Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Бұғананың шығуы. Механизмі, диагностикасы, клиникасы



бет16/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Бұғананың шығуы. Механизмі, диагностикасы, клиникасы.

Бұғананың акромиальды ұшынының шығуы
Клиникасы. Акромиальды-бұғаналық байлам аймағында күшті емес ауырсыну байқалады. Сол жерде ісіну, пальпация кезінде ауырсыну, сау жақпен салыстырғанда бұғананың көтеріліп тұруы байқалады.Бұғананың акромиальды шеті иық үстінен жоғары шығып тұрады, сол жерді басқан кезде айқын көрінетін «клавиша» («перне») симптомы анықталады. Иық буынында белсенді қозғалыстар шектелген және ауырсынумен жүреді.
Диагностикасы.Байламның зақымдалуы туралы акромиальды-бұғаналық сынама да дәлелдейді. Оны келесідей іске асырады.Иықты 90 әкетіп, шыңтақты алдыға қарай ортаңғы линияға ығыстырады, сол кезде байламға күш түскендіктен, ол ауырсынудың күшеюіне әкеледі. Акромиальды-бұғаналық байлам зақымдалуына «клавиша» симптомы тән: денеге әкелінген қолдың шыңтағы астынан фиксация жасаймыз және бұғананың жоғары ығысқан ұшына басамыз. Сол ол оңай ішке кіреді. Қолды алғанда бұғананың ығысқан бөлігі қайтадан сыртқа шығады клавиша тәрізді.
Бұл симптомдардың барлығы жартылай шығудан қарағанда толық шығуда анық көрінеді. Осылай, толық шығу кезінде бұғананың акромиальды ұшының жоғары ығысуы соншалықты болады, сол кезде оның буындық бетін пальпациялауға болады. Мұны жартылай шығу кезінде істеу мүмкін емес. Толық шығу кезінде бұғана мен жуырынның ажырауының үлкен болуы соншалықты, тіпті жауырынның қозғалуы бұғана жағдайынының өзгерісінсіз жүреді. Жартылай шығу кезінде жауырынның қозалысы қалыпты кездегідей бір уақытта бұғананың дистальды ұшының қоғлысына әкеледі.
Ескірген шығулар кезінде бірнеше симптомдар көрінуі бәсеңдеуі немесе керісінше күшеюі мүмкін. Мысалы, бұғананың акромиальды ұшының шығуы артуы, ал клавиша симптомы айқын көрінбеуі байқалады.
ДИАГНОЗ РЕНТГЕНОГРАФИЯМЕН ДӘЛЕЛДЕНЕДІ: суретті науқастың тұрған қалпында жасайды, бір сәтте екі жақ бетінен, тыныштық жағдайда және жүктемемен бірге(4,5-7 кг). Жүкті науқастың білезігіне байлап қойған жақсы, себебі науқас жүкті өзі ұстайтын болса, қол бұлшықеттері максимальды түрде босаңсымайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет