Сыртқы тыныс патофизиологиясы


Гиповентиляция пайда болу себептеріне қарай



бет3/4
Дата19.04.2023
өлшемі1,73 Mb.
#174963
1   2   3   4
Байланысты:
тыныс ж. патоф. Наташа

Гиповентиляция пайда болу себептеріне қарай:

Обструкциялық гиповентиляция тыныс алу жолдары тарылғанында немесе бітелгенінде байқалады. Бұл кезде ауа қозғалысына кедергі тыныс алу жолдарында пайда болады.
Рестрикциялық гиповентиляция өкпенің тыныс алу бетінің азаюынан немесе өкпе тінінің серпімділігі төмендеуінен дамиды. Ол өкпе тінінің өзінде болатын дерттермен немесе өкпенің сыртынан әсер ететін дерттік өзгерістермен байланысты дамиды.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық түрлері:
Қауырт сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше минуттан бірнеше сағаттың ішінде дамиды. Мысалы: дыбыс байламдарының аяқ астынан жиырылуы немесе жоғары тыныс жолдарына бөгде зат түскенде адамның тұншығуын, бронхиалық демікпенің ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын келтіруге болады.
Жіті сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше аптаның ішінде дамиды. Мысалы: жіті пневмония, өкпеқапта біртіндеп сұйық немесе ауа жиналуы (гидроторакс, пневмоторакс), өкпе сыртынан қысылып қалуы, өкпе ісінуі кезіндегі сыртқы тыныс жеткіліксіздігі.
Созылмалы сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше айдан бірнеше жылдар бойы дамиды. Мысалы: өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі, т.с.с. аурулар.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
Спецификалық
Тыныс алудың жеткіліксіздігіне ғана тән әйгіленімдерді айтады.
Оларға артериялық гипоксемия мен гиперкапния жатады
Бейспецификалық
Тыныс алудың жеткіліксіздігінде ғана емес, басқа жүйелердің аурулары кездерінде де байқалатын әйгіленімдерді жатқызуға болады. Бұларға:
Тыныс алудың жиілігі мен ырғағының өзгерістері;
Тері мен шырышты қабықтардың көгілдірленуі (цианоз);
Ентік
Әр түрлі дерттік тыныстар – жатады.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің спецификалық көріністеріне қарай патогенездік түрлері
Гипоксемиялық немесе ұлпалық тыныс жеткіліксіздігі
(I түрі)
Гиперкапниялық-гипоксемиялық немесе вентиляциялық тыныс жеткіліксіздігі
(II түрі)
Гипоксемиялық тыныс жеткіліксіздігі кезінде артериялық қанда оттегінің үлестік қысымы с.б.б. 60 мм-ден төмендеп кетеді. Ол өкпе ұлпасының ауыр бүліністерінен және төменгі майда тыныс жолдарының ауруларынан дамиды.
Гиперкапниялық-гипоксемиялық тыныс жеткіліксіздігі өкпе уяшықтарының гиповентиляциясы нәтижесінде дамиды. Бұл кезде организмнен көмірқышқылы газының сыртқа шығарылуы азайып, қанда оның деңгейі көбейіп кетеді.Осыны гиперкапния дейді. Гиперкапнияның деңгейі өкпе ұяшықтарының желдетілуі азаюынан тікелей байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет