Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет36/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135
Байланысты:
сборник3

Мұғалімдердің/мұғалімдерді даярлаушылардың цифрлық құзыреттілік моделі 
(Крумсвик, 2011 b) 
Модель басты төрт компоненттен тұрады: бастапқы АҚТ дағдылары, дидактикалық 
АҚТ құзыреттілік, үйрету стратегиялары, және цифрлық құзыреттілік. Біріншіден, 
мұғалімдер «бастапқы АҚТ дағдыларына» жету үшін технологияны қалай қолдануы оған 
«анық» болуы керек. Екіншіден, «дидактикалық АҚТ құзіреттілігі» мұғалімдерге пәнді
педагогиканы және цифрлық құзыреттілікті біріктіре отырып, құзыреттілікке негізделген 
мақсатқа жетуге көмектеседі.‘Оқыту стратегиясы компоненті’ алдыңғы екі компоненттің мета 
перспективасы және жаңа педагогикалық әлемде білімнің үйрету стратегиясына 
педагогикалық әсеріне негізделеді. «Цифрлық Құзыреттілік» моделінің соңғы негізгі 
компоненті этикалық және моральдық көріністерді дамытуға назар аударады және бұл 
мұғалімдер мен оқушылардың дереккөздерді сыни тұрғыдан пайдалану құзыреттіліктерін
сонымен қатар этикалық хабардарлықты дамытуда цифрландырылған қоғамда өмір сүрудің 
әлеуметтік қажеттілігін білдіреді. Зерттеушінің пікірінше, үйренушінің қажеттілігі АҚТ 
ұсынатын мүмкіндік және цифрлық сенімділігі арқылы үйрету жағдайында цифрлы құзыретті 
мұғалімнің пәніне ерекше көңіл аударып отыратын үйрету стратегиялары арқылы 
қалыптасады [3]. Осы ретте, зерттеуші Рокенес Крумсвиктің моделін қолдай отырып, бұл 
құзыреттілікке ие болу үшін үйренушіге технологияның әкелген жаңа қажеттіліктеріне 
бейімделетін көзқарастар мен құндылықтар қажет, олардың өздерінің жеке мақсатына 
сәйкестігі мен бейімділігі және олардың айналасында әлеуметтік жағдайда әрекеттесе білуі 
қажет деп есептейді. Цифрлық құзыреттіліктің келесі концептуальды моделін Кальвани, Фини 
және Раниери [10] бастаған зерттеушілер Еуропалық цифрлық құзыреттілік жобасына 
негіздей отырып жасады.
Сурет 3. Цифрлық құзыреттілік жобасы (Calvani, Fini & Ranieri, 2010) 
 


39
Бұл модел технологиялық, танымдық, этикалық өлшемдердің бірігуінен тұрады. 
Біріншіден, технологиялық өлшем мәселелерді және жаңа технологиялық контекстерді икемді 
түрде зерттеу және олармен бетпе-бет келу мүмкіндігін білдіреді.Технологиялық өлшем жаңа 
технологиялық мазмұнмен икемді түрде бетпе-бет келу, мәселелерді зерттей білу қабілетін 
көрсетеді.Екіншіден, танымдық өлшем оқыған, таңдаған, бағаланған нәрсеге сыни пікір болу 
керектігін көрсетеді. Үшіншіден, этикалық өлшем өзіне және басқа адамдарға қарым-
қатынаста жауапкершілікті білдіреді. Моделден көріп отырғаныңыздай, авторлар цифрлық 
құзыреттілікті көп өлшемді, күрделі, өзара байланысты және әлеуметтік-мәдени контекстке 
өте сезімтал болуды ұсынады [10]. Цифрлық құзыреттілікті дамыту бойынша келесі моделдер 
тәжірибеге негізделеді. Инглиштің моделі студенттердің цифрлық құзіреттілігін дамыту 
бойынша оқу курстарына негізделген, студенттерге тәжірибе жасау, таңдаған саласы мен 
кәсібінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін күрделі мәселелерді шешуге арналған түрлі 
технологиялардан тұратын зертхананы ұсынды. Автор өз мақаласында цифрлық 
құзыреттіліктер табиғи түрде жүрмейді, дегенмен, технологиялар студенттер өмірінің 
ажырамас бөлігі бола тұра, жоғары білім беруде цифрлық құзіреттілікті дамытуды қолға 
алмайтынын ескертті. Ол мұғалімдердің жұмысында мұғалімдер технологияны жайдан жай 
пайдаланбауы керек, оқушылардың сыни ойлау және мәселелерді шеше білуі сияқты күрделі 
дағдыларын дамыта отырып, үйрету мен оқытуды жақсарту үшін технологияны қолдану 
керектігін баса айтты. Оқытушылар да, студенттер де цифрлық құзыреттіліктің оқу 
бағдарламасына енгізуінен пайдасын көреді деп қорытындылады [11]. Ал, елімізде жоғары 
оқу орындарында ЦҚ-ті дамыту бойынша іс шаралар өз бастауын алып, жүзеге асырылуда. Ең 
бірінші болып, шет тілінде білім алып, болашақта шет тілінде білім беретін болашақ 
магистрант мұғалімдердің ЦҚ-ін дамытуға бағытталған профессор Джусубалиеваның моделі 
«Шет тілін оқытудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар» атты элективті курсқа 
негізделді. Магистранттар аталмыш курсты оқу барысында шет тілін үйрету тәжірибесінде 
соңғы, заманауи цифрлы технологиялармен танысады және АҚТ-ды қолдана отырып, 
тәжірибе жүзінде әртүрлі интерактивті тапсырмаларды (аудио,видео,анимация, т.б.) жасайды. 
Ғалым өз еңбегінде АҚТ ны қолдана отырып, студенттердің іс жүзінде интерактивті 
тапсырмалар орындауы тәжірибеде өз пайдасын көрсетті деп атап өтті [1]. Бұған қоса, Қазақ
ұлттық университеті де халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, психологиялық 
педагогикалық бағытта білім беретін PhD бағдарламасына «Цифрық сауаттылық теориясы 
мен зерттеулері» атты курсты енгізді. Курс бойынша дәріс ЦҚ теориясымен бірге болашақ 
мамандар кейс-стади, танымдық ойлау әдістеріне, рефлексия әдістері, шығармашылық жұмыс 
әдістеріне негізделген тәжірибелік жұмыстарды меңгереді [12]. Белгілі бір құралды қолдана 
білу қабілеті барлық моделдерде қарастырылған. Біз бұнымен толықтай келісеміз, яғни 
цифрлы құзыретті болу дегеніміз басқа құзыреттілік салаларымен қатар технологияны 
қолдана білу және оған басты назар аудару шарт деп есептейміз.Педагогикалық цифрлық 
құзыреттілікті дамыту үшін педагогтарды даярлайтын арнайы бағдарламаларға өзгерту енгізу 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет