Сырым аудандық білім беру бөлімінің І жартыдылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы



Дата22.08.2017
өлшемі120,94 Kb.
#24570
Сырым аудандық білім беру бөлімінің І жартыдылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Қазіргі таңда ауданымызда 13 ЖББОМ, 6 НМ, 3 БМ,3 қосымша білім беру орталықтары жұмыс атқаруда.

Сырым ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды барлығы 34 мектепке дейінгі ұйым, соның ішінде 2 балабақша, 9 «мектеп-балабақша кешені», 23 мектепке дейінгі шағын орталықтар арқылы жүзеге асырып келеді.

Биылғы жылы 1 жас пен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен орташа қамту сапасы-65,4%-ды құраса, 3 жас пен 6 жастағы балаларды есептегенде мектепке дейінгі тәрбиемен қамту - 98%-ды құрайды.

Мамандардың біліктілігін көтеру, кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша педагогтары білімін көтеру біліктілігін арттыру курстарынан өтіп отырады. Біліктілікті арттырудың курстарынан өткен педагогтар бірлесе отырып, іс-тәжірибені тарату, атқарылған іс-шараны қолдау бағытында семинар-кеңестер өткізуге ат салысады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген «Мектепалды жастағы балаларға шахмат ойынын үйрету»: әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес мектепалды жастағы балаларға шахмат ойынын үйретудің бағдарламалық материалының мазмұны анықталып, мектепке дейінгі ұйымдардың ересек топтарында оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары берілген.

2017 жылдың наурыз айында жоспарға сай «Қазіргі заманғы мұғалімнің тұлғасы» атты бастауыш сынып жас мамандар арасында семинар, «1 сынып мұғалімдері үшін үздік бейне сабақтар» сырттай байқауы, «Бастауыш сынып мұғалімдері үшін үздік бейне сабақтар» сырттай байқауы өтті. Астана қаласында өткен І халықаралық «Шашу» өнер фестивалінің «Аспап» номинациясы бойынша Жолдығали Б. І орын алды.

Аудан мектептерінде жалған терроризмнің зияны мен қоғамдық қаупі, жыныстық және басқа да зорлық-зомбылық түрлерінен қорғау жолында, «Мәңгілік Ел» патриоттық тәрбие беру іс-шаралары, балалар қауіпсіздігі туралы іс-шаралар жоспары жасақталып, әр түрлі бағытта шаралар өткізілді. Бекітілген жоспар бойынша, оқу жылының басынан «Біз сектаға қарсымыз!» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында, әр сыныпта «Жалған терроризмнің түрлері мен зияны» тақырыбында сынып сағаттары, тарих және дінтану пәні мұғалімі 9-11 сынып оқушыларына арналған «Қоғамдық өмірдегі терроризм мәселесі» атты дөңгелек үстелдер өткізілді. Барлық сыныпта 1қыркүйек күні бірыңғай «Менің Отаным –Қазақстан» атты тәрбие сағаттары өтті. Моральдық-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен, соның ішінде жыныстық және басқа да зорлық-зомбылық түрлерінен қорғау мақсатында осы оқу жылына өткізілетін жұмыс жоспарлары мектептерде оқу жылының басында жасақталып, бекітілді. Мектептерде жалпы ата-аналарға арналған «Отбасы жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау» тақырыбында жиналыс конференциялары түрінде қыркүйек айында өткізілді. Балалар қауіпсіздігіне, соның ішінде жолда жүру, су айдындарында, өрт қауіпсіздігіне байланысты іс-шаралар жоспары жылдағыдай жыл басында жоспарланды. Сол бағытта оқу жылының басынан «Назар аударыңыз, бағдаршам!» атты онкүндік өтуде. Онкүндік аясында барлық сыныптарда «Балалар өмірің құтқарыңдар!» атты ата-аналар жиналысы өткізілді. «ЖасҰлан» ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз дөңгелек» атты дөңгелек үстелдер, сурет байқаулары, фотокөрмелер өткізілді. өтуде. Аудандық білім беру мекемелерінде ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу» мерекесіне арналған «Өткенсіз бүгін, бүгінсіз – болашақ тұл» «Менің Отаным - Қазақстан» «Қазақ хандығының құрылуы» «Мәңгілік ел тірегі-қазақ хандығы» «Ұлы тұлғалар – ұлы бастаулар» т.б. тақырыптарда арнайы сабақтармен тәрбие сағаттары өткізілді.

