Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары Сүйек пен бұлшықет жүйесінің аурулары



бет5/13
Дата14.05.2024
өлшемі62,35 Kb.
#202200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
14 апта

244-сурет. Фиброзды дисплазия: а — гистологиялық бейнесі: талшықты дәнекер тіннің арасындағы сүйек табақшалары (Т.П. Виноградовадан); б — беттің пішіні бұзылған (деформация).
Фиброзды дисплазия ошағының микробейнесін талшықты дәнекер тін құрайды. Талшықты дәнекер тіннің арасында толық ізбестенбеген, тұрпайы сүйек табақшалары мен остеоидтық табақшалар болады (244-суретті қара). Талшықты тіннің кей жерлері жетілген коллагендік талшықтар мен ұршықтәрізді жасушалардың будаларынан түзілсе, енді бір жерлері жас (жіңішке) коллагендік талшықтар мен жұлдызша жасушалардан қалыптасады. Миксоматозды ошақтар мен қуыстар, остеокластылар мен ксантомдық жасушалар шоғыры, шеміршектік тін ұялары ұшырасады. Бет сүйектеріндегі фиброзды дисплазияның гистологиялық ерекшелігі бар: дисплазиялы ошақтың қатты бөлігін цемент тектес (цементикли тәрізді) заттар түзеді.
Асқыну зардаптары. Сүйек сынғыш келеді. Жүре бастаған сәбилердің, әдетте ортан жілігі сынады. Қол сүйектері сирек сынады. Сынық тез бітіп, сүйектің кескіні тым бұзылады. Фиброзды дисплазияның біразы остеогендік саркомаға ұласады.

Остеопетроз


Остеопетроз (мәрмәр ауруы, тума остеосклероз, Альберс-Шенберг ауруы) — сирек байқалатын ауру. Сүйектік тін тез түзіліп, сүйектер жуандап, кемігіндегі кеңістіктер тарылады немесе мүлде бітеліп қалады. Остеопорозға мына үштік тән: сүйектер тым қатаяды, сынғыш келеді және анемия дамиды.
Этиологиясы мен патогенезі. Остеопетроздың этиологиясы мен патогенезі әлі толық зерттелмеген. Сүйек пен қан жасайтын тіндердің дамуына әсер ететін тұқымқуалайтын факторлардың қатысы бар екені күмәнсіз. Олардың әсерінен сүйектік тін тым көп түзіліп, толық жетілмейді. Ал остеокластылар өз жұмысын дұрыс атқара алмайды, сондықтан бір жағынан, сүйек тіні тез ыдырап азайса, екінші жағынан тым тез түзіліп отырады. Сүйектің өз тіні тым көбейіп, ал кемігі ығысып, азайғандықтан, анемия мен тромбоцитпения дамиды, қан жасайтын ошақтар пайда болып, бауыр мен талақ және лимфалық түйіндер ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет