ХХ ҒАСЫРДЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СОЦИАЛИСТІК РЕАЛИЗМ БАПТАЕВА Гүлжан Жұмаханқызы, ғылыми жетекші: Г.Т.Мусабалина - Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы Аннотация Әдебиеттік дискурсты сталиндік дәуірдегі үш негізгі тақырып – индустрияландыру,
модернизация және кеңес адамдарының өсіп келе жатқан таптық санасы құрады. Кеңестік
қазақ жазушыларының көбісі кеңестік модернизация тарихына жоғарыдан жасалған ықпал
ретінде қарамай, ықыласпен қатысты. Мәдени өндірістегі кеңестік модернизация мен
социалистік реализмнің кеңестік қағидаларын қатаң сақтау мемлекетке адал болған жергілікті
авторлар үшін мәдени күн көрудің жалғыз ғана түрі болды.