Мектептерде «Жас Ұлан» балалар ұйымы, наркобекет, жас полицей, жас құтқарушы топтары, ұлдар, қыздар , «Достық» клубтары жұмыстанып келсе, биылғы оқу жылынңы басында қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті ұстанатын, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды қыздарды тәрбиелеуге бағытталған, дәстүрлі рухани құндылықтар мен заманауи озық мәдениетті сіңірген қыз балалардың өнегелі буынын қалыптастыру мақсатында мектептерде жоғары сынып оқушылары арасында «Қыз Жібек» клубтары ашылып, жұмыстануда.

Сонымен қатар жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің мақсаты- еліміздің материалдық және рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу, айналамыздағы адамдарға қиянат, зорлық-зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмалдыққа, мейрімділікке, ізгілікке бағыттау мақсатында құқықтық білім беру, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстанатын «Жас полицей» топтарының 30 қыркүйек күні ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы ОМ базасында «Жас полицей» тотарының аудандық байқауы өткізіліп, қорытындысы бойынша ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің «Сұнқар» жас полицей тобы облыстық жарыста І орынға иеленді.

Тәрбие саласында педагогтардың жұмыс жүйесін бағалау мақсатында жыл сайын психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, сынып жетекшілер байқаулары өтеді. Осы биылғы оқу жылының І тоқсанда облыстық «Озық педагог психолог» байқауында ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы ОМБК-нің психологы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

Мектептердің басты мақсаты - ата-аналармен қарым-қатынас жүйесін жолға дұрыс жолға қою. Ата-аналар мен педагогикалық ұжым қоян-қолтық жұмыс істейтін, ата-аналар комитетінің жұмысы ынтымақтастық пен өзара түсіністікке бағыттап, «оқушы-отбасы-мектеп» біртұтас болып жұмыс жасау керек екендігін барлық отырыстарда айтылуда тыс қалмайды. 2015 жылғы 7-13 қыркүйек аралығында мектептерде « Отбасы – бақыт мекені» атты апталықтар өткізілді. Отбасы күніне орай, отбасы құндылықтарын, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету, әр отбасыны ынтымақ пен ұйымшылдыққа шақыру мақсатында облыстық сырттай «Мөлдір бұлақтан..» фестивалі ұйымдастырылып, фестивальға 6 отбасының жұмыстары жіберіліп, қорытындысы негізінде 5 отбасы төмендегідей орындарға иеленді:

«Қастерлі мұра» аталымы бойынша Көздіғара ЖОББМ Сисеновтар жанұясы ІІ орынды, «Серігіміз спорт» аталымы бойынша ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы ОМБК Адилгереевтер жанұясы І орынды,

«Ата кәсіп» аталымы бойынша ЖББ Абай ОМБ Байдашевтар жанұясы ІІ орынды, «Біз бірдейміз» аталымы бойынша Бұлдырты ЖОББМ Кажимовтар жанұясы ІІІ орынды, «Менің отбасым» аталымы бойынша ЖББ Жамбыл НМ Дүйсеновтер жанұясы ІІІ орынды иеленді.

Дегенмен осындай жұмыстар өткізілсе де, бүгінгі күні оқушылар арасында құқықбұзушылықтарда орын алуда. Биылғы оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша аудандық ішкі істер бөлімінде 2 оқушы, 4 қолайсыз отбасында 8 оқушы есепте тұр. Оқы жылының басында мектепішілік бақылауда 8 оқушы болса, І тоқсан қорытындысы бойынша 4 оқушы есепте тұр. Бұл оқушылардың барлығыда әр-түрлі үйірмелерге, спорт секцияларына қатысады.

Жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстың алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алгольдік ішімдік пен темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды өкілдерінің ілесіп жүруіңіз көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау, сондай-ақ олардың құқықтық, оның ішінде терроризм актісі бойынша көрнеу жалған хабарлама туралы жауапкершілік сауаттылығын арттыру мақсатында аудан аумағында ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйек күндері «Түнгі қаладағы балалар» атты рейді ұйымдастырылса, балаларды, олар арқылы ересектерді де полицияның жұмысымен таныстыру, сондай-ақ оларға қоғамдық орындарда және жолдарда жүріс-тұрыстың кейбір негізгі ережелерін үйрету мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 қазан күндері аудан аумағында «Мен және менің полицейім» атты акция өтікізілді.

Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралған. «Салауаттылыққа тәрбиелеу» дегенді-қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін жас ұрпаққа ұғындыру деп түсінеміз.

Биылғы оқу жылында «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» баратын оқушылар саны-467. Жай спорт алаңдары-60, теннис корты-4, тренажер залы-2 (Ж.Досмұхамедов, Бұлан ОМ), гимнастикалық қалашықтар -12, типтік жобамен салынған-15 спортзалдар бар. Оқу-жаттығу процесстерін, сыныптан тыс спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастыруға толықтай мүмкіндіктері бар. Дегенмен де кейбір мектептерде спортзалдарға күрделі жөндеуді қажет етеді. 2012-2013 оқу жылында 700 мың теңге бөлінсе , 2013-2014 оқу жылына 2 млн 954 мың теңгеге спорттық тауарлар алынып беріліп отыр.

ҰБТ қорытындысы бойынша 16 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 10 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш шығармашылық жұмысты қосқанда – 80,43%, шығармашылықты алып тастағанда -78%.

Сырым ауданы бойынша 2017 жылғы жазғы маусымда

балалар мен жасөспірімдерді жазғы демалыспен қамту туралы
Сырым ауданы бойынша биылғы жылы 19 мектепте 2740 оқушы бітіріп, 1743-і мектепішілік лагерге қамтылады. Қазіргі күнде мектепішілік лагерьге 1500 қамтылды. 19 лагерьдің 16-сы жұмыстарын аяқтады.

1 маусымнан бастап 7 күннен 10 кезеңге 60 оқушыдан 600 оқушы аудандық «Достық» лагеріне қамтылады. 23 маусым күні алғашқы 3 кезеңі аяқталып, 180 оқушы демалды. 25 маусымда 4 кезең басталды. Оқушылар жұмасына бір рет Орал қаласына немесе Шалқар көліне саяхатқа шығады. Барлық лагерь демалушыларына аудандық мұражайларға саяхат ұйымдастырылады.

«Достық» лагерінің алғашқы 5 кезеңінде «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, қалған 5 кезеңін «Жас туристер станциясы» МКҚК ұйымдастырады.

Білім басқармасының оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды зерделеу қорытындысы бойынша берілген анықтамада көрсетілген «Достық» лагерінде қызметкерлердің лауазымдық міндеттері толық жинақталмағанын каперге алып жұмыстанып жатырмыз.

1 шілдеден бастап Аралтөбе ауылында туристік-өлкетану бағытында 50 оқушыдан 150 оқушыға «Жас турист» шатырлы лагері жұмыстанады.

Барлық жазғы демалыс лагерьлерінің іс-шаралар жоспары жауапты лагерь басшымен бекітіліп, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісімен келісілді. Іс-шаралар жоспарына 2017 жылғы атаулы шаралар мен бағдарлы сабақтар және зорлық-зомбылық, суицидтің алдын алу бағытындағы шаралар, жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігі, туған жер бағдарламасы мен «ЭКСПО» көрмесіне байланысты т.б. шаралар қамтылған.

Барлық білім беру ұйымдарына аудандық білім беру бөлімінің «Сырым ауданы бойынша оқушылардың жазғы демалысы кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері» және білім басқармасының 2017 жылғы «Жазғы каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы әдістемелік нұсқау хаты мен Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 16.05.2017 жылғы №19-23-15/№3-28/2355 хаты жолданды және ата-аналарға жеткізу ескертілді және оқушылардың жазғы демалысы кезінде болған төтенше оқиғалар жайында аудандық білім беру бөліміне кідірмей ақпарат жолдау; Балалардың жазғы демалыс орындарында және үйлерінде өрт су, жол қауіпсіздігінің деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау; Мектепішілік лагерьлер мен аудандық лагерь қызметкерлерінің дәрігерлік тексерістен өткендігі және жұмысқа жарамды деген тиісті рұқсат қағаздарын 1 маусымға дейін алуын ұйымдастыру; Лагерьлерде демалатын оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және ас блоктары мен азық түліктердің сақталуын бақылауды күшейту, бекітілген ас мәзірі болуын талап ету; Оқушылардың жарақатының алдын алу бағытында ата-аналармен түсінік жұмыстарын жүргізу, демалыс шаралары барысына ата-аналарды қатыстыру және берілген тапсырмалар бойынша орындалу жөніндегі ақпаратты 1 маусымға дейін аудандық білім беру бөліміне жазбалай (мектеп басшысы қолы, печатымен бекітіп) түсіру туралы 2017 жылғы 23 мамырдағы №6-36/1303 хаты жіберілді.

Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастыратын жыл сайынғы ақысыз бейімді ауысымдарға және «Еуразия», «Самал» сауықтыру орталықтарына жалпыға бірдей міндетті орта білім қорынан қаралған қаржыдан жаз бойы мектептерден 90 шақты оқушы жолданатын болады. 31 мамыр – 6 маусым аралығында «Дарын қосымша білім беру орталығына ауданымыздың 5 мектебінен оқуда озат оқушылары «Үздіктер форумы – 2017» бейімдік ауысымына, 5 оқушы, 13-19 маусым күндері «Тілден биік асқар жоқ» қазақ тіліне ену бейімді ауысымына, 4 оқушы 22-28 маусым аралығында «Intel- junior» ауысымына жолдама алды.

Ал биыл күрделі жөндеуден өтетін ЖББ Сырым ОМБК-де 1-10 сынып аралығында 163 оқушы бітіреді. Аудандық «Достық» лагеріне 4 сыныптан жоғары 60 оқушыны қамту жоспарлануда. 19-30 маусым аралығында Орал қаласындағы «Еуразия» туристік-сауықтыру кешеніне білім беру бөлімінің қаржысынан (1 оқушыға – 42 000) 10 оқушы жолданды. Және жаз бойына Орал қаласында ұйымдастырылатын ақысыз лагерьлерге 10 оқушы жолдау жоспарланды. Астана қаласына «ЭКСПО – 2017» көрмесіне 4 оқушы ата-ана демеушілігімен барады, ал 6 оқушыға жолдама жергілікті қаржыдан берілді. Өзге 73 оқушыны жазғы демалыспен қамтуға демеушілер тарапынан көмек қарастырылуда.

Астана қаласына «ЭКСПО – 2017» көрмесіне Сырым ауданынан 92 оқушы жалпыға міндетті білім беру қорынан барып келді, 26 маусымда 96 оқушы ата-ана есебінен барады.

2016 жылы 2675 оқушы, яғни 96,5 пайызы жазғы демалыспен қамтылды. 2017 жылы жазғы демалыспен 2740 оқушының 2685-сі, яғни 98 пайызы қамтылады деп жоспарлап отырмыз.


Спорттық жұмыстар

2017 жылдың ақпан-наурыз айында волейболдан «шұбар доп» мектеп лигасының аудандық турнирі өткізілді.

2017 жылғы ақпан айында оқушы жастардың денсаулығын нығайтуға арналған дене шынықтыру және спорт жүйесін дамыту мақсатына арналған Мектеп және колледж оқушыларының VIIІ-ші қысқы Спартакиадасының аудандық кезеңі спорттын 3 түрінен өткізіліп іріктеліп Сырым ауданының командасы жасақталып облыстық жарысқа жолданды. Командалық есеп бойынша аудан командасы IV орынды еншіледі.

2017 жылдың наурыз айында аудандық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» байқауы ұымдастырылып облыстық кезеңге Бекжанов Руслан Бахытұлы қатысып номинация иеленіп отыр.

2017 жылығы «Былғары доп» балалар мен жасөспірімдер футболынан облыстық кезеңінен (үлкен,кіші) топ ұл балдар III орынды жеңіп алды (ЖББ Қ.Мырзалиев ат.ОМ).

Сырым Датұлына 275 жыл, Алаш партиясының құрылуына 100 жыл, Ж.Досмұхамедовке 130 жыл толу мерейтойлық шараларын атап өтуге қатысты іс-шаралар жоспары бойынша мектеп оқушыларының жазғы спартакиадасы спорттың сегіз түрінен өткізілді атап айтсақ (үстел теннисі,тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, қол күресі, гір спорты, жеңіл атлетика, жазғы президенттік көпсайыс) шараға 480 оқушы тартылып 341600 теңге қаржы жұмсалды. Қортындысы аудандық тамыз кеңесінің секциялық бөлімінде рейтинг арқылы шығарылатын болады.

Сонымен қатар ЖББ Жамбыл ОМ-де волейболды дамыту мақсатында мамыр айында оқушылар арасында аудандық турнир ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2050 жолдауында бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізген спорт кешенді жүйелі тәсілді қажет етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелесттікке қабілетті болмақ.


Әскери-патриоттық жұмыстар

2017 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығына арналған аудандық «Айбын» әскери патриоттық жиыны ұйымдастырылды. Нәтижесінде мамыр айында өткізілген облыстық кезеңінде «Қадыр қырандары» клубының тәрбиеленушілері «Әскери – патриоттық клубтардың презентациясы» сайысы бойынша І орын, компьютерлік ойында ІІІ орынға қол жеткізіп отыр

- Хамитов Құдайберген - ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы,

-Жақсығалиев Жантас - ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 7-сынып оқушысы.

«Ұлан» патриоттық клубының тәрбиеленушісі Амангелдиев Аслан әскери кростан ІІ-орын иеленсе (ЖББ В.Шубин ат.ОМ), «Жас ұлан» патриоттық клубының тәрбиеленушісі Толепбергенова Акмаржан күш жаттығуынан ІІ-орынға қол жеткізіп отыр (ЖББ Ж.Досмұхамедов ат.ОМБК). Маусым айының 9-20 Қарағанды қаласында өткізілген Халқаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында «Ұлан» патриоттық клубының тәрбиеленушісі Амангелдиев Аслан әскери кростан ІІІ-орынды жеңіп алып келді.



Мектептерде патриот айлығы, әскери оқу орындарындағы курсанттар мен кездесу, тәрбие сағаттары жоспарларына қарай түрлі іс- шаралар ұйымдастырылады.

Жастарды әскери ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісін жандандыру, дене бітімін жетілдіру қажеттілігі мен қызығушылықты қалыптастыру, әскери дағдыларға үйрету мақсатында аудандық білім беру бөлімі 10 сыныпта оқитын ер балалармен 2017 жылдың маусым айының 06-10 күндері аралығында жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебінің негізінде 5күндік оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды.10 сыныпта оқитын 100 ер баламен таңертеңгі сағат 600-2200-ге дейін бес күндік оқу-далалық жиыны бағдарламаға, кестеге және күн тәртібіне сәйкес өткізілді. Далалық жиынға қатысушы оқушылар мен АӘД оқытушы ұйымдастырушлары қатаң түрде бекітілген күн тәртібін, сабақ кестесін орындап, оқу сағаты мен ату жаттығуларын ұйымшылдықпен өткізді. Жиынға қатысқан оқушылар 5 күн ішінде алғашқы әскери дайындық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Оқушылар арасында әскери- спорттық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесінде ЖББ Бұлдырты ОМ командасы 1-орын, ЖББ Қособа ОМ 2-орын, ЖББ Қ.Мырзалиев ат .ОМ 3-орындарды жеңіп алды. Жеңімпаз командалармен үздік аталымдар бойынша жекелеген оқушылар мен АӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушылары марапатталды. Өткізілген іс-шаралардың оқушылар бойына патриоттық сезімдерді ұялатуға, еліміздің мемлектеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жеріміз үшін мақтаныш сезімін туғызуға арналған ролі өте зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет