Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет35/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   135
Байланысты:
сборник3

 
Key words: 
competence, digital competence, digital literacy, pedagogical digital competence, 
digital competence models, develop and build digital competence. 
Елімізде қазіргі және болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін (ЦҚ) дамытуға 
арналған зерттеулер жоқтың қасы. ЖОО-да цифрлық құзыреттілікті дамытуға арналған 
зерттеулерді әзірге отандық профессор Д.М.Джусубалиева еңбектерінен көреміз [1]. 
Халықаралық деңгейде мұғалімдердің/болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін 
дамытуға негізделген зерттеулердің саны артуда және біраз зерттеулерде терең әрі жан-жақты 
талқылануда. Зерттеулерде ЦҚ-ті дамыту бойынша Норвегиялық ғалым Крумсвиктің еңбегін 
атап өту ерекше маңызды. Ғалым мұғалімдерді басшылыққа ала отырып, ЦҚ-ті келесідей 


36
анықтайды: «Мұғалімдер/ мұғалімдерді даярлаушылардың АҚТ-ын кәсіби деңгейде жақсы 
педагогикалық-дидактикалық пайымдаулармен пайдалану шеберлігі және оның оқыту 
страгиялары және оқушылар мен студенттердің ЦҚ-нің қалыптасуына әсерін сезе білуі» деп 
түсіндірді [2]. Бұл анықтама тұрғысынан алғанда, мұғалімдер басқа технологияны 
қолданушылардан оқыту мен үйретуді басты назарда ұстауымен ерекшеленеді. Ғалымның 
пікірінше, мұғалімдерден оқушылардың ЦҚ-ін тек қана білім саласында емес формативті де, 
жиынтық бағалауда да бағалау талап етіледі деп айтты. Зерттеушілер Киршнер мен Дэвис өз 
еңбектерінде болашақ мұғалімдердің ЦҚ-ін дамытуда білім беру /педагогикалық 
параметрлерде АҚТ-ны ұтымды қолдана білуге үйрететін мұғалімдерді даярлау 
бағдарламаларын жетілдірудің маңыздылығына тоқталады. Сондай–ақ, мұғалімдер өздерінің 
білімін АҚТ-на бейімдемеу керек, керісінше білім беруде АҚТ-ны өздеріне бейімдеп қолдану 
керек деп түйіндейді [3]. Кейбір әдебиеттерде басқа ұғымдар сияқты зерттеуші Е.Маклелан 
«педагогикалық құзыреттілік» [4] жайында айтса, зерттеуші Ж.Фром «педагогикалық 
цифрлық құзыреттілік» ұғымын анықтады. Маклеллан педагогикалық құзыреттілікті ұсына 
отырып, мұғалімдер әртүрлі жағдайларға бейімделу үшін өздерінің білімдері мен дағдыларын 
дамытады, жазу мен құжаттама олардың кәсіби дамуын қолдаудың қолайлы әдісі болып 
табылады деп түйіндейді. Ж.Фромның ойынша , цифрландыру мұғалімдердің педагогикалық 
шеберлігі мен құзыреттілігіне жаңа өлшемдер мен қиындықтар әкелді. Ол «педагогикалық 
цифрлық құзыреттілік» ұғымын келесідегідей анықтайды: ‘Педагогикалық цифрлық 
құзыреттілік (ПЦҚ ) ұғымы жоспарлау және жүргізу, басқару үшін қажетті ұстанымдарды, 
білімді және дағдыларды дәйекті түрде қолдана алу 
мүмкіндігін
білдіреді, сонымен қатар, 
ақпарат және коммуникация құралдарына, теорияға, ағымдағы зерттеулер мен дәлелденген 
тәжірибеге негізделген оқытуды үнемі бағалау және студенттердің оқуын барынша жақсы 
қолдауға бағытталған ұғым’[5]. Сондай-ақ, зерттеушінің пікірінше, педагогикалық цифрлық 
құзыреттілік тәжірибелік білім мен тұжырымдамалық білімді құрайды, сонымен қатар 
эпистемологиялық тұрғыдан алғанда, яғни туа біткен құзыреттілік болып табылмайды, бірақ 
әрбір адам дамыта алатын іс. ПЦҚ әрқашан студент/ қатысушының оқуын жақсарту болып 
табылады. ПЦҚ оқытудың теориялық әдіснамалық таңдауларына байланысты түрлі 
жолдармен анықталуы мүмкін, бірақ бұл әрқашан нақты іс-қимылда көрініс тапқан нәрсе. Бұл 
дегеніміз ПЦҚ әрқашан бағаланады, құжатталады, және қолданылып отырған теорияға 
қарамастан дамытылып отырады, дамыған ПЦҚ әрқашан студенттер/қатысушыларға 
көрсетілген көмек нәтижесінен көрінеді.
 
Дегенмен, ПЦҚ күрделі кәсіби мазмұнда нақты іс-
әрекетте көрінеді, бұны алдын-ала болжау мүмкін емес деп түйіндейді [5]. Зерттеушілер 
Н.П.Ячина мен О.Г.Г.Фернандездің пікірінше, цифрлық құзыреттілік ұғымы ‘студенттердің 
компьютерді, ұялы телефонды, планшеттік компьютерді, интерактивті тақтаны сенімді және 
сыни қолдана білуі’ деп қарастырады .
 
Бұл құзыреттілік цифрлық техниканы жоғары деңгейде 
меңгеру және ақпаратты жоғары деңгейде басқару мен қатар логикалық ойлауға негізделеді 
деп есептейді. Аталмыш құзыреттілікке ЭВМ құрылғысы өзара әрекеттестігі мен жалпы 
құрылымын қосады; заманауи іс-әрекет үшін цифрлық технологияның күшін түсіну, 
ақпараттың анықтығын және сенімділігін жалпылай түсіну, дәрістерді жоспарлау үшін 
бағдарламаларды қолдана білу деді [6]. Сонымен қатар, ресейлік зерттеушілер Цанков пен 
Дамьянов да (2017 ж.) өз зерттеу жұмысында ЦҚ ұғымын білім саласына негіздеп, анықтады: 
‘Цифрлық құзіреттілік дегеніміз – оқытуға, мамандарға заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологиялармен, компьютерлермен, бағдарламалық қосымшалармен 
және мәліметтер базасымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, олардың жұмысының аясында 
идеялар мен міндеттерді жүзеге асыруға көмектесетін цифрлық қолдану дағдыларымен 
байланысты. Мамандықтар үшін ақпаратты іздеу, жинау және технологияларды өңдеу, оған 
сыни және жүйелі түрде қарау мүмкіндігі, сонымен қатар медиа-ақпаратқа арналған дизайн 
құралдарын пайдалану және Интернетке негізделген қызметтерге қол жеткізу, іздеу және 
пайдалану мүмкіндігі болуы маңыздырақ, әсіресе олардың болашақ қызметі және үздіксіз 
кәсіби біліктілікке қол жеткізу мүмкіндіктері аясында болып табылады. Цифрлық 
құзыреттілікті болашақ мұғалімдердің кәсіби дидактикалық құзыреттілігінің бір бөлігі ретінде 
ұтымды қолданатын мүмкіндіктерді жасау үшін технология педагогтарды даярлау, білім беру


37
бағдарламаларына оқыту мен үйретудің педагогикалық құралы ретінде енгізілу қажет деп 
шешті [7]. Халықаралық зерттеулерге кеңірек тоқталсақ, цифрлық құзыреттілік ұғымы 
еуропалық бағдарламалық құжаттарда және бастамаларда басым ұстанымға ие (мысалы: 
Digital Agenda, Communication on rethinking education,Opening up education, Grand coalition for 
digital jobs) [8]). Халықаралық деңгейде цифрлық құзыреттіліктің дамуына үлес қосқан 
Еуропалық Цифрлық Құзыреттілік тұжырымдамасы, сондай ақ, DigComp атымен белгілі 
алғаш рет 2013 жылы ұсынылды [9]. Жоба Еуропа мен мүше мемлекеттерде цифрлық 
құзыреттілікті дамытудың анықтамалық және стратегиялық жоспары болды және азаматтар 
үшін цифрлық құзыреттіліктің деңгейін арттыруда, өмір бойы білім беруде қол жетімділікте 
үлкен тәжірибеге ие. Ол 2016 жылы екінші рет жаңартылып, жарияланды және соңғы нұсқасы 
2017 жылы ұсынылды. DigComp құрылымы цифрлық құзыреттілік бойынша 5 өлшемнен 
тұрады. Бірінші өлшем бойынша, ЦҚ-ке кіретін бес құзыреттілік саласы анықталған. Олар: 1) 
Ақпараттар мен мәліметтер сауаттылығы 2) Байланыс және ынтымақтастық 3) Цифрлық 
мазмұнды құру 4) Қауіпсіздік 5) Мәселені шешу. Екінші өлшем, құзыреттілік дескрипторлары 
мен әр салаға қатысты тақырыптары. Үшінші өлшем, әр құзыреттіліктің төрт негізгі 
деңгейлерін анықтайды. Олар: (бастапқы, аралық, жоғары және жоғары мамандандырылған) 
және олардың бөлшектері. Төртінші өлшем, әр құзыреттілікке сәйкес білім, дағдылар және 
көзқарастардан тұрады. Бесінші өлшем, құзыреттіліктің әртүрлі мақсатқа сәйкес
мысалдарынан тұрады.Бұл жоба 21 құзыреттілікті ұсынады. Төменде 1 суретте. 
DigComp жобасы азаматтардың цифрлы қоғамда құзыретті болуы үшін цифрлық 
құзыреттіліктің барлық салаларын қамтыған, яғни күрделі жоба деп есептейміз. Цифрлы 
қоғамның кез келген саласында әр адам белгілі мақсатына жету үшін жоғарыда көрсетілген 
құзыреттілік саласының кез келгенімен бетпе-бет келуі шартты болғандықтан, қажетті білімді, 
дағдыны, көзқарасты дамыту және қалыптастыру әр адамның жеке құқы және қоғам талабы 
екені сөзсіз. Құзыреттілік бойынша келесі моделдер мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға 
негізделген. Мәселен, жоғарыда айтып өткеніміздей, Норвегиялық ғалым Крумсвик 
мұғалімдердің ЦҚ-нің құрылымы мен моделін жасады. Ғалымның мәлімдеуінше, 
мұғалімдердің күрделі цифрлық құзыреттілігі (бастапқы деңгейден) таным, метатаным, 
үйрету стратегиясы, өзіндік тиімділік пен дидактикалық аспектілердің қиылысы. 2- сурет


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет