Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет7/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135
Байланысты:
сборник3

Қорытынды 
Жалпы қорытындылай келе, іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу барысында жеткен 
жетістіктеріміз: Біріншіден, әріптестермен бірлескен орта қалыптастыру арқылы, тиімді 
жоспар құрылды, өзара кері байланыс орнады. Екіншіден, қосымша әдебиеттерден ізденіс 
арқылы, өзіндік білім деңгейі мен кәсіби біліктілік жетілдірілді. 
Зерттеудің тиімді болған тұстары: 
1. Оқушының топтағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуы; 
2. Тарихи деректердің мағынасын ашуда бір-біріне қолдау көрсетуі мен өз 
жұмыстарының деңгейін көре алуы; 
3. Дарынды оқушылардың жоғары деңгейдегі тапсырманы сенімділікпен орындауы; 
4. Өз жұмысының бағалануы деңгейін анықтай алуы мен өзінің білгенін тұжырымдап, 
қорытындылап жазу дағдысының қалыптасқандығы;
5. Оқушының тілдік дағдыларының қалыптасуы (айтылым, жазылым, оқылым) 
Қорыта айтқанда, скаффолдинг әдісі арқылы оқушылар тарихи оқиғаны сипаттауда 
және талдауда жақсы нәтижеге жеткендігін көруге болады. Тоқсан бойынша оқу үлгірімі, 
білім сапасы 100 пайыздық көрсеткіш көрсетті. «5» пен «4» бағасын салыстырғанда өсу бар. 
Үш деңгейдегі оқушының көрсеткіші ішкі жиынтық бағалауда байқалды. В оқушы 3 
ұпайға, С оқушы 5 ұпайға көтерілгендігі көрінді.
Болашақта осы зерттеу жұмысын жетілдіру үшін бірнеше ұсыныстар қарастырсақ; 
біріншіден, ұжым арасында бірлескен орта қалыптастыру қажет. Мысалы; тілдік дағдыларды 
қалыптастыруға қатысты пәнаралық мұғалімдермен байланыс орнату. Екіншіден, фокус 
группадағы оқушылардың жалпы физиологиялық және өзін-өзі таныта білу қажеттіліктерін 
ескеру. Ол үшін ата-аналармен, куратормен тікелей байланыс орнату. Үшіншіден, әрбір 
сабақты скаффолдинг стратегияларының тиімді әдістерін тақырыпқа сай қолдану арқылы 
оқушының тілдік дағдыларын жетілдіру. Осы орайда жинақталған әдістемелік қоржынды 
толықтыру көзделеді.


8
Жаңа заман талабына сай оқушыны бүгінгі таңда көптілді, полимәдениетті, бәсекеге 
қабілетті жаһандық тұлғаны қалыптастыруда жүйелі білім беру, тәжірибе алмасу, зерттеу 
мәдениеттілігін арттырудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет