Жалпы астрономия
1. Күннің белсенділік циклдерінің қасиеттері және пайда болуы:
A) Вольф саны Күн белсенділігінің дәрежесін сиппаттайды Ол мынаған тең: W = k(f+10g), мұндағы k- коэффициент, қолданылатын құралға тәуелді, f – дақтардың саны, g – дақтар тобының саны
B) Күннің белсенділігінің циклі амплитуда бойынша бірыңғай
C) Күннің белсенділігінің себебі толығымен анықталмаған, бірақ Күннің дифференциалды айналуы маңызды рөл атқаратыны анық Шындыққа жанасатын Күн белсенділігін түсіндіретін гипотезаны жасаған Г Бэбкок
D) Күннің ғарыштық сәулелерінің протондары Жерге жарқ ету басталғаннан кейін 25 минуттан соң келіп жетеді
E) Жердегі процестерге Күн белсенділігі әсер етпейді
2. Күн келесі қасиеттерге және параметрлерге ие:
A) Күннің тұрақтысы – бірлік ауданнан өтетін, 1 аб қашықтығындағы бірлік уақытта, сәулелену бағытына перпендикуляр, Күннің сәуле шығару энергиясының мөлшері
B) Күн атмосферасының эффективті температурасы 10 000К тең
C) Күн экватор жазықтығы эклиптика жазықтығына сәйкес келеді
D) Күннің спектрінің көрінерлік аймағында 20 000 жуық жұтылу сызықтары бар
E) Күннің спектрінің көрінерлік аймағындағы аса күшті жұтылу сызықтары иондалған кальции болып табылады
|
3. Астрономиядaғы ең белгiлi спектрлiк сызықтар және ең маңызды физикалық эффектілер:
A) Қызыл жұлдыздар - ыстық, көктері - суық, ал сарылары күннің температурасына ие
B) Сәуле шығарудың поляризациясы симметриялық емес молекулаларда, ұсақ тозаңдарда, еркiн электрондарда жарықтың ыдырауы кезінде пайда болады
C) Эффективті температура - ол Вин ауысуы заңымен анықталатын температура
D) Спектрдiң көрiнетiн облысындағы ең белгiлi сызықтар: сутегінің бальмерлік сызығы Hα - Hε, кальцийдің екi рет иондалған сызығы H және K, натрийдің D1, D2 сары дублеті, гелий сызығы, екi рет иондалған оттегiнiң тыйым салынған сызықтарының жасыл дуплеті
E) Спектрлiк сызықтардың пайда болуы атомдардың iшкi қуатының тұрақты өзгерiсiмен (жұту-сәуле шығару) байланысты
|
4. Жұлдыздар шоғырланулар және ассоциациялары қасиеттері және сипаттамалары:
A) Күнге жақын шашыранды шоғырлану χ және h Per
B) Құралсыз көзге көрінетін шашыранды шоғырланулар: Үркер, Гиада, Ясли, χ және h Per
C) Галактика шар тәрізді белгілі шоғырланулардың саны 10 000 жетеді
D) Жұлдызды ассоциациялар – газ-тозаңды комплекстердің ішіндегі жас жұлдыздар тобы
E) Шашыранды шоғырлануларда – ондаған, ал шар тәрізді шоғырлануларда – 10 000 дейін жұлдыздар саны бар
F) Шашыранды шоғырланулар негізінен бас тізбектегі жұлдыздардан тұрады Өлшемдері – 3-5пк Жасы миллион жылдан азырақ
|
5. Телескоптың сұлбалары мен сипаттамалары:
A) Кеплердiң рефракторы фокустерi қатар қолданылған, екi қос-дөңес линзалардан тұратын жүйе
B) Аспанның үлкен аумақтарын суретке түсіру үшін жарыққа төзімді телескоптар: Шмидт камералары және Максутов телескоптары қолданылады
C) Бейненің сызықты өлшемдерiн есептеуге арналған формула L = F cos α , мұндағы F - телескоптың фокустық қашықтығы, ал а - аспан объектісі көрiнетiн бұрыш
D) Салыстырмалы саңылау – бұл объектив диаметрiнiң окулярдың фокус қашықтығына қатынасы болып табылады
E) Менистік телескоп екі менистен тұрады
F) Объектив диаметрі телескоптың негізгі параметрі болып табылады
|
6. Астроклиматтың рөлі:
A) Телескоптың факелді жазықтығының фон үлкендігі оның жарық күшіне байланысты емес
B) Жер атмосферасы жарықтың түсу жолын бұрмалайды, толқын ұзындығына тәуелді сәулеленуді баяулатады, жарым-жартылай оны поляризациялайды және кескінді бұлдырлатады
C) Дүние жүзіндегі ең керемет астроклимат Қазақстанда
D) Фон беріліп отырған телескоптың өткізу күшін шектемейді
E) Жер атмосферасы электромагниттік сәулеленуді екі түрлі спектр аймағында өткізеді: 1 см-ден 20 (30)м аралығындағы радиодиапазонда орналасқан көрінетін және оған жалғасқан кішігірім ультракүлгін және инфрақызыл аймақтарда
F) Астроклиматтың негізгі факторлары: ашық түндердің саны, атмосфераның мөлдірлігі мен тұрақтылығы, нүктелік сәуле шығару көзі кескінінің өлшемі және аспан фоны (жарқырауы)
|
7. Эмиссиялық тұмандықтар және олардағы атомдар келесі қасиеттерге ие:
A) Эмиссиялық тұмандықтардың спектрлеріндегі ең күшті сызықтар сутегіге және екі еселі иондалған оттегі сызықтарына тән
B) Сутегі сәулеленуінің 912Å қысқа болатын спектрлік аймақ бальмер континуумы деп аталады
C) Газ-тозаңды тұмандықтардың мазерлі сәулеленуінің толтыру көзі (OH және H2O сызықтарындағы) бұлттың орталық бөлігіндегі инфрақызыл сәулелену болып табылады
D) Электрондардың бір деңгейден екінші деңгейге рұқсат етілген ауысулары 10-2с аралығында жүзеге асады
E) Тыйым салынған сызықтар - бұл кванттық механика тәртіптерімен рұқсат етілмеген сызықтар
F) Мазерлер – қуатты рентген сәулелену көздері
G) 20 000К-нен ыстық жұлдыздардың сәулеленуі ондаған парсек қашықтықтағы сутегіні толық иондап, HII аумағын түзеді
|
8. Метагалактика келесі қасиеттер мен параметрлерге ие:
A) Фотометрлік парадокске сәйкес барлық аспан Күн тәрізді жарқырауы керек
B) Галактикалар бізден алыс орналасқан сайын, олар бізден үлкен жылдамдықпен алыстайтындығын Э Хаббл тапты
C) Жалпы біздің Ғалам ұяшық тәрізді құрылымға ие, олардың қабырғалары аса шоғырланған Галактикалардан тұрады
D) Қазіргі кезде бақылауға 10 млн Галактикадан тұратын Ғаламның көлемі қамтылады
E) Метагалактика - бұл Галактикалардың алып шоғырланулары
F) Гравитациялық парадокс Ньютонның тартылыс теориясының шындығын куәландырды
G) Жасырын масса туралы 19 ғасырдың аяғында айта бастады
|
9. Галактикалар және квазарлар келесі параметрлерге және қасиеттерге ие:
A) Галактикалардың абсолютті жұлдыздық шамасы -16m > М > - 23m аралығында болады
B) Квазарлардың жарқырауы біздің Галактика жарқырауынан төмен
C) Галактикалар өлшемі 1 кпк тен 7 кпк арасында болады
D) Галактикалар массасы 1018 Күн массасына дейін жетеді
E) Галактика центрінің айналасында 10кпк қашықтықта жұлдыздардың айналу жылдамдығы 2000км/с жетеді
F) Сейферттік Галактикадың спектрлерінде ультракүлгін артықтық, пішіні уақыт өткен сайын өзгеретін кең эмиссиялық сызықтары бар
G) Галактикалар шиыршықтарын тығыздық толқындары тудырады
|
10. Ғарышнаманың (Космологияның) негізгі орны және салдары:
A) Қазіргі Хаббл тұрақтысының сандық мәні 550 км / с Мпк тең
B) Масштабты фактор уақыт өтуімен Ғаламның полюстерінің ара қашықтықтарының өзгеру заңдарына әкелді
C) Әлемнің критикалық тығыздығы мына өрнекпен есептеледі: ρкр = 3H2/8πG
D) Әлемнің изотроптығын ғана болжау ғарышнаманың қағидасы
E) Әлемнің критикалық тығыздығы мына өрнекпен анықталады: ρкр = 3H2/2πG2
F) Әлемнің изотроптығын және біртектігін болжау ғарышнаманың қағидасы
G) Хаббл заңы былай жазылады : Vr = c (Δλ/λ) = Hr, мұндағы, Vr – сәулелі жылдамдық, с – жарық жылдамдығы, Δλ- спектрлік сызықтардың ығысуы, H- Хаббл тұрақтысы, r –ара қашықтық
|
Астрофизика негіздері
1. Ядроcы ең орнықсыз элементтер:
A)
B)
C) 3He
D) 2He
E)
|
2. Нейтронды жұлдыздар үшін шекті масса немесе Оппенгеймер-Волков шегі:
A) Материяның күй теңдеуінен тәуелді
B) Заттың химиялық құрамынан тәуелді
C) 1,4 күн массасынан кем болмауы керек
D) Ақ ергежейлілерге арналған массалар шегіне тең
E) ~1,5-3 күн массасы аралығында жатады
|
3. Жұлдыздардың негізгі глобальды сипаттамалары:
A) Радиус
B) Жылу сыйымдылық
C) Жарықтылық
D) Атмосфера
E) Масса
|
4. Нейтронды жұлдыздарды жіктеуге болады:
A) Глобулалар
B) Фуорлар
C) Плериондар
D) Эжектор
E) Аккретор
F) Пропеллер
|
5. Параллакстыққа жататын монтировка:
A) Альт-азимутальдық
B) Ағылшындық
C) Жапондық
D) Үнділік
E) Американдық
F) Немістік
|
6. Параллакстыққа жататын монтировка:
A) Ағылшындық
B) Азимутальдық
C) Француздық
D) Үнділік
E) Немістік
F) Американдық
|
7. Жұмыс істеу принципі ішкі фотоэффект құбылысына негізделген құрылғы (аспап):
A) Фотокедергілер
B) Электронды-оптикалық түрлендіргіштер
C) Вакуумды фотоэлементтер
D) Фотодиодтар
E) Фотокөбейткіштер
F) Фотоэлектрлік фотометр
G) ПЗС матрицалар
|
8. Фотосферада пайда болған электрмагниттік кванттардың Жерге жету уақыты:
A) Жуықтап 500 секундтан соң
B) Жуықтап 8,3 минуттан кейін
C) Жуықтап 600 секундтан соң
D) Жуықтап 300 секундтан соң
E) Жуықтап 5 минуттан кейін
F) Жуықтап 0,138 сағаттан соң
G) Жуықтап 10 минуттан кейін
|
9. Фотоэмульсиялардың маңызды ерекшеліктері:
A) Үлкен информациялық сыйымдылығы
B) Панорамалығы
C) Жоғары сызықтылығы
D) Дәл фотометрия мүмкіндігі
E) Сигналды жинақтау мүмкіндігі
F) Шуылдардың болмауы
G) Мәліметтерді өңдеу ыңғайлылығы
|
10. Фотосфера затына тән құбылыстар:
A) Химиялық құрамында сутегінің басым болуы
B) Температураның жүздеген кельвин шамасында болуы
C) Сутегінің теріс иондарының болуы
D) Химиялық құрамында сутегінің болмауы
E) Химиялық құрамында гелийдің басым болуы
F) Сутегінің теріс иондарының болмауы
G) Температураның бірнеше мың кельвин шамасында болуы
|
|