ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА ДАЙЫНДАУ Барлық қолданылған құрал-саймандар залалсыздандарудан алдын № 96 бұйрық бойынша залалсыздандырудан алдынғы тазалаудан өткізіледі. Бұл жұмыс кешені төрт деңгейден тұрады:
1 деңгей-құралдарды зарарсыздандыру. Бұл мақсатта екі шылапшынға Қазақстан Республикасында рұқсат етілген дезинфекциялық ерітінді құйылады (лизоформин, дезапрев, эрисан дез т.б. Толық мәлімет кесте № 1 көрсетілген).
Бірінші шылапшында құралдар шайылады, ал екінші шылапшында берілген уақытқа салынып қойылады. Ерітіндінің концентрациясы, темпера-турасы және экспозиция мерзімі кестеге сай болу керек
2 деңгей. Сонан соң әр бір құрал ағынду суда 0,5 минут ағымында шайылады.
3 деңгей –жуғыш ерітіндіде жуу. Бұл мақсатта жуғыш ерітінді алдын ала дайындап алынады. Жуғыш ерітіндінің құрамы (1 литрге):
- перигидроль 33% - 17 мл
- жуғыш ұнтақ - 5 гр
- дистилляцияланған су Т- 50 С – 978 мл
Құралдарды жуу үшін 5-10 литр жуғыш ерітіндісі дайындалады. Осы ерітіндіні шылапшында дайындалады, құралдар оның ішіне 15 минутке толық батырылып қойылады,
4 деңгей 15 минуттан кейін әр бір құрал алынып тампонмен немесе щеткамен 0,5 минут ағымында жуылады. Сонан соң 1 минут ағымында ағынды суда шайылады.
5 деңгей– зарарсыздандыру сапасын бақылау. Бұл мақсатта қазіргі таңда кешенді азопирам байқауы жасалады. Дайындалған азопирам ерітіндісіне тең мөлшерде 3% сутегінің асқын тотығын қосамыз. Дайын болған ерітіндіні мақтаға малып құралдың үстіне сүртеміз. Құралдың біріншісін, соңғысын және ортасынан біреуіне қолданамыз, 5-10 секунд күтеміз. Егер мөлдір ерітіндінің түсі жасыл-көк түске боялса, жасырын қан қалдықтарының барлығы анықтала-ды. Бұл кезде барлық құралдар жуғыш ерітіндіге жаңадан салынып қайта жуы-лады. Егер ерітіндінің түсі ал қызыл түске боялса жуғыш ұнтағының қалдығы бар екені анықталады, бұл кезде құралдар қайта ағынды суда шайылады. Егер ерітіндінің түсі қызыл-қөңыр түске боялса, бұл құрал тот басқан болып сана-лады, және оны қолдануға болмайды.
6 деңгей. Сонан соң әр бір құрал ағынду суда 0,5 минут ағымында дистелленген суда шайылады.
7 деңгей–құралдарды кептіру. Құралдар кептіргіш шкаф ішінде 850С температурада 5-10 минут ағымында кептіріледі.