Сыртқы тыныс патофизиологиясы


Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің спецификалық көріністері



бет4/4
Дата19.04.2023
өлшемі1,73 Mb.
#174963
1   2   3   4
Байланысты:
тыныс ж. патоф. Наташа

Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің спецификалық көріністері
Терең жиі тыныс гиперпное делінеді.
Ол қол жұмысын атқарғанда, гипоксемия, ацидоз, асқын кездерінде тыныс алу орталығы қозуынан дамиды.
Терең сирек тынысты брадипное дейді. Ол организмге оттегі көп түскенде, тыныстық орталықтың қозымдылығы төмендегенде, арт.қысым көтерілгенде байқалады.
Үстіртін жиі тыныс тахипное немесе полипное делінеді. Ол тыныстық орталықтың қозымдылығы көтерілгенде, өкпе тінінің бүліністері нәтижесінде тыныстық беттің азаюы, гипоксемия кездерінде байқалады.
Үстіртін сирек тыныс жантәсілім алдында байқалады.
Ентік алқыну түсінігінен ерекше түсінік. Алқынуға қол жұмысын атқарғанда дамитын терең жиі тынысты немесе гиперпноены жатқызуға болады. Ол туындатқан себепкер ықпал жойылғаннан кейін қалыпты тынысқа айналады.
Ал, ентік тыныс алу бұлшықеттерінің ұдайы ауыр жұмыс атқаруымен және адамда ауа жетіспеу сезімімен қабаттасатын өте ауыр сезім. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады
Инспирациялық ентік – демді ішке тартудың ауырлауымен және оның ұзаруымен сиппаталады. Ол жоғары тыныс жолдары мен кеңірдек саңылаулары тарылғанда (тамақ ісінулерінде, дыбыс байламдары жиырылғанда, бөгде зат тамаққа тұрып қалғанда) дамиды.
Экспирациялық ентік кеуде қуысының ішіндегі тыныс алу жолдары тарылғанда байқалады. Бұл кезде демді сытқа шығару ұзақтығы демді ішке тартудан ұзақ және ауыр болады. Демді сыртқа шығарғанда тыныс алу жолдарындағы ауа қысымы кеуде қуысы ішіндегі қысымнан төмен болады да, тарылған жер одан сайын тарылады, дем шығару ауырлайды.
5. Қорытынды.
Дерттік тыныстар
Чейн – Стокс тынысы
Биот тынысы
Кусмауль тынысы
Асфиксия (тұншығу)
Агониялық тыныс немесе ақтық дем

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет