Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет66/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135
Байланысты:
сборник3

5-қадам: пікір 
алмасу 
алаңын 
ұйымдастыру 
«Мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасында пікір алмасу алаңын ұйымдастыру керек. 
Мәселен, оқушылар дерекпен жұмыс жүргізгеннен кейін деректен алынған ақпарат 
бойынша өзара талқылау ұйымдастыруға, бір-бірін толықтырып, бір-бірінің жұмысына 
кері байланыс беріп, өзара бағалау жүргізуге болады. Сонымен қатар мұғалім өз 
тарапынан оқушылардың жұмысына жеке-жеке кері байлыныс берсе, оқушылар 
сындарлы түрде түсініктеме алып, қатемен жұмыс жасап, деректі сауатты талдауға 
дағдыланыды.


56
Зерттеу бойынша алда не жасалуы керек?
«Өзіңіздің жоспарларыңызды өзіңіз жүзеге асырып, жемісін көрген іске қуанғандай 
қуаныңыз. Қандай қарапайым болмасын, өз кәсібіңізбен үздіксіз шұғылданыңыз, оның 
жетістіктері туралы әрдайым хабардар болыңыз, өйткені бұл – сіздің қолыңызда бар 
дүниелердің ішіндегі ең асылы»
деп Макс Эрман айтқандай, іс-әрекеттегі зерттеу үздіксіз, 
бірінен кейін бірі жалғасатын үдеріс екені рас.
«Дерекпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысын 
қалыптастырудың тиімді жолдары қандай?»
тақырыбында бірлесіп жүргізілген зерттеу 
жұмысы бойынша алда тарих пәні мұғалімдерімен берлесіп:

деректермен жұмыс жасауда тиімді әдіс-тәсілдері қарастырып, әдістемелік 
нұсқаулық шығару; 

дерекпен жұмыс жасауда тиімді кері байланыс ұсыну қағидаттарын негіздеу; 

дерекпен жұмыс жасауда концептуалды білім беру арқылы оқушылардың 
тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру тұрғысында ізденіс жұмысын арттыру

сыртқы жиынтық бағалау форматына негізделген дерекпен жұмысты 10 
сыныпта күрделендіру, ал 8 сыныптан бастап дерекпен жұмыстың қарапайым түрлерін 
сабақ үдерісінде қолдану жоспарланды.
Қорытынды 
Негізгі мектеп оқушылары үшін дереккөздермен жұмыс шығармашылық сипатты 
қарастырады. Оқу мақсаты мен бағалау міндеттеріне сәйкес оқушылар дереккөздерден 
қажетті материалды таңдай білу, дереккөздерді өзара бір-бірімен салыстыра білу, тарихи 
құжатта көрсетілген оқиғалар мен фактілердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтай білу, 
бірнеше тарихи құжаттардан қажетті ақпаратты ала білу, оны қорыту және талдау, бірнеше 
тарихи құжаттарды талдау нәтижесінде алынған ақпаратты еркін қолдана білу керек. Аталған 
дағдыларды қалыптастыруға қарапайым талдаудан бастап, оны біртіндеп кеңейте және 
күрделене отырып, тынымсыз және жүйелі жұмыстың көмегімен ғана қол жеткізуге болады. 
Дереккөздермен жұмыс істеуге оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 
дереккөздерге сұрақтар қоюды оқыту, тарихи құжаттың мазмұнын талдау дағдыларын 
қалыптастыру. Дереккөзге сұрақ қоюды оқыту мәтін мазмұнын оқып, топтық немесе жұптық 
талқылау, маңызыдылығы бойынша жіктеу мен қорытуды қамтиды.
Дереккөздермен жұмыс істегенде балаларды қызықтырып, ынталандырушы
шығармашылық белсенділікке жағдай жасау маңызды. Осы кездері оқушыларға түрлі 
кестелер, сызбалар, тіпті ойындарды қолдану жақсы нәтижеге жетуге септігін тигізеді.
Дереккөздермен жұмыс жасау ойлауға, талдауға, ақпарат алуға үйретеді. Дереккөздер 
маңызды фактілер мен оқиғаларды, ұғымдарды, қоғамдық даму заңдылықтарын түсінуге 
көмектесіп, оқушылардың өзіндік пікірлерін қалыптастырады. Дереккөзбен жұмыс жасау 
ойлау қабілетін дамытып, өткен және қазіргі заман оқиғаларын өзара салысытырып, ұқсастық 
пен айырмашылықтарын ажыратуға үйренуге, яғни анализ бен синтез дағдыларын дамуына 
әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет