Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Транспорттық және емдік иммобилизация



бет77/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Транспорттық және емдік иммобилизация.

Алғашқы көмек алгоритмі
Өзіңізге де, жәбірленушіге де ешқандай қауіп төнбей тұрғанына көз жеткізіңіз. Яғни, оны қауіпті жерден алып шығыңыз.
Ашық сынған жағдайда, алдымен қан ағуын тоқтатыңыз.
Шина немесе қолда бар басқа заттар, мысалы тақтай, ағаш арқылы сынған аумақтың қозғалмауын қамтамасыз етіңіз
Иммобилизацияның транспорттық және емдік түрін ажыратады. Емдік иммобилизациядан транспорттықтың ерекшелігі-медициналық көмек көрсететін мекемегі зардап шеккенді жеткізгенге дейін зақымданған жерді иммобилизациялау.Сөйтіп, транспортты иммобилизация шоктың, тіндердің ( тері, бұлшықет, тамыр, жүйке) сүйек жарықшалары мен екіншілік зақымдануының,инфекциялық асқынудың алдын алады. Транспорттық иммобилизация көрсеткіштеріне сүйек пен буын, ірі қан тамыр мен жүйке бағаны, жұмсақ тіндердің массивті зақымданулары, күйік, үсу,аяқ-қолдардың ұзақ қысылу синдромы жатады.Кері көрсеткіштер жоқ десек те болады. Транспорттық иммобилизация құралдарын екіге-стандартты шиналар және қолда бар құралдарға бөледі.
Транспорттық шина салу ережелері:
Транспорттық иммобилизация жарақат алған мезеттен кейін неғұрлым ерте жасалу керек. Транспорттық шиналар жарақат алған сегментпен қатар екі жанындағы буындарға да салыну керек.Сан сүйегі жарақаты кезінде үш буын иммобилизациялану керек (жамбас, тізе, табан) және иық жарақатында да. Аяқ-қолды иммобилизациялау үшін ортафизиологиялық жағдайға келтіру керек. Транспорттық шиналарды киім,аяқ киім үстінен салу керек, оның мақсаты ,біріншіден, шешіндіру кезінде қосымша травматизацияның алдын алу,екіншіден, киімді жұмсақ төсеніш ретінде пайдалану. Тіндер қосымша зақымданбау үшін шина салынбастан бұрын дене контурына сай модельдену керек,аяқ-қол жұмсақ төсенішпен оралу керек,ал сүйектің шығыңқы жерлеріне дәкеден не матадан төсеніш салу керек.Шинаны салғаннан кейін модельдемейді, ол қосымша жарақат етуі мүмкін.Қолда бар материалдардың кемшілігі дене контурына сай модельденбеуі. Шинаны тым тығыз орауға болмайды, себебі ол жұмсақ тіндердің қысылуына, соңынан ауыр ишемиялық бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Жабық жарақаттар кезінде ось деформациясын түзеу мақсатында шина салмастан бұрын аяқ-қолдың тракциясын жасау керек.Көп жағдайда бұл жарғақшалардың ығысуын азайтып,оның айналасындағы тіндерге , әсіресе теріге қысымын азайтады.Ашық сынықтар кезінде тракцияны жасауға болмайды,себебі онда сүйек жарғақшалары жұмсақ тіндер тереңдігіне еніп кетіп,жараны қосымша зақымдайды. Қысқы уақытта иммобилизденген аяқ-қолды қосымша жылы орау керек.
Иммобилизация екі түрге бөлінеді: көліктік және емдік.

Көліктік иммобилизация жарақатталған адамды жарақат алған жерден ауруханаға дейін жеткізу үшін қажет. Ол үшін арнайы және қолдағы бар заттардан жасалған таңғыштар қолданылады. Көліктік таңғыштар бекітуші және бекіте тартушы болып екіге бөлінеді. Бекітуші таңғыштарға жататындары: фанерадан, ағаштан, картоннан, сым сатыдан, тақтайдан тағы да басқа қолда бар заттардан жасалады. Бекіте тартушы таңғышқа жататындары: Томс-Виноградов және Дитерихс таңғыштары. Бұл үшін кейде уақытша гипс те қолданылады.
Көліктік иммоболизацияның негізгі принциптері мынадай болу керек:
Таңғыш міндетті түрде екі не үш буынды қамтуыкерек.
Сынған жерді толық бекітпей тұрып аяқты не қолды өз өсі бойынша аздап тарту керек. Егер ашық сынық болса сынған сүйектің ұшын жұмсақ тінішіне кіргізбей, жараны ақ сүлгімен жауып байлағаннан кейін аяқ не қол қалай жатса сол қалыпта таңғышпен бекіту керек. Аяққолды таңарда киімді шешпейді. Тақтайдан жасалған таңғыш салғанда сүйектіңшығыңқы бұдырына тері мен таңғыш ортасына мақта не жұмсақ мата салыну керек.
Әрқашан есте болу керек, дұрыс салынбаған таңғыш ауруға көмек бермей, зиянды болуы мүмкін.
Мойын омыртқасы зақымдалғанда Еланскийдің таңғышын пайдаланады Омыртқа сынғандағы транспорттық иммобилизация. Кеуде және бел омыртқалар зақымдалғанда жұлынғада зақымдалу қаупі туады. сондықтада ауруды қатты носилкага шалқасынан, ал жұмсақ носилкага-етбетінен 4 -5 адамның көмегімен жатқызады. егерде тек қатты носилкаға жатқызса: - етбетінен жатса - кеуде мен басының астына, ал шалқасынан жатса белінің тұсына жастық не бүктетілген киім салыну керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет