7
Сабақ интербелсенді тақтада пирамидалар, «Тадж Махал» кесенесі, Ұлы Қытай
қорғаны, Колизей анфитеатр суреттерді көрсету арқылы басталды. Суреттер бойынша оқушы
әр ғажайыптың атауларын анықтап, олардың әлемдік өркениеттегі мәдениетке қосқан үлесі
туралы өз ойларымен бөлісті. Осы тапсырмада зерттеу тобындағы А
деңгейіндегі оқушы
қосымша бұл ғажайыптардың салыну тарихы туралы да мәлімет жеткізді. Келесі тапсырмада
пирамидаға «Түркі халықтарының қандай мәдени жетістігі әлемдік өркениет үшін ең маңызды
болып табылады?» - деген сұраққа оқушы берілген мәтін бойынша түркі халықтарының
мәдени жетістіктерін атап, маңыздылық деңгейі бойынша талдап орналастырады.
Тапсырманы орындау барысында зерттеу тобындағы В деңгейіндегі оқушының жауабы
пирамидаға орналастырған түркі халқының мәдени жетістіктерін
сатылай нақты дәлелдер
келтіру арқылы жоғарғы деңгейде білімін көрсетті.
Жоғарғы деңгей дағдыларын қалыптастыру мақсатында тапсырма берілді.
«Ортағасырлық белгілі ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд
Қашғари, Қожа Ахмет Йассауи есімдерін бүгінгі күнге дейін ұмытпауымыздың себебі неде?»
деген тақырыпта топтар арасында талқылау жүргізілді. Зерттеу
тобындағы А деңгейінің
оқушысы әлемдік өркениеттің дамуына үлес қосқан ғұламалардың шығармаларының тарих
үшін құндылығына баға берді. Жүсіп Баласағұнның «Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла:
өз пайдаң соның ішінде» деген нақыл сөзін негізге ала отырып, В деңгейіндегі оқушы
ғұламаның қанатты сөздеріне мысал келтірді. Бұл тапсырмада
зерттеу тобындағы
оқушылардың дәлелдер келтіру арқылы оқиғаға баға беруі және өмірмен байланыстыра алуы
тілдік дағдыларының қалыптасуына ықпал тигізетінін байқатты.
Сабақ соңында «Үшбұрыш» кестесін толтыру арқылы оқушыларға рефлексия
жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың тізбектелген сабақ барысында өткізілген әдістердің
тиімділігі мен жүргізілуі туралы ой пікірін білу.
Оқушылар кері байланыста сабақта тиімді болған әдістерді және өзара талдау арқылы
сабақты жеңіл түсінуге болатынын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: