Зерттеушілер мен тарихшы әдіскерлер дерекпен жұмыс жасаудың қандай
жолдарын ұсынады?
Тарих сабақтарында дереккөздермен жұмыс жасау мәселесі Ресейде XIX ғасырдың
ортасынан бастап айтылып, қарастырылып келеді. Түрлі ғалымдар мен әдіскерлер
(М.М.Стасюлевич, М.Н.Коваленский, А.Ф.Гартвиг, Н.А.Рожков)
тарихи дереккөздер мен
құжаттарды сабақ барысында оқушының жеке жұмысы ретінде пайдалануды ұсына бастады.
Дегенмен
бұрынғы
және
қазіргі
кездегі
кез-келген
әдіскердің
пікірінше
(А.Т.Степанищев, О.В.Замараев, В.Я.Румянцев, Н.В.Чеканова, Е.Е.Вяземский, О.Ю.Стрелова)
дереккөзбен жұмысты ылғи жүргізе берудің қажеті жоқ. Дереккөздермен жұмыс сабақтың
негізгі мазмұны болып табылатын оқулық пен мұғалімді ауыстыра алмайды, тек қана
қосымша, оқушылардың білімдерін толықтырып, тереңдетуге, өз бетінше ізденіс жұмысын
жүргізуге мүмкіндік береді.
Дереккөзбен жұмыс жасау барысындағы маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың
жас ерекшеліктері мен олардың даму деңгейіне сәйкес дереккөздерді таңдап, ұсыну. 5-6
сыныптарда баяндау және түсіндірмелік сипаттағы ең қарапайым материал қолданылады,
оның көлемі 10-15 жолдан аспайды, 7-8 сыныптарда – экономикалық және құқықтық
жағдайды талдауға бағытталған дереккөздер саны өседі, ал 9-11 сыныптарда - саяси,
бағдарламалық құжаттар жиі қолданылады[4]. Әдіскерлер мен мұғалімдердің тәжірибесіне
сүйенетін болсақ, оқушылардың жеке жұмыстарының табысты болуына олардың білім беру
материалының мазмұнына сәйкес жасалған, белгілі бір дидактикалық тапсырманың нақты
мақсаты мен міндеті айқын көрінетін тапсырмалар әсер етеді. Тапсырмалар таңдау барысында
танымдық қызметтің үш деңгейіне бағытталған тапсырмалардың жүйесін қолдану
ұсынылады. Деңгейлерді таңдау оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен оқу
мақсаттарымен анықталады.
Дереккөздермен жұмыс істеудің практикалық әдістері оқушылардың жасына, олардың
ақыл-ой қабілеттеріне, тақырыптардың күрделілігіне байланысты өте әртүрлі. Солардың
ішіндегі жиі кездесетін үш әдіс:
дәйекті-мәтіндік, кезеңдік, логикалық тапсырмалар әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |