«СІЗДЕ СТРЕССКЕ ҰШЫРАУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ БАЙҚАЛА МА?» ТЕСТІ
Төменде келтірілген 6 жауаптың сіздің мінезіңізге келетінін әр тобының ішіндегі біреуін сызыңыз.
І топ:
А) Жұмыста, қарым-қатынаста сіз қарсы жыныс өкілдерімен спорттық немесе азарттық ойындарда бәсекелестіктен қашпай және агрессивтілік қылық көрсетесіз;
Б) Егер де ойын барысында сіз ұпайлардан айырылып және егер де қарсы жыныс өкілі сіздің алғашқы көңіл аударуларыңызға міндетті дәрежеде назар аудармаса, сіз жарысудан бас тартып, ойыннан шығасыз;
В) сіз қандай да болмасын қарама-қайшылықтан қашқақтайсыз.
ІІ топ:
А) Сіз тазалықты сүйгішсіз және көп нәрсеге қол жеткізгіңіз келеді;
Б) Сіз «теңізден ауа-райын» күтесіз де отырасыз;
В) Сіз жұмыстан сытылудың себебін іздейсіз.
ІІІ топ:
А) Сіз жылдам жұмыс жасағанды ұнатасыз және ол істі тезірек бітіргенді қалайсыз;
Б) Сіз өзіңізді біреу әркез қолдап отыруға үміттенесіз;
В) Сіз кешке үйге келгенде бүгін жұмыста не болғанын ойлайсыз.
ІV топ:
А) Сіз тез және тым дауыстап сөйлейсіз, өзгелерді бөліп отырасыз;
Б) Сізге «жоқ» деп жауап берген кезде, ешқандай әсерленбей жайшылықпен қарайсыз;
В) Сізге өз сезімдеріңіз бен қорқыныштарыңызды жасыру қиынға түседі.
V топ:
А) Сізде іш пысушылық жиі болады;
Б) Сізге еш нәрсемен айналыспаған ұнайды;
В) Сіз өзіңіздің емес өзгелердің қалауларына сәйкес әрекет жасайсыз.
VІ топ:
А) Сіз тез жүресіз, тамақтанасыз;
Б) Егер де сіз бір нәрсені жасауды ұмытып кетсеңіз, оған еш қиналып ойланбайсыз;
В) Сіз өз сезімдеріңізді тежейсіз, ұстайсыз.
Қорытындылау:
А-6 ұпай, В –2, Б-4 ұпай қойылады.
24-36 ұпай – Сіз жоғары дәрежеде стресске ұшырағансыз, сізде тіпті стресстің әсерінен пайда болған аурулар белгілері көрінуі мүмкін: жүрек ауруы, ісік, ішек аурулары. Сізбен бірге өмір сүру қиын болу керек. Сізге ең бастысы өз-өзіңізді тыныштандырыңыз.
18-23 ұпай - Сіз тыныш және стресске ұшырамаған адамсыз. Егер де сіз аздап 18-ден жоғары жинасаңыз, онда сізге кеңес – қоршаған адамдарға шыдамдырақ болу. Бұл сізге үлкен нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
12-17 ұпай - Сіздің әрекетсіздігіңізде стресске ұшырауыңыздың себебі болуы мүмкін. Сіз бұныңызбен қоршаған адамдарға жағымсыз әсер әкелесіз. Өзіңізге көбірек сенімділік керек. Сізге өз тұлғаңыздың жағымды сапаларыңыздың тізімін жасап, олардың әрқайсысын шыңдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |