Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары Сүйек пен бұлшықет жүйесінің аурулары


Гематогендік біріншілік остеомиелит



бет3/13
Дата14.05.2024
өлшемі62,35 Kb.
#202200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
14 апта

Гематогендік біріншілік остеомиелит


Гематогендік біріншілік остеомиелит жедел және созылмалы болады. Гематогендік жедел остеомиелит, әдетте жас адамдарда дамып, ер адамдарда 2-3 өсе жиірек кездеседі. Гематогендік созылмалы остиеомиелит көбіне жедел остеомиелиттің салдары.
Этиологиясы. Остеомиелитті негізінен гемолиздік стафилококк (60—70%), стрептококк (15—20%), колиформды бацилла (10 – 15%), пневмококк, гонококк сияқты іріңдеткіш микроорганизмдер қоздырады. Кейде саңырауқұлақтар да қоздыра алады. Инфекция гематогендік жолмен кез келген мүшеден тарап, оның алғашқы ошағының біразы анықталмай да қалады. Ондай жағдайларға ішектің ұсақ жарақатынан, тіс ауруларынан, жоғарғы тынысалу жолдарынан өрістеген транзиторлық бактериемия себеп болатын сияқты.
Патогенезі. Жіліктердің қанайналымы бактериялардың сүйек тініне түсуіне қолайлы. Алдымен метафиздің кемігіндегі кеңістіктер іріңдейді, өйткені ол жерлерде қан ағысы баяу. Кейін үдеріс өрістеп, ауқымды некроз ошақтарын қалыптастырып, сүйектің қыртыстық қабатына, қабығына, төңірегіне жайылады. Ірің біртіндеп сүйектің өзегін қуалап, кемігін одан ары зақымдай түседі. Балалардың, әсіресе жаңа туған сәбилердің, сүйек қабығы тығыз жалғаспайды және эпифиздің шеміршегінде қан айналымы ерекше, сондықтан іріңді үдеріс буынға да өрістеп, іріңді артрит дамиды.
Патологиялық анатомиясы. Гематогендік жедел остеомиелит флегмоналы кейде ұйымалы болып, сүйектің кемігін, Гаверс өзекшелері мен қабығын да қамтиды; сүйек кемігі мен тығыз табақшаларда некрозды ошақтар қалыптасады. Сүйектің эпифиздік шеміршегімен тұстас жерлері тым ыдырап жойылады, кейде метафиз эпифизден ажырап, ол жер қозғалмалы болып, буын қалыпты сиқынан таяды. Некрозды аймақтарды нейтрофилдер қоршап, тығыз табақшалардың қан тамырларында тромбылар пайда болады. Сүйек қабығының астында іріңдіктер түзіліп, төңірегіндегі жұмсақ тінді флегмона жайлайды.
Гематогендік созылмалы остеомиелит ұзаққа созылған іріңді үдерістен туындап, сүйектік секвестрлер қалыптастырады. Секвестрлер грануляциялық тінмен қоршалып, қабықпен шектеледі. Кейде олар ірің толған қуыста қалқып жүреді. Бұл қуыстар жыланкөздер арқылы дененің сыртымен немесе ішкі қуыстармен, буынның қуысымен жалғасады. Сүйектің қабығы мен өзегінде жаңа сүйек те түзіліп жатады. Сүйек жуандап, қалыпты сиқынан таяды. Эндостыда түзілген сүйектік тін (остеофит) кейде сүйектің өзегін бітеп, тығыз табақшаларды қалыңдатады. Сүйектік тін ыдырып, әр жері немесе барлық жері сирейді. Гематогендік созылмалы остеомиелиттің барысында іріңдеген жұмсақ тінді тыртық басады.
Созылмалы остеомиелиттің ерекше нысаны — Броди абсцесі (іріңдігі). Ол - ішіне ірің толған, іргесі тегіс қуыс; ішкі беті грануляциялық тінмен астарланып, сырты фиброзды қабықпен шектеледі. Грануляциялық тінде плазмациттер мен эозинофилдер көп. Әдетте, жыланкөз қалыптаспайды, сүйектің сиқы бұзылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет