43
теориялық
тұрғыдан ұғынып қоймай, дереккөздерден өзіндік пікір білдіріп шешім шығара
алуы, ұсыныс жасауы тұжырымдай алуын күттім. Мақсатым берілген қандайда деректі
фотосуреттер, бейнематериалдар, саяси плакаттар, кесте-графика, т.б. оқушың өздігімен
зерттеушілік қасиетпен қарауды үйрету, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға,
сарапшы
болып ұсына алуына, сапалы шешімін ретімен пайдалана жазуын үйрету болды.
Менде бірнеше рет сұрақ туындады: «Деректерді жинау үшін жарамды және сенімді
құралдарды әзірлеу үшін уақытты қайдан табамын?», оқушылар, кураторлар және әріптестер
осы ұшбұрышты тізбекпен сұхбат жүргізуден, тікелей пікірлесуден бастадым.
Жоғарыда айтылғандай, іс-әрекеттегі зерттеуді ортақ мүддеміз бір әріптестердің
бірлескен тобымен айналысуды жөн көрдім.
Тарих әдістемелік бірлестігіндегі 9-10 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер жинала
отырып негізгі проблеманы талқыладық. Әрбір сабақты оқыту мен оқытуға әсер ететін
факторларға:
1. Бақылау әдісін.
2. Педагогикалық эксперимент.
3. Сұрақ – жауап әдістері, және әрбір күннің жұмысынан
алынған нәтижелер туралы ойлар келесі күннің нұсқауларын
хабардар етіп, іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізетін рефлексиялық
есепті дамытуда үздіксіз прогреске қол жеткізеді деп шештік.
Екінші, сынып кураторымен кездесіп пікірлескенімде
кейбір оқушылардың бөлім бойынша жиынтық бағалауда жоғары
деңгейлі тапсырмаларды
орындауда, дереккөздерді пайымдау жасауда қиналыс тапқандығын айтты. Осылардың
негізінде зерттеуіме қажетті ақпараттар, дерек көздер, қосымша материалдар жинақталып,
өңделді.
Сабақта пайдаланылатын әдіс- тәсілдерді өзгерту керек деген шешіммен мынадай
тәсілді қою керек деп ұйғардым. Бірінші оқу әдістерін таңдауда оқу мақсатын, пәннің
ерекшелігін оқушы іс-әрекетіне дұрыс ұйымдастырылды ма?
жеке қабілеттеріне ғана
ыңғайластыру емес шексіз ойлау, ойын жеткізу, өз тұжырымын дәлелдеу секілді сұрақтар
көлемінде жауап іздей отырып, оқиғаға нақты материалдарды қосу арқылы пән бойынша
шығармашылық-зерттеу жүргізіп эссе жазу немесе кескіндеме түсіру, газет бетіне мақала
жазу, бұл жобаның шығармашылық көрінісі. Әрине! Егер оқушы ақпарат ағынына бағдарлану
бойынша ғылыми дағдыларды меңгерсе, онда жоғары білім деңгейіне байланысты болашақ
өміріне бейімделуге, дұрыс кәсіпті таңдауға, шығармашылық өмір сүруге мүмкіндік береді.
Сыныптағы оқушылар нақты ғылыми деректерді пайдалана отырып,
зерттеу дағдыларын
қалыптастыруға ықпал ететін әдістерді қолданумен сабақ әзірлеу. Олар:
Жазбаша деректерді пайымдау (хат, мақала, әңгіме, статистикалық мәліметтер)
Суреттегі, бейнебаяндағы оқиғаға және оқиға уақытына пікір білдіруі
Де Бононың қалпақтары
Кіші ғылыми жоба
Сабақты жоспарлауда, тақырыптарды ашатын негізгі мәтін және керек деректерді
ыңғайластырып топтастырамын. Себебі оқушы бір көргенде ақпаратты астарылы оймен
толықтырып жеткізе білуіне байланыстырылған мәліметтер бар дереккөздер керек.
Оқушыларымның деректерді талдау, бағалау міндеті тарихи контекстегі себеп-салдар,
өзгерістер мен үздіксіз сабақтастықтарын, ұқсастықтары
мен айырмашылықтарын, өткен
замандағы адамдардың себеп дәлелдерін, сезім әсерлерін, нанымдарын зерттейді.
Тақырыптық сұрақтар оқушының әр түрлі деректерді (мәтін, график, сурет, кесте) сыни
тұрғыдан түсіндіру (пайымдау), қолдану, бағалау дағдыларын тексереді. Сонымен қатар
тақырыпқа қатысты пәндік білімнің аздығын көрсеткен оқушыларда кездеседі. Қиындық
келтірген негізгі факторларды атап көрсетудің орнына ерекшеліктерін сипаттап жазған эссе
жұмыстары болды, дегемен бұл зерттеудің қол жеткізген нәтижесі емес.
Оқушылар тақырыпқа деген қызығушылығының, білімі мен дағдыларының жоғары
екендігін танытты. Алайда тарихи фактологияны жақсы білгенімен, талдауы мен пайымдау
өте жоғары оқушылар да кездесті.
44
Біліктілікті қалыптастыру (Блумның таксономиясына негізделген)
- оқушылардың
зерттеу барысында зерттеу жұмыстарының кезеңдерін меңгергенін, зерттеу мәселелерін қалай
қалыптастыруды үйренгендігі байқалды.
қажетті деректердегі ақпаратты талдау және таңдау;
эссе жазу құрылымдау және ұсыну;
өз эсселерін және сыныптастардың эсселерін бағалау.
Сонымен, ғылыми-зерттеу қызметі оқушылардың жеке қасиеттерін анықтауға, оларды
кейінгі біліммен ескеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ өз білімін тәжірибеге енгізуге және
нәтижелерді ашық түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында оқушылар жаңа
жаңалықтарды жасамайды. Бірақ зерттеу нәтижелерінің субъективті жаңалығы белсенді
өмірлік ұстанымды қалыптастыруға үлес қосуға мүмкіндік береді. Оқушылардың зерттеу
дағдыларының қалыптасып, тәжірибелерінің дамып жатқанын айтып бағалап өттім. Сабақты
талқылау барысында әрбір білім алушының жұмысқа қатысуы байқалды. Оқушылардың
шығармашылық-зерттеу
дағдыларын
дамыту
бойынша
атқарылған
жұмыстарды
қорытындылай келе, тоғызыншы сынып оқушыларының 65% -ы шығармашылық-зерттеу
жұмыстарының кезеңдері туралы білмегенін білдік. Дереккөздерді
зерттеу арқылы тек
тақырып аясында емес жеке дамуына алдағы уақытта ғылыми жұмыс, олимпиада иегерлерінде
шығаруға болатынына қол жеткіздім.
Іс-әрекеттегі қолдау сыныптық жобалармен жеке тәлімгерлікке арналған Action
Research бойынша бүкіл мектеп мұғалімдерінің презентацияларынан түрлі формаларды көруге
болады. Біз кішігірім, бірлескен жұмыс топтарын құру қолайлы және тиімді екендігін
анықтадық, бірақ жеке қажеттіліктерімізді талқылау үшін бізге деректер жинақтап нәтижесін
жариялау онымен бөлісу тиімді семинарларды қажет етеді.
Мектептегі іс-әрекетті зерттеулерге кірісе отырып, бізге «Кәсіби қолдау»
бағдарламасын құрастырып, мұғалімдердің білім беру саласындағы іс-әрекетті зерттеушілер
ретінде дамыуына көмектесуді.