11
The Wind – an unruly child,
Its love – golden steppe.
Runs without a rest.
Speeds as unchecked by the rein,
whispers as telling secrets,
Sometimes bellows like a wild animal. [3]
Ал кейіннен жарық көрген кітапта осы аудармалардың біраз өңделген нұсқалары және
басқа да тоғыз өлеңнің ағылшынша аудармасымен толықтырылғанын көреміз. Екі дүние есігі,
ер түріктің бесігі аса құнды тарихи, мәдени туынды – «Түркістан» ағылшынша сыр шертеді:
Turkistan – the gate of this and otherworld,
Turkistan, the brave Turk’s cradle.
Wonders were born in the lace like Turkistan,
Which is a gift from God to the Turks. [4, 35]
Сондай-ақ барша түркі халықтарының баға жетпес рухани, әдеби құндылығы болып
саналатын, романтизм мен реализм сарыны астасып, керемет үндестік тапқан «Алыстағы
бауырыма» өлеңі де жаһандық тілде өз көрінісін тапты:
Haven’t we have played
golden knucklebone
Haven’t we scuffled together in the same bed
Haven’t we drank from our mother Altay
the same white milk and tasted together? [4, 69]
Араға 80 жыл уақыт салып, 2001 жылы түрік ақыны Фейзуллах Будак қазақ ақыны
Мағжанның 1918 жылдың бірінші жартысында абақтыда отырып, шетел басқыншыларына
қарсы күресіп жатқан түрік бауырларына «Алыстағы бауырыма» деп жазған өлең жолдарына
жауап жазады:
Алыстан азабымды білген бауырым,
Жұбатып, көздің жасын сүрткен бауырым.
Отырып өзі жаудың ортасында,
Көңілді мұң - зарыма бөлген бауырым. (Мағжан Жұмабаев. Алыстағы бауырыма
https://abai.kz/post/16277
)
Баяндамада профессор Тимур Кожаоглу Мағжанды ағылшын тіліне әлем танысын деп
тәржімалайтынын айтып, келер екі жылда ұлы ақынның тағы 40 өлеңін аударып, кітап
шығаруға ниетті екенін білдіреді. Өз сөзін «Мағжан Жұмабаев даусыз XX ғасырдағы қазақ
поэзиясының ұлы тұлғасы болып табылады. Сондай-ақ барлық түрік халықтарының заманауи
әдебиет ақындарының ішіндегі ең көрнектісі, болашақ ұрпақ әлі де ақын шығармашылығын
тереңірек зерттеуі қажет» деген тұжырыммен тәмамдады. Ал, біз қазақ ақынын жаһандық
тілге аударып, алты құрлыққа паш еткен аудармашыға алғыс айтып, төл туындыларды жан-
тәнімен түсініп, ұлттық бояуын, болмысын сезінетін ұлттық аудармашылар көбейсе екен
дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: