«Сізге деген сүйіспеншілікпен»



Дата31.12.2019
өлшемі25,9 Kb.
#54590
МКҚК «Айгүл» балабақшасы


«Сізге деген

сүйіспеншілікпен»

Әдіскер: А.Баянова



Мақсаты: Балаларға еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» әлеміне қосқан үлесі туралы және де Сара Алпысқызының туған күн кешіне арналған сый құрметтер. Бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру.
Жүргізуші: Балалар, біз еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» пәніне қосқан түлесі туралы және Сара Алпысқызының туған күніне арналған құттықтау тілектерімізді жолдаймыз. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік рухани тұрғыда дамыту бойынша «Өзін-өзі тану» атты кең ауқымды білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша даналықтың шыңы мол махаббат, ал бақыт құпиясы ол адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жетуі үшін шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Балалар «Өзін-өзі тану» басқа оқу іс-әрекеттеріне қарағанда қандай ерекшеліктері бар білеміз бе?
Балалар: Иә.

Жүргізуші: Қандай? Атап өтейікші?

Балалар: Ойларымызды еркін айтуға үйренеміз, бір-бірімізге жылы лебіздер, тілектер айтамыз, бір-бірімізді тыңдауға, сыйлауға, құрметтеуге, адамгершілікке үйренеміз.

Пошташы: Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар: Сәлеметсізбе!

Почташы: Балалар, Сара Алпысқызы Назарбаева сендерге хат жіберіпті. Мен сендерге соны алып келдім.

Жүргізуші: Сізге көп-көп рахмет! Біздің балалар Сара апайларының сый құрметіне арнаған тақпақтары, өз өнерлерін бізбен бірге тамашалаңыз. Балалар, кәнекей Сара апайдың берген хатын сендерге оқып берейін. «Бір бірлеріңді сыйлаңдар, жаманшылық ойламаңдар, ертең сен де үлкен боласың, ертең сен де қартаясың. Қазіргі жасап жатқаның барлығы алдыңнан шығады. Бәрі адамның алдына келеді. «Жақсылық жасадың ба, жақсылық келеді, жамандық жасасаң жамандық келеді». Сондықтан балалар үнемі жақсылық жасайық.
Жүргізуші: Балалар, Сара апайымыздың туған күніне арналған жақсы тілектерімізді, тақпақтарымызды, өз өнерлерімізді көрсетейік. Ал, кәнекей кім тақпақ айтып береді екен?
Бала: Жұдырықтай жүрегіміз

Қуаныштан шаттанып,

Жыр арнадық ана сізге

Бар ғаламға мақтанып.


Бала: Сіз бастаған жүрек жолы

Өзін-өзі таныған

Бөбектерің қанат жайып

Жаңа өмірге қол созған.


Бала: Құттықтаймын Сара апай!

Ең қымбатты күніңізбен.

Тілейміз біз шын жүректен

Бақыт нұрлы ұзақ өмір.


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар, Сара апайымыз біздің бақытқа, қуанышқа, шаттыққа кенеліп, бақытты өмір сүруіміз үшін қосқан үлесі зор. Ендеше, Сара апайға деген сый құрметіміз ретінде тобымыздың бүлдіршіндерінің биін қарсы алыңыздар.
Би: «Қаражорға».
Ойын жаттығуы «Сиқырлы айна»

Сиқырлы айнаға қарап өздеріңді «Мен қандай баламын» деп ойланып көріңдерші. (Балалардың жауаптары)

Балалар қалай ойлайсыңдар «Бақытты бала» деп кімді айтамыз?
(Балалардың жауаптары)
Жүректен жүрекке

Балалар, Сара апайымыздың туған күніне өзіміздің шын жүрегімізден тілек тілейік.


Ән «Мен бақытты баламын»
Бүгінгі «Сізге деген сүйіспеншілікпен» атты мерекелік кешіміз аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет