдайлардың алдын алуға байланысты шағын дәріс оқылды. Дәріс барысында әлемдегі келеңсіз жағдайлар туралы айтылып түсіндіріліп өтілді. Сонымен қатар осындай жағдайларға байланысты педагогтарға кеңестер берілді. Сынып жетекшілермен жаттығулар өтіліп, келеңсіз жағдайларға байланысты видеороликтер көрсетіліп талданып өтілді. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Тәуекел тобындағы балалармен жұмыс Қыркүйек айында тәуекел тобына балаларды есепке алып, тізім жасалынды. Сонымен қатар оқушылардан «Темперамент» тесті алынды. Мақсаты: Оқушылардың темпераментін анықтау. Нәтижесі: Қорытындысы бойынша бір оқушының темпераменті холерик болды. Ал екінші оқушының темпераменті флегматик болып анықталды.
Тәекел тобындағы тізімдегі оқушылардан «Басса Дарки» әдістемесі алынды. Мақсаты: Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау. Нәтижесі: Басса-Дарки тестінің қорытындысы бойынша бірінші оқушыда тітіркенушілік пен кінәні сезіну анықталды. Ал екінші оқушыда жанама, тітіркенушілік, негативизм басымырақ. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қазан айында «Суреті аяқта, жалғастыр» жаттығуы өтілді. Мақсаты: Жүйке-психикалық күшті түсіру, топтың белсенділігін арттыру. Нәтижесі: Сурет салу жаттығуы тізімдегі оқушылардың сыныбындағы балалармен бірге өтілді. Жаттығу барысында оқушылар педагог-психологтің нұсқауымен жаттығуды орындап шықты. Жаттығудың аяғында әр суретке талдау жасалынды. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы. Тізімдегі оқушылардан «Өзін-өзі бағалау» тесті алынды. Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтау. Нәтижесі: Қорытындысы бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауы жоғары деңгейде.