Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет30/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   135
Байланысты:
сборник3

Аннотация 
Три доминирующих темы занимали литературный дискурс в сталинскую эпоху - 
индустриализация и модернизация и растущее классовое сознание советских людей. Многие 
из советских казахских писателей охотно участвовали в повествовании о советской 
модернизации, не рассматривая его как навязывание сверху. Советская модернизация и 
соблюдение советских канонов социалистического реализма в культурном производстве стали 
единственными формами культурного выживания для коренных авторов, лояльных к 
государству

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы еліміздің тарихына өзгерістер кезеңі болып 
енді. ХУІІІ ғасырдан бастап Қазақ хандығы Ресей империясымен келісімге келді және ХІХ 
ғасырдың соңына таман патшалық Ресеймен отарланды. ХХ ғасырдың басында қазақ 
зиялылары мен саяси элита (Алаш қозғалысы) Ресейдің саяси өміріне белсенді араласып, қазақ 
автономиясын құру мақсатында қозғалыс құрды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін 
Қазақстан Кеңес Одағының құрамына енді де, 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік 
Республикасы болып құрылды.
Кеңестік құрылыстың келуімен большевиктер қоғамның барлық саласында жаңғырту 
ісін бастап кетті. Олар патшалық отарлауға қарсы саясатын жариялап, өздерінің идеологиясын 
ұлтшылдықты буржуазиямен байланыстырған марксизм-ленинизмге негіздеді. Бұл бағытын, 
әлбетте, шығыс аймақтағы Орталық Қазақстан мен Кавказда да жариялады.
Кеңес Одағының саяси-тарихи парадигмасы, сондай-ақ ұлттық саясат өзінің 
идеологиялық шеңберімен және қатаң цензурасымен әдеби мәтіндердің дамуын 
қалыптастырды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда қазақ жазушылары ұлт бейнесін құру 
мен тарихи-ұлттық қағидаларды жазудың күрделі процесіне тартылды. Заманауилық пен 
модернизация қазақ зиялылары үшін басшылыққа алынған қағидаттарға айналды. 
Бұл тұрғыда кеңестік Орталық Азия жазушылары далада кеңес өкіметінің орнауының 
жылнамасына айналып, негізінен қанаумен, таптық антагонизм мен феодалдық жүйенің 
дәстүрлілігімен байланысты патшаға қарсы дискурс құруы керек еді. Олар Қазақстандағы 
индустрияландырудың жетістіктері мен социалистік реализм тұрғысында қазақтардың ұлттық 
сана-сезімінің өсуі туралы жазу керек болды. 


31
Жазушылардың шығармашылық ізденісінде дәуірдің заманауи тақырыптары бекітілді, 
проблемалар шеңбері кеңейді. Олардың ішінде ең маңыздысы «ескі» мен «жаңаның» күресуі 
мен жаңа заман кейіпкерінің идеалдандырылған бейнесі болды. 
Көрнекті қазақ ақыны, «Алаш» саяси қозғалысының мүшесі болған Мағжан Жұмабаев 
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы мен мәдениетін жаңғырту мен реформалауға жасалған 
бұл қадамдарды ерекше атап көрсетеді. Өзінің «Жатыр» атты өлеңінде бүкіл әлем таңғажайып 
өзгерістерге толып, мәдени оянған, жалпыға ортақ жаңғыру кезінде қазақтар артта 
қалушылық пен дәстүрліліктен арыла алмай жүргенін айтып қайғырады:
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, 
Кілтін өнер-білім ашып жатыр. 
Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп, 
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр. 
Таласып өнер-білім алып жатыр, 
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр. 
От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп, 
Тәңірінің рахметіне қанып жатыр. 
Ойламай біздің қазақ текке жатыр, 
Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр. [1] 
Жұмабаев бұл өлеңді жазған кезде, отарлы қазақ елінде жаңғыру мен дәстүрлілік 
жөнінде екі түрлі көзқарас болды, мұнда біріншісі артта қалудан прогреске шығу жолы болса, 
екіншісі қазақтар үшін жойқын зұлымдық ретінде қарастырылды. 
Алаш қозғалысының басқа мүшелері - Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов және 
Әлихан Бөкейханов та біртіндеп отырықшылыққа көшу, жаппай білім алу мен ұлттық 
болмысты қайта құру арқылы мәдени оянуға және жаңғыртуға шақырды. Олар көшпелі 
қоғамды отырықшы өмір салтына бірден емес, біртіндеп айналдыру мен жаппай білім алу 
Қазақстанды өркендеу мен жетістікке алып келеді деп сенді.
1909 жылы өзінің өлеңдер жинағының сөз басында Міржақып Дулатов былай деп 
жазады: «Біздің адамдар Әлем деп аталатын үйдің (сарайдың) қараңғы бұрышында ұйықтап 
жатыр, және ұмытылған сияқты». [2] Дулатов тыныш ұйқыны қаламады. Абай секілді, ол 
жалқаулық пен қазақтың ынтасының жоқтығын сынға алды. Ол оларды дамыған 
өркениеттерден (ислам және орыс) көп нәрсе үйренуге талпынуға және жас зиялыларды 
қарапайым халықтың атынан жұмыс істеуге шақырды. Алайда, өз халқын «оятуға» 
әрекеттенгеніне қарамастан, Алаш көсемдері Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауымен 
түрмеге қамалды. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ жазушыларының көпшілігі отарлы және көшпелі кезең 
артта қалуға және мәдени «ұзақ ұйқыға» әкелді деген пікірмен келісті. Олар ескі өмір салтын 
айыптады және оған қарсы болды, әйелдер мен қазақ кедейлерінің қаналуын әшкерелеп,
ағарту, жаппай білім беру мен жергілікті әдебиеттің қазақ тілінде дамуы үшін күрес жүргізді. 
Өзгерістер олардың мәтіндерінің, насихатының және шығармашылығының басты тақырыбы 
болды. 
Сәкен Сейфуллин, Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов және 
Ғабит Мүсірепов сияқты кеңестік қазақ классик жазушылары осы процестердің басында 
болды. Олар ескі жолдармен және артта қалумен күресудің, жаңа өмірдің хабаршылары 
болды. Олар кеңестік қазақ әдебиетінің негізін салды. 
Гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту ерте кеңестік 
қазақ әдебиетіндегі кеңестік модернизацияның негізгі тақырыптары болды. «Кеңестік» 
сипаттағы баяндаудың негізгі сарыны әйелдер мен олардың азат етілуі болды. Сайып 
келгенде, кеңестік Қазақстанда «артта қалған өткен кезең» әйелдердің отбасы мен қоғамдағы 
тең емес жағдайына байланысты болды. Ол кездегі жазушылар қалың малды айқын 
суреттеген, мал басының саны әйелдің отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты болды. 
Әйелдер «сауда тауары» және рудың, отбасының абыройының объектісі ретінде сипатталды. 
Кеңестік жаңғырудың нәтижесі ретінде келген әйелдердің еркіндігі, қалың малдың жойылуы
әйелдер мен ерлердің білім алуы мен тең құқықтары жаңа дәуірдің жеңісі деп аталды. 


32
Қазақ әдебиетіндегі ең әйгілі классикалық мәтіндердің кейбірі әйелдердің 
кіріптарлықтан құтылуына арналған – Қаракөз, Айман-Шолпан, Шұғаның белгісі, Раушан 
коммунист және Ботагөз. Кеңес әдеби кезеңі 1909-1910 жылдары Міржақып Дулатов жазған 
Бақытсыз Жамалдың тағдырына арналған алғашқы қазақ романын өшіріп тастады. 
30-жылдардың аяғы мен Сталиннің өліміне дейін кеңестік күдік пен қорқыныш 
контексті қалды, бұл сол кездегі кеңестік романның қағидасында көрініс тапты. Сол кезде 
құрылған Қазақстан Жазушылар одағында Сәбит Мұқанов (I900-1973) және Ғабит Мүсірепов 
(1902-1985) сияқты жазушылар үшін социалистік реализм басты бағыт ретінде қолданылды. 
Индустрияландыру және сталиндік бесжылдық жоспарлар контексті де осы бағытты 
әдебиетте көрсетті. Өнеркәсіптік дамумен қатар, жазушылар ірі темір жолдар, зауыттар мен 
қалалардың құрылысын бейнелеуі керек еді. Социалистік реализм романындағы жаңа 
баяндаулар осы өнеркәсіптік құрылғыларды, сонымен қатар адамдардың қайта құрылуын, 
мінезін, санасы мен коммунистік болашаққа деген ұмтылысын нақты сипаттауын талап етті. 
Жазушылар адам жанын мұқият зерттейтін инженер болуы тиіс болды. Бұрынғы «кішкентай 
адамдар» немесе «кішкентай кейіпкерлер» жаңа басты кейіпкерлерге айналды. 
Кеңестік қазақ жазушыларының ішінде Бейімбет Майлин нағыз «кішкентай 
кейіпкерді» құрып, оны өз канонына айналдырып, бұл канонды модернизацияның, таптық 
сананың және Қазақстанда кеңестіктің орнауының кең ауқымында орнықтырған шынайы 
әдеби шебер болды. Майлиннің кейіпкерлері қарапайым жергілікті коммунистер еді, олар 
қазақша қалай сөйлесе, сол дәрежеде орыс тіліне де жақсы аудара алды және әрине де 
интернационалист болды. Кеңестік қазақ әдебиетінде Бейімбет Майлиннің Мырқымбай мен 
Раушан сияқты керемет, есте қаларлық және танымал кейіпкерлер санаулы ғана. 
Б. Майлин 1922 жылдан бастап, он екі жылда жазылған жиырма өлеңнен тұратын 
топтамасында Мырқымбайдың бейнесін мұқият ойластырды. Мырқымбай - халықтан шыққан 
адам (көпшіліктен шыққан адам), ол қарапайым және кедей адам болған. Мырқымбайдың 
есімі бүгінде мысқылшыл, ақыр соңында, провинциялық, тіпті ақымақ кейіпкерлердің жалпы 
атауына айналды. Алайда 1920 жылдарғы Мырқымбай оянып келе жатқан жұмысшы табының 
санасының өсуімен байланысты болды. 
Мырқымбай өлеңдері диалогтік түрде жазылған. Майлин Мырқымбаймен кездескен 
сайын одан өмірі туралы сұрайды. Бір күні Майлин Міркімбайдың аш болып, әйелі мен жас 
балаларына азық іздеп дала кезіп жүргеніне тап болады. Майлин Мырқымбайдан бай туысы 
неге көмек бермейтіндігін сұрайды. Мырқымбай мұңайып, бұрын-соңды көмектеспеген бай 
туысы, енді ол қатты зардап шеккен кезде тіпті мұны жасамас деп жауап қайтарады. 
Мырқымбайдың азапты өмірі алдымен оқырмандарға бұрынғы көшпелілік теңдік 
дәстүрі, дала демократиясы мен рулық тәртіптің енді жүзеге аспайтынын және ілгері дамуға 
кедергі болатындығын көрсетеді. Бұл жағдайды өзгертетін уақыт келді, жаңа өкілетті тұлға 
мен жаңа қоғам құрудың уақыты келді деп сендіреді Майлин өзінің Мырқымбаймен 
сұқбаттасуында. Бұл, жер мемлекетке тиесілі, ал меншік құрылымы мен істі жүргізу тәсілі 
жергілікті кедейлердің басқаруымен атқарылатын, қауымдастықтың жаңа түрі - Майлин
Сейфуллин және басқалар кәміл сенген идея. 
Бұл әңгімеде Мырқымбай - уәкілетті кейіпкер, қазақ кедейлерінің жанып кеткен күлден 
қайта тірілген фениксі, өзінің болашағы бар жаңа ғасыр, жаңа прогресс құруға қайта оралды. 
«Кішкентай кейіпкер» біртіндеп өзінің жергілікті жерінде - жаңа колхозда немесе фабрикада 
ғана «үлкен кейіпкерге» айналған жоқ, сонымен бірге үлгілі кеңес азаматы болды. 
1930 жылдардың аяғында кеңестік-қазақ романының каноны құрылды - онда кеңестік 
модернизацияның жаңа оқиғалары мен жетістіктері баяндалуы тиіс болды. Әлеуметтік, саяси 
және жеке адамның деңгейіндегі тарихи өзгерістерді бейнелеп және бұл өзгерістерді 
Қазақстанда салынған ірі өндірістік орталықтарға шоғырландыру керек болды. Ол үшін 
жазушылар ұзақ уақытты өндірістік алаңдарда өткізуіне, мұрағаттарды, жергілікті газеттерді 
дұрыс зерттеп, жергілікті жұмысшылармен сұқбаттасуға тура келді. 
Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романы мен Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлкесі» 
Орталық Қазақстанның ресурсқа бай аймағында индустрияландырудың дамуын көрсетеді. 
Сондай-ақ, шығармаларда көпұлтты индустриялық ортадағы өсіп келе жатқан таптық 


33
саналылықты қарастырылады. Қарағандыдағы және Кеңестік Қазақстандағы басқа да 
өнеркәсіп орындарына бару кеңестік қазақ жазушыларының арасында ерекше танымал болды. 
Дала жұмыстары авторларға өз шығармаларына шынайылық пен қазіргі заманға сай болуға 
мүмкіндік берді. 
Сталиндік канон модернизация мен индустрияландыруды баяндау үшін географиялық 
кеңістікті кең пайдаланып, үлкен өзгерістердің айқын сипаттамауды талап етті - әсіресе ескі 
құралдар мен ескі шахталарды жаңа технологиялармен және тау-кен техникасымен салыстыру 
арқылы. Мұстафин да, Мүсірепов те көп уақытты осы техникалар мен технологияларды 
зерттеуге жұмсап, екі романда да егжей-тегжейлі сипаттады. 
Кеңестік Қазақстандағы социалистік реализм каноны сталиндік индустрияландыру 
саясаты, бесжылдық жоспарлар және бұрын артта қалған қоғамның тез өзгеруі, сондай-ақ 
жалпы террор мен өзара күдік контекстінде қалыптасты. Бұл ереженің нағыз коммунистерді, 
өмір сүріп жатқан батыр ерлер мен әйелдерді бейнелеудегі алғашқы әрекеттері далада 
патриоттық және коммунистік ынталандыруды көтерді. 1932-1933 жылдардағы Ұлы 
Ашаршылықты, ұжымдастыру кезіндегі көптеген адам шығыны және «жақсы» жаңғырту 
парадокстары сияқты әлеуметтік және мәдени жарақаттарды қалдырған жаппай террордың 
қиыстыруы қазақ тарихының осы бөлігін қоғамдық талқылаулар үшін жабық күйінде 
қалдырды. Ертедегі кеңестік қазақ әдебиетінің бұл бөлігі әлі де алдағы талдауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет