С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектеп кмм 2021-2022 оқу жылындағы педагог-психологтың жарты жылдық есебі Психологиялық қызметтің мақсаты


-сынып оқушыларымен жүргізген жұмыстар



бет6/15
Дата23.09.2024
өлшемі221,74 Kb.
#204951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Есеп психолог (2)

11-сынып оқушыларымен жүргізген жұмыстар
Қыркүйек айында «Қорытынды емтихан бұл не?» сауалнамасы алынды. Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік қорытынды емтихан туралы түсініктерін аныұтау. Нәтижесі: Оқушылардың мемлекеттік қорытынды емтихан туралы жақсы біледі. Ережелерімен толық танысқан. Таңдаған пәндерінен дайындық керек.
Қыркүйек айында «Тесті сәтті орындау үшін қажет жадынама» тақырыбында оқушыларға жадынама берілді. Мақсаты: Қорытынды емтиханға дайындалушы оқушыларға психологиялық кеңес. Нәтижесі: Тесті сәтті орындауға байланысты оқушылармен әңгіме өтіліп, жадынамалар берілді. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қазан айында «Мемлекеттік қорытынды емтиханға психологиялық дайындық» тренинг-жаттығу өтілді. Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландырудың және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру. Нәтижесі: 11-сынып оқушыларына мемлекеттік қорытынды емтиханға дайындық ретінде оқушылармен психологиялық тренинг-жаттығу өтілді. Тренинг барысында оқушылармен әр түрлі жаттығулар өтіліп, емтихан кезінде өздерін қалай ұстау керектігі және қайғидалар туралы айтылып өтілді. Жаттығулар: «Өз жұлдызыңды тап», «Шынымды айтсам», «Ашуды шығару». Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қараша айында «Дифференциалды-диагностикалық сауалнама» (Е.Климов) сауалнамасы алынды. Мақсаты: Әдістеме Е.А.Климов классификациясымен сәйкескестікте түрлі мамандықтарға сұрыптау үшін арналған. Жасөспірімдердің және ересек адамдардың профбағдарлануы кезінде пайдалануға болады. Нәтижесі: Оқушылардың сауалнама бойынша таңдаған жауаптарының қорытындысы бойынша, барлық оқушыларда көптеген мамандықтарға деген икемділігтері бар. Мысалыға: адам-табиғат, адам-техника, адам-адам, адам-көркем бейне деген сияқты. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет